Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дарынды балаларға арналған
мамандандырылған №11 облыстық қазақ мектеп- интернат кешенінің
интернат тәрбиешісі Кункашева Ақырыс Тынышқалиқызы
Қазіргі уақыттағы алма- кезек заманда өскелең ұрпаққа имандылық тәрбиесі ауадай қажет деп ойлаймын.Соңғы уақытта әр түрлі өрескел жағдайлар, адамның жаны түршігерлік оқиғалар болып жатқанын ақпарат құралдары: теледидар, радио, газет- журналдар, кітаптар, интернет арқылы көріп, оқып, білсек, тіпті бізді қоршаған өмірден көріп жүрміз.
Адамның ақылына, санасына сыймайтын осындай жағдайлар, нақтырақ айтсақ миссионерлік, секталық ұйымдардаң жастарымыздың , ұлдарымыз бен қыздарымыздың санасын улап, тура жолдан тайдырып, бұрыс жолға алдап түсіріп, өз мақсаттарына пайдаланып, исламға қара күйе жағуда. Әрине бұл жастарымыздың болашағына, еліміздің болашағына қам жейтін ата- аналарды, мұғалімдерді, тәрбиешілерді, біздің қоғамымызды ойландырмай қоймайды. Дінді жамылып, бірақ істеген істері діннен, исламнан, имандылықтан әлдеқайда алыс жатқан миссионерлік, секталық ұйымдардың жетегінде кетпесін десек, өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеп, оларға рухани адамгершіліктің: адалдық, кішіпейілділік, мейірімділік, әдептілік, арлылық, ұяттылық, ізгілік, отансүйгіштік деген сияқты құнды қасиеттерді үйретіп, бойларына сіңіріп, сонымен қатар араққұмарлық, есірткі, шылымқұмарлық деген зиянды әдеттерден жирендіріп, діни сауаттылыққа үйрету басты мақсат болып табылады. Read more