Ұстазым менің ұстазым
Арал қаласындағы №260 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қошекеева Жадыра Жаңабайқызы
«Ұстазым менің ұстазым»
Күздің алғашқы айының алғашқы күні. Барлығы сәнді киініп, мектепке қарай ағылуда. Бәрінің жүзі жайдары, көңілдері көтеріңкі. Мен ғана көңілсізбін. Жаным жабырқап, жүрегім сыздап отырмын. Неге мұңаямын? Құдай қаласа, бір айдан соң өзім сағынған мектепке, шәкірттеріме қайта оралып, ең қызық та, ең қиын жұмысымды жалғастырамын ғой. Осы ой ғана маған жұбаныш. Бәлкім, ұзақ ауырып, көңілшек болып кеткен шығармын.
Read more