«Арманы асқақ оқушы»байқауына қатысушы 5-сынып оқушысы Зарина Тұрсынбек
Таласбаева Меруерт Жалдықарақызы
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылы,
№180 «Қызылмақташы» орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Зарина Тұрсынбек –өзі кіп-кішкентай болса да, арманы таудай оқушы. Ол Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылы, №180 «Қызылмақташы» орта мектебінің 5-сынып оқушысы. Туған жері Қаратаудың бөктерінде орналасқан Қосүйеңкі ауылы. 1-сыныптан бастап осы уақытқа дейін сабақты үздік оқып келеді. Үздік оқып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.Ол елгезек, кішіпейіл, кішілерге қамқоршыл қыз. Ән айтқанды, сурет салғанды ұнатады, аздап өлең шығаратыны да бар. Мерекелік іс-шараларда ән шырқайды. Бастауыш сыныпта жазған өлең, әңгімелері аудандық «Қайнар» газетінде жарияланған. Наурызға арнап салған суреті республикалық «Айгөлек» журналында осы жылдың көктемінде жарияланды. 3-сыныпта оқып жүргенде республикалық «Кенгуру» интеллектуалдық олимпиадасына қатысып, үшінші орын алды. Аудандық «Көркем жазу» сайысының 3-орын жүлдегері. Read more