Monthly Archives: Октябрь 2012

Ядролық қарусыз әлем – Қазақстанның жаһандық миссиясы


Материали за 8-а международна научна практична конференция,
«Научният потенциал на света», 17 — 25 септември 2012 г.
40-47 стр.
Право /7.Экологическое, земельное и аграрное право.
Оқытушы, құқық магистрі Омар Б.М
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Қазақстан

Ядролық қауіпсіздік жарты ғасырдан астам  уақыт бойы әлем назарында екені баршамызға мәлім. Көп жылдар оның шешімін іздестіруге әлем жұртшылығы қатысып келген. «Қырғи қабақ» соғыс  кезіндегі бәсекелестікте бес алып мемлекеттің қолында бүкіл адамзатты  жоюға шамалы қару қорлары шоғырланған. Тек ядролық сынақтардың өзі  өмірге шексіз қауіп төндіргені белгілі. Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ халқындай азап шеккен бірде-бір  халық болмағанын айтсақ артық болмас. Аты шулы Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық сынақтардың  ¼-ін құраған, ал қауқары жағынан  Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері жобалайды. КСРО-ның ядролық зобалаңынан 1 млн. қазақ халқы шейіт болып, осы күндері 0,5 млн адам неше түрлі ауру-сырқатқа шалдығуда. Туылған сәбилер арасында адам көрмеген, естімеген, ойламаған хайуан сияқтылары да кездесуде.

Read more

Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оны құраушы факторлар


Materialy VIII mezinarodni vědecko — prakticka konference
«Aktualni vymoženosti vědy — 2012»
. Наука: теория и практика07-15.09.2012. 30-35 стр.
Право /7.Экологическое, земельное и аграрное право.
Оқытушы, құқық магистрі Омар Б.М
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет. Қазақстан

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қьмбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп, -атап көрсетілген. Сонымен қатар, мемлекеттің ең қымбат қазынасы «Адамның» асыл құқықтарының бірі — қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығы. Оны Конституцияның 31-бабымен дәлелдеуге болады: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» [1,13].

Read more

Қазақстан Республикасында заңгерлер одағын құрудың құқықтық негіздері


Materialy VIII mezinarodni vědecko — prakticka konference
«Aktualni vymoženosti vědy — 2012»
. Наука: теория и практика07-15.09.2012. 9-15 стр.
Право /1.История государства и права.
Оқытушы, құқық магистрі Омар Б.М
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет. Қазақстан

Еліміз егемендігін алған 20 жылдың ішінде дүние жүзіне демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде танылғаны, сонымен бірге, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, көптеген беделді халықаралық одақтардың тең мүшесі болып табылатыны баршаға аян. Қазақстан Республикасы — тәуелсіздікке жеткен алғашқы күндерінен бастап, өзінің құқықтық жүйесін белсенді қалыптастырып келе жатқан мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан барлық мемлекеттермен терезесі тең ел бола отырып, көптеген жұрт таныған халықаралық шарттарды ратификациялады. Осындай игі қадамдарды жүзеге асыруда халықаралық құқық нормаларын, олардың жалпы жұрт мойындаған қағидаларын әділетті түрде жүзеге асыруда Парламенттің, құқық қорғау органдарының, сот жүйесінің қызметі ерекше. Өйткені, Қазақстан Конституциялық құрылымы жөнінен құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің басты белгісі адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін істелетін игілікті істердің барлығы дерлік құқық, заң нормаларымен реттелетіндігінде [1, 3].

Read more

Ядролық қарусыз әлем құру-Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі


VIІI Международной научно-практической конференции.
«Актуальные проблемы современных наук — 2012» Польша.–07.15.06.2012. 3-10 стр.
(Materiały VIII Międzynarodowej naukowi-praktycznej konferencji
«Aktualne problemy nowoczesnych nauk — 2012»)  
Право /1.История государства и права.
Оқытушы, құқық магистрі Омар Б.М
Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет

Қазақстан     
Ядролық қарусыз әлем құру-Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі
XXІ  ғасыр  адам  баласының  жаһандану  кезеңіне  аяқ  басып,  әлемді жаңарту бағытында көптеген ғылыми  өзгерістерімен таңдандыруда. XX ғасырдың 40-жылдарынан бастау алған  ядролық қарудың негізі  адамзат қоғамының  қауіпті дертіне айналып,  «ядролық қару» бағыттары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Ядролық қарудан бастарту мәселесі – барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден-ақ өзінің татулық пен келісім салтанат құратын бейбіт мемлекет құруды ниет етіп отырғандығын танытқан болатын. Оның дәлелі ретінде мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартты. Сондай-ақ мемлекетіміз әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл  әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи оқиға болатын.

Read more

Шырша шырақтары


Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
№201 отра мектептің мектеп алды даярлық тобының сабақ үлгісі
Скендирова Лиза Серикбаевнадан

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Еңбекке баулу
Тақырыбы: Шырша шырақтары
Мақсаты: Балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру,қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен мөлшерлей білуге дағдыландыру, тіл байлығын дамыту, өзінің жұмыс орнын ұқыпты жинап қоюға баулу.
Көрнекілігі: слайдттар,шырша макеті , ойыншықтар

Read more

Жазбаша көбейту және бір таңбалы санға бөлу тәсілдері


Хамитжанова Бағила Амангельдиевна
Астана қаласы68 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бір таңбалы санға бөлу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:
1.Бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау арқылы оқушылардың білімін,біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту.
2.Оқушылардың ой-өрісін шығармашылығын дамыту,тапқырлыққа ізденімпаздыққа ,алғырлыққа,танымдылыққа баулу.Ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
3.Өз еркімен жұмыс жасай отырып,өзінің де,өзгенің де еңбегін қадірлей білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Read more

« Older Entries