Қысым, әр түрлі ортада берілуі. Физика 7 сынып
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылы,
Үңгіртас орта мектебі Физика пәнінің мұғалімі Азат Сейылқан
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қысым туралы негізгі түсінік, ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтау, себебін түсіндіру, формуласын қорытып шығару.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдысын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: Жаңа білім игеру және оны алғашқы бекіту сабағы
Көрнекіліктер: 7 — сыныпқа арналған электронды оқулық, анимациялық және видео материалдар, суреттер, физикалық приборлар (зертханалық манометр, автокөлік манометрі, химиялық колба, шыны түтік, резинка түтік, тығын, насос, ағаш білеуше, губка). Read more