ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ


«ІЗДЕНУШІ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ. 2011 Ж. ШІЛДЕ-ҚАЗАН. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ. №4,5. 268-277 Б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДАҒЫ  ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Омар Бауыржан Мұсаханұлы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр оқытушысы,
Omar-1982 @E-mail.ru, Түркістан қаласы.

Сайдахмет Эльдар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы,
Eldar_86 @E-mail.ru, Түркістан қаласы.

  Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Бүгінгі күні елімізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде атап айтар болсақ,  оның, өндірістегі жарақат пен өндірістік сырқаттың азаюы бойынша жұмысты ұйымдастыру мен біздің қоғамымыздың азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда оң нәтижеге  жетіп отырғаны сөзсіз. Дегенмен де, осы еңбекті қорғау мәселесінде жұмысты ұйымдастыру бойынша белгілі бір тәжірибеге ие бола отырып, осы жұмыстарды орындау барысында орын алған кейбір проблемалар мен кемшіліктерде кездесетіні жасырын емес.  
Елімізде әйткенмен де осы қозғалып отырған маңызды мәселелердің бірі — ұйымдарда еңбек қауіпсіздігімен және еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар мен басшыларды оқыту және олардың білімін көтеру және тексеру болып отыр. Жалпы алғанда, біздің еліміздегі «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңына сәйкес, жан-жақты қадағаланып отырылады. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің басшылығына сәйкес, білімін тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның, атап айтар болсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың аумақтық департаментінің емтихан комиссиясымен жүргізіледі. Негізінен өндіріс ұйымдарының басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемінде үш жылда бір рет тиісті жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті [1. 5-6].
Қазіргі таңда, сондай-ақ «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру» мемлекеттік стандарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті. Тұрақты әрекет етуші ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерін аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдардың жанындағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындайтын мамандандырылған орталықтарда және еңбекті қорғау кафедрасы бар жоғары оқу орындары мен мекемелерде оқыту және біліктілігін арттырумен білімін тексеруді жүргізу аса орынды болмақ. Олай болса, бұл мәселені шешуге тиісті кәсіподақтармен бірлесіп экономиканың салаларын басқаруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың тікелей қатысып шешу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаумен қамтамасыз ету Бағдарламасы әзірленіп бекітілген болатын.
Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының екі тармағына тоқталып өтер болсақ, бұл еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау және еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіру аса қажет болып отыр.
Үкімет Бағдарламасы ОН5А5 -18001 халықаралық стандартына сәйкес Қазақстанның кәсіпорындарына ЕҚБЖ енгізуді ұсынады [2. 10-11].
Қазіргі таңда, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат жан-жақты өзгертілген. Ол бағыттары мынадай:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізуге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;
11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін таратуға;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
Негізінен жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешендi бағалау, өндiрiстiк жарақаттануды азайту және өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау мониторингін ұйымдастырады. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының Үкiметiнгің заңнамасына сәйкес, уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады [3. 3-4].
Мемлекет өзінің азаматтарының еңбегін қорғауға  құқықты кепілдейді. Ең басты кепілдік қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірісте еңбекті қорғаудың жоспарлы түрде үздіксіз, тұрақты түрде жақсаруы тиіс екендігінен көрініс табады. Еңбек жағдайы өзінің ең кең мағынасында еңбек процесіндегі адамның жұмыс істеу қабілеті мен саулығына әсер ететін факторлардың,  яғни сыртқы күштердің жиынтығы болып табылады. еңбек жағдайының терминін қолдануда оған әртүрлі мағына беріледі. Шын мәнінде адамға, оның денсаулығы мен еңбек қабілеттілігіне әсер ететін факторлар өте көп. Әлеуметтік-экономикалық факторлар   еңбеккерлердің   бүкіл   қоғамдағы   жағдайын   анықтайды.   Олар   Қазақстан Республикасының Конституциясында, мамандардың еңбекақысын, дайындау және қайта дайындау мәселелерін, жалпы заңда   әлеуметтік   игіліктер   мен   кепілдіктерді   реттейтін   еңбек   заңдарында   орын   табады. Мемлекеттің нормативті-құқықтық актілері бір ауысымдағы жұмыс уақыты ұзақтығын, санитарлық нормалар мен ережелерді, зейнеткерлік және жасөспірім жастағылардың, жүктілік пен босану жеңілдіктерін, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер және басқа да еңбек қатынастарына байланысты толып жатқан мәселелерді қарастыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасы Конситуциясы мен Қазақстан Республикасы еңбек туралы» Заңы және ҚР «Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы заңы» т.б. басқа да еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған арнайы нормативтік-құқықтық актілер қолданылады.
Қазақстан Республикасы статистика бойынша агенттігінің мәліметтері бойынша республикамызда 2004 жылы еңбек етумен байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккен 3395 адам тіркелді. Мұндағы әйелдердің үлесі 17,6 пайыз, 0,2 пайызы 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер екен. Бұдан 188 адам топтық жазатайым оқиғалардан, 291 адам кәсіби аурулардан, 41 адам уланудан зардап шеккен.
Республика бойынша (1000 адамға шаққандағы жарақат алғандардың саны) орта есеппен жарақаттану коэффициенті 1,073 адамды құраған. Бұл көрсеткіш төменде көрсетілген.
Республика бойынша 2005 жылғы орта есеппен жарақаттану коэффициентінің статистикалық мәліметі:

Жарақаттану     1,073
Тау-кен өнеркәсібі    2,965
Металл емес минералдық өнімдерді өндіру    2,955
Машина және құрал жабдық өндірісі    2,837
Химия өнеркәсібі    4,532
Жазатайым оқиғадан қайтыс болғандар    294
Әйелдер    19
Жасөспірім    1

2009 жылы ең жиі кездескен кәсіби аурулар: кәсіби бронхит (102 адам), омыртқа аралық дисктердің зақымдануы (62 адам), бейорганикалық заттардың уландыратын әсері (54 адам), қолдың вегетативті-сенсорлық (ангиневроз) полиневрапатия (42 адам) [4. 18-19].
Міне біздің экономикамызды «тұрақты экономикалық өсуге» жеткізуге тиісті өндіріс саласындағы еңбеккерлердің күнделікті өмірі осындай. Жүмыс орнында қаза болу дегеннің өзі Қазақстан Республикасы «Еңбекті қорғау туралы» заңының бұзылу дәрежесінің жоғарылығын көрсетеді. Содай-ақ келешекте еңбек қатынастарындағы қауіпсіздікке кепілдік беруге тиісті «Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңындағы әйелдер мен он сегізге дейінгі жас еңбеккерлердің қауіпсідігін қорғауды талап ететін бабымен қоса, осы саладағы негізгі принциптердің өзінің орындалу қатаңдығын арттыруды талап етеді. Яғни өндірістік қызметтің нәтижелеріне қарағанда адам өмірі мен денсаулығының артықшылығы, жұмыскер өміріне орны толмас зардап әкелетін өндіріс факторларының салдарының болдырмауы, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау талаптарына еңбеккерлердің еңбек жағдайына құқықтарын қорғаудағы мемлекеттің кепілдігіне бүгін де ертең де көңіл бөлінуі, яғни жоғарыда келтірілген көрсеткіштер күннен күнге төмендей беруге тиіс. Әрине бірден бәрін жою мүмкіндігі жоқекендігі бәрімізге мәлім.
Жазатайым оқиғалардағы еңбеккердің өзі кінөлі деп саналған жағдайларды айтпағанда осы оқиғалардың көпшілігі жүмыс берушінің кінәсінен болады. Көп жағдайда жұмыс қабілеті жоғары жас шамасындағы адамдар қаза болды. Дөлірек айтсақ, 2004 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша зардап шеккендердің 1439 адам білікті 30 дан 45 жасқа дейінгі бірінші ауысымда жүмыс істеген адамдар [5. 13-14].
Бүгінгі таңда ғимараттардың, ескірген машиналар мен құрал-жабдықтарың қиын күйінің ықпалы бар. Сарапшылардың бағалауы бойынша тозу деңгейі көрсеткіші қазір 50 пайызды құрайды. Бұл онсыз да жоғары апат болу және жарақат алу деңгейін жоғарылатады. Сонымен бірге жүмыс орындарындағы жұмыс берушілер тарапынан болған көптеген олқылықтардың заңи органдар назарынан тыс қалғандарын байқауға болады. Бұл соңғы жылдардағы мемлекеттік еңбек инспекторы санының аздығын, олардың қолында арнайы бақылау-өлшеу құралдарының, арнайы лабораториялардың, көліктің болмауы, олардың кәсіпорындарды тексеру ауқымын төмендетеді, яғни жылына кәсіпорындардың 11-12 пайызын ғана тексеруге мүмкіндіктері бар. Бұның бәрі өнеркәсіп саласындағы бақылауды күшейтуді, ең алдымен еңбек қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа «Қазақстан Республикасының Еңбекті қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» туралы заңның орындалуын және бекітілген мемлекеттік бақылаудың, оны үйымдастыру органдарының толық қанды жұмыс істеуіне қол жеткізуіміз керектігін көрсетеді. Ал ол мәселенің шешілуі мемлекет тарапынын жеткілікті қаржы бөлінуі мен жұмыс берушілердің еңбеккерлеріне деген «таза ниетіне» байланысты [6. 5-6].
2003 жылы республика бойынша өндірісте зардап шеккендердің саны 3402 адам болса, жазатайым оқиғалардың өнеркәсіптегі ең жоғары санын Қарағанды және Шығыс Қазақстан аймақтарында көруге болады, яғни 833 адам — жалпы республика бойынша көрсеткіштің 25 пайызы, басқаша айтсақ әрбір төртінші зардап шегуші.
Қазіргі уақытта еңбек ресурстары елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден бір факторға айналды.
Мемлекеттік инспекторлардың бақылау жұмысы негізінен еңбек заңдылығының  қатаң сақталуы мен өндірістік жарақат алудың алдын алуға бағытталған.
Міне сондықтан да тұрғылықты халықтар мен ұйымдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың арыздарын қарайды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жыл сайынға елбасымыздың халыққа арнаған жолдауының әлеуметтік блогын халық арасында түсіндіруді үздіксіз жүргізіп келеді.
Сонымен бірге, 28 сәуірде «Бүкілдүниежүзілік  еңбекті қорғау» күніне байланысты ұйымдар мен мекемелер арасында түрлі жұмыстар ұйымдастырылып отыр.
Қазіргі таңда жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары мына төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
— Жұмыс орындары орналастырылған ғимараттар өзінің құрылысы бойынша функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуге тиіс.
— Жұмыс жабдығы оның осы түріне белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, оның тиісті сақтандыру белгілері болуға және жұмыс орындарында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғаушы құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.
— Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайдан шығу жолдары бос болуға және қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.
— Жұмыс сипатына қарай қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс орындары тәуекел дәрежесі ескеріле отырып, дәлме-дәл белгіленуге және оларға бөгде адамдардың кіруін болғызбайтын (шектейтін) құрылғылармен жарақтандырылуға тиіс.
Ұйым аумағында жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары қауіпсіз жағдайларда қозғалуға тиіс.
— Қауіпті өндірістік объектілерде, яғни учаскелерде оның ішінде биіктікте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдарында және ішкі су тоғандарында жұмыстар жүргізуі үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуға тиіс.
— Жұмыс уақытында жұмыс орындары орналасқан үй-жайдағы температура, табиғи және жасанды жарық беру, сондай-ақ желдету қауіпсіз еңбек жағдайларына сәйкес болуға тиіс.
— Жұмыскерлер зиянды еңбек жағдайлары бар (шаң-тозаңдалған, газдалған және басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейін жіберілуі тиіс.
— Жұмыс орындарындағы шу және тербеліс деңгейі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болуға тиіс және еңбект қорғау жұмыстары жиі жүргізілуі аса қажет.
Егер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының шарттары талап етсе, жұмыскерлерге демалыс бөлмесі немесе тиісті демалу аймағы берілуі қажет [7. 22-23].
Жалпы алғанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында еңбек қатынастары субъектілеріне ықпал етудің экономикалық және әкімшілік шаралары енгізіліп, қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің шарттары мен тәртібі белгіленуі қажет. Бұл қызметкердің өмірі мен денсаулығына қатысты басымдықты, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуды қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда халықаралық нормалар мен талаптарды ескере отырып, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау (еңбекті қорғау жөніндегі комитеттер) енгізу көзделіп отыр. Әр ұйымда құрылатын комитеттердің құрамына жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері паритеттік негізде енуге тиіс. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқарудың жаңа жүйесін енгізу кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.
Олай болса, еңбеккерлердің экономикаға қосатын үлесі олардың еңбек ету жағдайына тікелей байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Осы орайда үкімет тарапынан жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігі жоғары болуы тиіс. Ал құқықтық қорғауды жетілдіру және оның орындалуын қамтамасыз ету шаралары бұл саладағы мемлекеттің қадамы құтты болмақ.
Олай болса, қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді бақылау міндеті жүктелген еңбекті қорғау жөніндегі маман, өз жұмыс уақытының көп бөлігін жұмыс орнында өткізіп, осы жұмыстарды ұйымдастыруға бөлімшелердің басшы¬ларына әдістемелік көмек көрсетуі аса қажет. Әрине бұл ретте, осы кәсіптің мамандарын тиісті дәрежеде дайындаған жағдайда, олардың орындайтын жұмыстарының сапасын барынша жоғарғы деңгейге көтеруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ажинурина Д. Еңбек ету бостандығы және  оны қорғаудың мәселелері: заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты /Ажинурина Д.- Алматы: б. ж., 2005
2. Азтаев Б. Государственная инспекция труда// Правовой вестник.-2002.–N32
3. Армстронг М. Практика управления человеческими ресурсами /Пер. с англ.
под ред. С. К. Мордовина.- 8-е изд.- СПб.: Питер, 2005
4. Балтабаев М. Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті // Егемен Қазақстан.
—    2005. — 28 сәуір
5. Аттестация    рабочих    мест:    Методические    рекомендации//    Охрана
труда.Практикум.-2000
6. Ашитов Б. Об объекте нарушения правил охраны труда [Текст] /Ашитов Б.//
Фемида.- 2006. – N9.-0. 7-83. Көш көлікті болсын//Егемен Қазақстан. – 2005.- 1 қыркүйек
7. Гигиена труда: Гигиенические критерии оценки и классификация условий
труда по  показателям  вредности  и  опасности  факторов  производственной
среды, тяжести и напряженности трудового процесса. Руководство Р 2.2.755-99//Охрана труда.Практикум.- 2000.-Ш.-С.2-80

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s