Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы
М. Горький атындағы №16 орта мектептің
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
информатика пәнінің мұғалімі Нарманова Альмира Серикбаевна
«… Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,
тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» М.Жұмабаев
Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстауымыз кажет.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бірге адам санасы да жаңғыруда.Бұл құбылыс елдігі білім беру жүйесін реформалауды, кеңейтуді талап етуде. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес ұсынған гуманитарлық білім беру, тарихи сана мен азаматтардың жаңа әлеуметтік- эканомикалық мінез-құлқын қалыптастыру, этно-мәдени білім беру тұжырымдамалары нарықтық қатынастар әлеуметінің заңды талаптары. Read more