Monthly Archives: Октябрь 2012

"Мектептегі бір мезет" интернет конкурс туралы


Республика көлемінде білім мекемелерінің қызметін таныту, білім мекемесі беделін, ұстаздар ұжымын, оқушылардың шығармашылығын таныту мақсатында "Мектептегі бір мезет" интернет конкурсы ұйымдастырылды. Интернет конкурс уақыты шектеусіз.

Интернет конкурсқа қатысушы білім мекемелері арасында тұрақты түрде апталық, айлық үздіктер анықталып отырады. Жеңімпаз білім мекемесі туралы Республикалық 45minut.kz басылымында танытымдық материал тегін  жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін: Білім мекемесі туралы мақала, фотосуреттер, видео материалдар http://www.45minut.kz сайтында тиісті бөлімде жариялануы керек. Материалдардың берілу формасы және жарнамасына шектеу болмайды.

Алтын күз (слайд №1)


Әдістемелік кеңес : орыс сыныптарында
Ақмола облысы Бурабай ауданы ,
Щучинск қаласы
8 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Хасенова Дана Қойшыбайқызы

(6-сынып)
Сабақтың тақырыбы :
Алтын күз (слайд №1)

Сабақтың мақсаты :
1 . Білімділік : Оқушылардың жыл мезгілдері туралы оның ішінде күз туралы білімдерін жетілдіру, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіру .
2.Дамытушылық : Ойлау ,есте сақтау ,есту , көру сезімдерін жетілдіру , сөздік қорларын молайту , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру .
3.Тәрбиелік : Күз туралы әңгімелей отырып, оқушының бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті ояту .

Read more

«Ана» деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр — көктем


Калиева Сания Еркинкызы
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши селосы
Қожабай Жазықов атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі.
«Жас Дарын» ғылыми қоғамының жетекшісі

«Ана» деп көркем жыр төккен,

Армысың, ару, нұр — көктем.

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналармен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Read more

9.6.. Кирхгоф ережелері 9.7. Токтың жұмысы мен қуаты


Алматы облыстық Ш.Смғұлов атындағы
мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі
Байтұрсын Нұрай

Сабақ жоспары
Сыныбы: 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: 9.6.. Кирхгоф ережелері 9.7. Токтың жұмысы мен қуаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кирхгоф заңының мазмұнын түсіне білу Кирхгоф ережелерін практикада және есептер шығару барысында қолдана білу.
Дамытушылық: Өтілген тақарыптағы материалдарды пайдалана отырып, есептер шығара білуге және практикалық жұмыстарда қолданып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету.

Тәрбиелілік: Сабақ барысында балаларды пәнге қызығушылықтарын арттырып, ғылым-білімге ұмтылысын оятып, тәртіпті, мадениетті болуға баулу.

Read more

Шешендік сөздер модулі бойынша нәтиже сабақ


Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Ембі қаласы №2 орта мектеп.

(10 орыс класы)
Өткізген :Э.М.Курантаева

2012-2013 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы:Шешендік сөздер модулі бойынша нәтиже сабақ .

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Шешендік өнер туралы алған білім — дағдыларын бекіту, ойларын ортаға салып қорытындылау;

2. Дамытушылық: Шешендік сөздерді оқыта отырып, оқушы бойына көркем, әдеби сөйлеу өнерін дамыту, шығармашылық ізденістерін арттыру;

3. Тәрбиелік: Шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу және туған елінің тарихын, әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Read more

Еркін түсу. Еркін түсу үдеуі


Ақтөбе облыстық мамандандырылған
физика математикалық мектеп интернаты
физика пәнінің мұғалімі
Доскеева Ақгүл Мұстафақызы

9 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: Еркін түсу. Еркін түсу үдеуі.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Дененің еркін құлауын және оның заңдылықтарымен танысу. Вертикаль төмен немесе жоғары лақтырылған денелердің қозғалысын қарастыру. Еркін түскен денелер үшін негізгі формулаларды қорыту. Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, еркін түсу үдеуін Xplorer GLX құрылғысымен тексеру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өздерін ойландыруға, өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденіп, жұмыс істеуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.

Тәрбиелік мақсаты: топпен, жұмыспен жұмыс жасай отырып сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру және ұштай білу, топтарда, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

Read more

« Older Entries