Аңыз күйлермен жұмыс жасау
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Қазанғап атындағы Саз мектебінің
Домбыра класының мұғалімі
Ауашова Ақбөпе
Сабақтың тақырыбы: Аңыз күйлермен жұмыс жасау.
Сабақтың мақсаты: Домбырада аңыз күйлерді орындай білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Аңыз күйлердің шығу тарихымен таныстыра отырып, күй туралы теориялық білім беру.
Тәрбиелік: Күйдің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнерді құрметтеуге, бабалар мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Күйлерді тыңдата отырып, есту қабілеті мен күйге деген қызығушылығын ояту, әдебиет пәнімен, этнографиямен байланысын арттыру.