Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№3 мектеп-интернаты, биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі
Орынханова Сәуле Әуезханқызы
Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.
Оқушылардың білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі. Ол оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың білімдеріндегі олқылықтар анықталып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын мұғалім өз қалауынша тақырып, тарау бойынша құрайды. Бірақ тесттердің көмегімен оқушылардың шығармашылық дәрежесін бақылау мүмкін емес. Толық педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде тесттерді тексерудің барлық басқа түрлері мен тәжірибелік, семинар сабақтар, реферат, баяндама әзірлеу арқылы оқушылардың нақты даярлық дәрежесін көре аламыз. Read more