Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру. 1 – 4 класс (Авторлық бағдарлама)
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Білім беру бөлімі
Бастауыш сынып мұғалімі, әдіскер Кисекова Толқын Кушенқызы
Біле бер қанша білсең-тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле,біле. Ж.Баласағұн
Математика пәні бойынша факультативтік
сабақтарды ұйымдастыру. 1 – 4 класс (Авторлық бағдарлама)
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі-оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып,толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтау емес,осы материалды шығармашылықпен қолдау шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті жеке тұлға қасиеттері қалыптасады.Есеп шығару шеберлігі арқылы оқушының математикалық танымының дамуын және оның ой әрекетінің белгілі бір сапасын анықтап, дамытуға болады. Read more