Жеке тұлғаны қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің ролі
Мусағалиева Гүлжан Имантайқызы
Ж.Қаражігітов атындағы №16 орта мектеп
I санатты бастауыш сынып мұғалімі
Жеке тұлғаны қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің ролі
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.
«Өзін-өзі тану» оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге,қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарын анықтауына,өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Сабақ барысында оқушылардың бір-біріне деген алақан жылуын беру арқылы бір-біріне ақ жүрекпен айтқан тілектері, арман тілегін айта отырып, өзіндік «менін» қалыптастыру, бойындағы күш қуатын жақсылыққа бағыттау, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі — «өзін-өзі» танудағы игі нәтижелер екені анық.