Monthly Archives: Январь 2012

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы


Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы
№ 5 орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі  Оразова Гүлзира Қазиқызы

  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы

Құрметті Ұстаздар , оқушылар  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты  сайысымызды   құрметті қонағы болыңыздар. 10-11 сыныптар арасында өтеді. Read more

Шаңырақ сайысы (Тәуелсіздіктің 20 жылдығы)


Қостанай облысы, Рудный қаласы, № 19 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Айман Қайратқызы

Тәрбие сағатының мақсаты:  Мектеп пен отбасылық ынтымақтастықты жүзеге асыру. Ата-аналармен жұмыс жүргізуде қазақ тіліне, жеріне  байланысты, олар білуге тиісті білімдерді өмірге бейімдеуде, тәлім-тарбие беруде, мектеп, мұғалім және ата-ана болып бірлесіп жұмыс атқару. Read more

«Жалпы білім беретін мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастыру»


Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы
№ 5 орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Оразова Гүлзира Қазиқызы

«Жалпы білім беретін мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастыру»

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Л.Н.Гумелев атындағы Еуразилиялық ұлттық университете 2006 жылғы 27 мамырда оқыған «Инновациялық және білім арқылы экономиканы білу » атты дәрісінде: «Әлемнің бәсекеге анағұрлым қабілетті 50 елдің қатарына Қазақстанның кіру міндеті тек мына жағдайда шешілуі мүмкін, егер оны өмірге нарықтық экономикаға бейімделе алатын, басқару тәжірибелері бар, ғылыми технологиялар білімін игерген жоғары білікті мамандар ендіретін болса» , деп атап өтті. Read more

Ұстаздарға арналған Республикалық «45minut.kz» сайтының газеті


Қадірлі ұстаздар!   Ұстаздар қауымының шығармашылық және ғылыми еңбектерін, ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатында республикалық «45minutkz» сайтының газетін шығару жоспарланып отыр.
Газетте барлық деңгейдегі ұстаздардың сабақтары, ғылыми ізденіс материалдары, республикадағы білім саласындағы жаңашылдықтар, жоғары оқу орындары мұғалімдерінің дәріс сабақтары, жаңалықтар жарияланатын болады.
Осы орайда атаулы газеттің республикамыздағы ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуларын, еңбектерін жариялауды жолға қою мақсатында атаулы газетке жазылуға ат салысуларыңызды сұраймыз.
Осы тұрғыдағы ұсыныстарыңызды [email protected] электронды поштасына жолдауларыңыз сұралады.

Тұрақты сөз тіркесі


Қостанай облысы, Рудный қаласы, №19 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Фатима Дадыбаева

Қазақ тілінен ашық сабақ жоспары

ТАҚЫРЫБЫ: Тұрақты сөз тіркесі
МАҚСАТЫ: Білімділік: Көп мағыналы сөздер туралы білімдерін кеңейту; Тұрақты сөз тіркестері ұғымын енгізіп, оның мағынасын түсіндіру.
Дамытушылық: көп мағыналы сөздерді өз беттерінше салыстыру; қорытынды жасауға үйрету. Оқушылардың дағды-
машықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
КӨРНЕКІЛІГІ: суреттер, шырша, ойыншықтар, тапсырмалар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегі кейіпкерлері тб
ТҮРІ: ойын түріндегі дәстүрден тыс сабақ
ӘДІСІ: әңгімелеу, түсіндіру, толықтыру, болжау, салыстыру,сәйкестендіру Read more

«Балапанның сыйлықтары»


Ақтөбе қаласы  МКҚК № 15 «Жидек» мектепке дейінгі ұйымының
қазақ тілі мұғалімі Тащенова Гульдар Нұрмұханқызы

Ересек топ (орыс тілде тәрбиеленетін)  балаларына
арналған қазақ тілі сабағының конспекті

Тақырыбы: «Балапанның сыйлықтары».
Сабақтың мақсаты: Қазақ тілі сабағына қызығушылықтарын арттыру және  сөздік қорын байыту. Отбасы мүшелерін және ойыншықтардың аттарын дұрыс айтуын бекіту, Мынау кім? Мынау не? Қандай? Деген сұрақтарға дұрыс жауап беру үйрету.
Меңгерілетін сөздер: жанұя, ойыншықтар, әдемі, үлкен, кішкентай, жұмсақ, сыйлық, балапан, бауырсақ т.б.
Сабақтың көрнекіліктері: ғажайып қапшық, ойыншықтар, отбасы мүшелерінің суреттері және дидактикалық ойынға, ертегі көрсетуіне арналған атрибуттар. Read more

«Ормандағы үйшік»


Ақтөбе қаласы  МКҚК № 15 «Жидек» мектепке дейінгі ұйымының
қазақ тілі мұғалімі Тащенова Гульдар Нұрмұханқызы

Даярлық тобындағы ашық сабақ конспекті

Тақырыбы:  «Ормандағы үйшік»
Мақсаты:  Балалардың сөздік қорын молайта отырып, дұрыс әрі мәнерлі сөйлеуге үйрету. Сол арқылы балаларды ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу.  Сахналық қойылым арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекі-құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер, желім, қағаз, сүлгі, табиғи материалдар. Read more

« Older Entries