Monthly Archives: Ноябрь 2012

Арманы асқақ оқушы Қажыкен Назым – 7-сынып


Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Сегізбай ауылы КММ«Тасбұлақ орта мектебі»  
Игисинова Альмира Мұратқызы  Тарих пәнінің мұғалімі

Арманы асқақ оқушы Қажыкен Назым – 7-сыныптың үздік оқушысы. Бастауыш сыныптан бастап Назым өзін жақсы жағынан көрсетіп келеді. Жүрегі кең, пейілі таза, көңілі ақ Назым қазір де мектебіміздің бетке ұстар, үлгілі оқушысы. Назым кішкентайынан өте қағылез, ұғымтал зерек болды. Өзінің білімі мен қатар өнерлі екенін де көрсетті. Ән айтып, би билегенді жақсы көреді. Мектепішілік жарыстарға, аудандық «Жауқазын» фестиваліне қатысып жүр. Мектептегі әр түрлі кештерге, іс-шараларға белсене араласады. Айтулы даталарға арналған концерттерде Назым өзінің әнімен, биімен көрермендердің көңілін жаулап алады.
Read more

«Арманы асқақ оқушы» байқауына қатысушы Сванкушуков Бекнұр


Шығыс Қазақстан облысы  Үржар ауданы Сегізбай селосы Тасбұлақ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Кабиева Гаухар Кажикеновна

«Арманы асқақ оқушы» байқауына қатысушы Сванкушуков Бекнұр

Бастауыш сынып – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан да бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі болады. Дегенмен әр баланың әр нәрсеге бейімі болады. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Осыған орай мен өз 3 – сыныбымдағы Сванкушуков Бекнұр жайында айтқым келеді.Ол бірінші сыныпта – ақ өзінің ерекше бала екенін байқатты. Ол өте таза, ұқыпты, тәртіпті оқушы. Әр сабаққа тыңғылықты, өте мұқият, тиянақты әзірленеді. 2 – сыныптан бастап Бекнұрдың қызығушылығы, логикалық ойлауы ерекше екенін аңғардым.Ол суретке әңгіме құрағанда, шығарма жазғанда өте мазмұнды, мәнді етіп жазады. Сол оқиғаның ішіне өзі де кіріп кетеді.

Read more

Республикалық басылымның жаңа келбеті


Құрметті оқырман. Республикалық басылымның жаңа саны жасалып, жаңа форматта жасала бастады. Газетімізде тақырыптық рубрикалар және ұстаздарға ақпарат беретін материалдар жарияланып отыратын болады. Мысалы: Республикалық басылым жанашыры деп білім мекемелері басшыларын таныстырсақ, мектептегі бір мезет айдарында мектеп өмірінің жаңалықтары жарияланады. Республикалық басылым жаңалықтарымен әруақытта бірге болыңыздар.

Республикалық басылымның № 23 нөмірін жүктеп алып оқып көріңіздер. Газет Ұстаздардың шығармашылық өнімі болғандықтан жаңа нөмірге жарияланатын материалдар туралы ұсыныстар күтеміз.

Жүктеп алу үшін:    https://docs.google.com/open?id=0B9y3N-4OX_BNUHlJM0tnd2FjLTg

Интернеттен оқу үшін:    http://snack.to/fzc3qucz