Monthly Archives: Ноябрь 2012

Сүйкімді қоян


Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы.
20 «Дидар» МДҰ тәрбиешісі
Мукатова Ж.Б.

Сүйкімді қоян

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті: Айналамен таныстыру және экология

Аталған сабақтың білімділік мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызушылық туғызу.

Балалардың аңдар туралы білімдерін пысықтау (түр- түсі, қоршаған ортаға биімділігі) т.б.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларды табиғатты сүюге, қорғауға, жабайы жануарларға камқорлық жасауға тәрбиелеу.

Read more

Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдісін дамыту


Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы.
20 «Дидар» мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі
Мукатова Ж.Б.

Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдісін дамыту

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік еркешелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтылығына ықпал ету қажет. Сондай — ақ отбасының сұранысы мен талап – тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата — анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

Read more

Қарлы ханым


Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы.
20 «Дидар» мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі
Мукатова Ж.Б.

Қарлы ханым
Білім саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған

                         іс-әрекеті: математика, айналамен таныстыру және экология, құрастыру.
Мақсаты: Аталған тақырыппен өткізілген кіріктірілген сабақтын мақсаты математиканы мектепке дейінгі балаларға белгіленгендей сан, есеп, көлем, кеңістік, уақыт, пішін деп бөлінген 5 тармағын негізге ала отырып пәндердің (құрастыру, айналамен таныстыру және экология) байланысқан көмек арқылы балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру, елестету және қиял болжамдарын дамытып «Бауырсақ», «Қызыл телпек», «Буратино», «Аққала», «Алтын балық», «Шалқан», «Қарлы ханым» кейіпкерлерімен ертегілер еліне саяхат шытырман жолдан шығу арқылы баланын танымын дамытуға нығайтуға ықпал жасау.

Read more