Monthly Archives: Ноябрь 2012

ТШО – ның Қазақстандағы орны Таңдау курсының бағдарламасы


Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай орта мектебі
Қожырақова Зарифа Қырымқызы
География пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі

9 сынып

Бейінді оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.

Бейінді оқытуды енгізудің мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады. 

Read more

Деңгейлік тапсырма 6-7 сынып


Атырау облысы, Махамбет ауданы
Ақтоғай орта мектебі

Қожырақова Зарифа Қырымқызы

География пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі

6 сынып

«Кіріспе» тақырыбына арналған диктант

1- Нұсқа

1. География ғылымының дамыған жері………………

2. География……….сөзі

3. География……… деген мағынаны білдіреді.

Read more

Қазіргі заман мұғалімі


Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай орта мектебі
Қожырақова Зарифа Қырымқызы
География пәнінің жоғарғы
санатты мұғалімі

Қазіргі заман мұғалімі.

( эссе )

Ұстаз. Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып,толғандырып келе жатқан,қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны.Себебі әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем.Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде.

Read more

Түлкі мен тиін


Ақтөбе облысы
6 Хромтау гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі:
Кысырауова Шынар Андебековна
Пәні:ана тілі
2 класс

Тақырыбы. Түлкі мен тиін.

Мақсаты:1. Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта

білуге, өлеңдегі негізгі идеяны айта білуге үйрету.

2. Ой-өрісін, танымын, өздігінен жұмыс істей білу қабілетін

дамыту.

3. Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Read more

Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта мектеп ,11 сынып оқушысы
Әбдімұрат Айкен Ғабдоллақызы

Секция: физика
Орындаушы: 11 сынып оқушысы Әбдімұрат Айкен Ғабдоллақызы
Жетекшісі: Жалғасбай Роза, физика пән мұғалімі
Аннотация
Жұмыстың өзектілігі.

Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау проблемасы өте өткір мәселеге айналып отыр. қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі – атмосфералық ауаның ластануы қазіргі кезеңде адам денсаулығына, ауқымды және аймақтық климаттық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізуде.

Read more

МҰНАЙШЫ МҰРАТЫ


Қарамырза Болат Қонысұлы
Атырау политехникалық колледжінің

оқытушысы

Атырау политехникалық колледжінде болашақ өндіріс мамандарын даярлау барысында тәрбиелік шаралар өткізуге тұрақты көңіл бөлініп отырылады. Осындай шаралар аясында жуырда аталмыш колледжде қазақ мұнайы тарихындағы атақты бұрғышылардың бірі, мұнай инженері Байзақов Төлегенмен кездесу болып өтті. Т.Байзақов мұнай саласының білгір маманы ғана емес, осы саладағы білікті басшы ретінде де облыс жұртшылығына танымал тұлға. Осы жердің туып-өскен оның абыройлы еңбегі туралы мақалалар жергілікті ақпарат құралдарында ғана емес, еліміздің бас газеті "Егемен Қазақстанда" да жарияланған. Қызметінің соңғы жылдарында "Мәтен" ЖШС бас директор боп қызмет атқарған. Өндірістегі еңбек өтілі жарты ғасырдан асып кеткен ардагер бүгінде зейнеткерлік құрметті демалыста болса да өндірістен қол үзбеген.

Read more

Тәуелсіз ел – Қазақстан Независимая страна – Казахстан


Қарағанды коммерциялық колледжі жеке меншік мекемесі
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
БАЙМАҒАНБЕТОВА ТҰРСЫН МҰҚАНҚЫЗЫ 

Тәуелсіз ел – Қазақстан
Н
езависимая страна – Казахстан

(Тихо звучит музыка, на сцене никого нет)

1.Вед: Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген,

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген.

Бойтұмарғып ар ождан қазынасын,

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.

 

Біз қазақпыз қастерлеген баба салтын,

Аман бол айналайын дана халқым.

Күн туса атқа қонам бір сен үшін,

Міне, жаным, міне қаным, міне антым.

Read more

« Older Entries