Мен — Қазақстан азаматымын


Нұрашева Гүлмира Жоламанқызы
Атырау облысы. Исатай ауданы

№9 Құлыншақ балабақшасының
І санатты тәрбиешісі.

Сабақтың аты: Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: «Мен — Қазақстан азаматымын»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының азаматы болу үшін қажетті құжаттардың болуы керектігін түсіндіру.

Дамытушылығы: Қазақстан Республикасы азаматын басқа республика азаматтарынан ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілігі: Балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ жеріне оның табиғаты мен байлығын қорғауға үйрету.

Көрнекіліктер: Қазақстан картасы. Құжаттар – тууы туралы куәлік, жеке бас куәлігі, төлқұжат, өзбек, украйн, қытай төлқұжаттары

 

Сабақтың барысы

І. «Ой қозғау»

1. Ән ұран: «Менің Қазақстаным»

 

2. Шаттық шеңбері: Біздің топта балалар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық сыйлаймыз.

 

ІІ. Мән- мағынаны ажырату. 1.«Дұрыс жауабын тап» ойыны.

 

Ойын шарты: Балалар 4 топқа бөлініп отырады. Әр топ алдында Қазақстан картасының бөліктеріне сұрақтар жазылған. Тәрбиеші сұрақтард оқып, 3 жауабын айтады, балалар өзара пікірлесіп дұрыс жауабын айтады, да тақтаға жапсырады. 4 топ сұраққа толық жауап бергенде тақтада Қазақстан картасының бейнесі шығады.

 

І топ сұрағы:

Қазақстан Республикасын кім басқарады?

а) Әкім

б) Депутат

в) Елбасы

 

ІІ топ сұрағы:

Қ.Р ұлттық ақшасы қалай аталады?

а) Юань

б) Теңге

в) Доллар

 

ІІІ топ сұрағы:

Батырларымыз Исатай мен Махамбет ескерткіші қай қалада орналасқан?

а) Атырау

б) Ақтау

в) Орал

ІҮ топ сұрағы:

Биыл Тәуелсіздіктің неше

жылдығын тойлаймыз?

а) 10

б) 15

в) 20

 

2. Қазақстан картасына саяхат.

Балалар ,сендердің дұрыс жауаптарыңнан Қазақстан картасы шықты. Міне, қараңдаршы біздің Қазақстан жері кең байтақ, қалалары көп, байлығы мол. Қалай ойлайсыңдар. Қазақстанда тек қазақтар тұра ма?

Ия, Қазақстан көп ұлтты ел. Олар бір- бірімен тату, дос. Ал осы ұлттардың барлығын Қазақстан азаматы деп атаймыз. Әрбір елдің азаматтығын танытатын құжаттары болады.

3. Құжаттармен таныстыру:Міне балалар, біздер Қазақстан Республикасының азаматы екенімізді мына құжаттар арқылы білеміз.

 

Туу туралы куәлік – дүниеге келгенде берілетін алғашқы құжат. Бұл құжат сендердің барлықтарыңда бар. Сендер осы куәлік арқылы Қазақстанның болашақ ұрпақтары болып таныласыңдар.

Жеке бас куәлігі — 17 жасқа толғанда

жеке бас куәлігі беріледі. Бұл құжатпен тек қана Қазақстанның жерінде, қалаларында жүре аламыз.

 

Төлқұжат - шет елдерге қыдырып, іс-сапарлармен баратын болсақ, міне мынадай құжат болуы керек.

 

Төлқұжатқа сипаттама беріліп, украин, өзбек, қытай халқының төл құжаттарын көрсетіп салыстыру. Әр елдің төл құжатының сыртында өздерінің елтаңбасы немесе туы бейнеленген.

 

4. Ойын. «Қай елдің құжаты»

Мақсаты: есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.

Шарты: Әр топқа бір ұлттың төлқұжаттан беріп, қай елдің құжаты екенін айтқызу.

 

ІІІ. Ой толғаныс: ВЕНН диаграммасы

Міне, балалар біз бүгінгі сабағымыз арқылы Қазақстан Республикасының рәміздерін, құжаттарын, тілін басқа халықтардан ажырата алатын болдық.

Олай болса, егемендігімізді танытатын Ту мен Елтаңбамызды салыстырмалы сипаттайық. Ту Елтаңба

Тік төрт

бұрышты, күн, қыран құс, ою…

Дөңгелек, пырақ ат, жұлдыз, шаңырақ, «Қазақстан» сөзі…

 

Міне, осы Елтаңбамызды, Туымызды, Әнұранымызды мойнымыздағы бойтұмардай сақтап, қорғауымыз керек. Біз өз еліміз Қазақстанда бақытты да, тыныш өмір сүріп жатырмыз. Сабағымызды қорыта келе үйге мынадай тапсырма беремін. Мына гүл күлтешелеріне «Мен бақытты баламын,

«өйткені …» деген сөйлемді ата-аналарыңмен бірігіп аяқтап келесіңдер

Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s