Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, М. Горький атындағы №16 орта мектеп,
бастауыш сынып мұғалімі Қалеке Нұрсауле
Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені айқын. Адамның белсенділігінің таиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімінің басты міндеті.
Бала белсенділігі туралы XVI-XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы әрекеттер.
(Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдары А. Дистервегтің , К.Д. Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде адам белсенділігінің мәнін методологиялық бағалаушылықпен расталады (И.В. Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов, Л.С. Выгодский, С.Л. Рубинштейн, А. Леонтьев). Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекет барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса,тұлға да сондай болады деген қорытындылар жасалынады. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше. [1] Read more