Monthly Archives: Ноябрь 2012

«45minut.kz» білім ордаларынан тілшілер іздейді»


Abai.KZ ақпараттық порталы.
http://abai.kz/content/izgilik-nagiev-45minutkz-bilim-ordalarynan-tilshiler-izdeidi

Біраз уақыт бұрын Қазақстанның ақпарат саласы тағы бір басылыммен  толыққан болатын. «45minut.kz» деп аталатын республикалық газеттің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында басылымның бас редакторы Ізгілік Нағиевпен сұхбаттастық. Сұхбат барысында бас редактор мырза бізге «45minut.kz» газетінің электронды нұсқасы да болатынын, электронды нұсқаның оқытушымен, оқушымен, ата-анамен тікелей байланыстағы желіге айналатындығын  әңгімелеп берді.

  • «45minut.kz» газетінің мақсаты қандай? Газет басылым ретінде нені көздейді?

«45minut.kz»республикалық газетінің жарыққа шығудағы мақсаты — еліміздің түкпір-түкпірлеріндегі білім ордалары мен ондағы мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа таныстыру, мектепаралық және мұғалімдер арасын байланыстыратын платформа қалыптастыру. Қалыптасқан платформа арқылы бүгінгі білім саласының өзекті проблемасына айналып жүрген  республикамыздың орталықтары (қалалар) мен шалғай аймақтарындағы (ауылдар) білім деңгейінің сәйкессіздігін азайтуды көздеп отырмыз. Мәселен, сабақ өтудің тиімді тәсілін ойлап тапқан мұғалім өз жаңалығын біздің газет арқылы, немесе газеттің сайты арқылы басқа өңірдегі мектеп мұғалімімен жылдам бөлісе алады. Бүгінге дейін қала мен ауыл мектебі арасындағы білім деңгейінің алшақтығы ақпарат алмасу мүмкіндігінің жоқтығынан, мұғалімдердің бір-бірінің тәжірибесінен бейхабар болуынан деп түсінеміз.  «45minut.kz» республикалық газеті осы олқылықтың орнын толтыруды мойнына алып отыр.
Read more