Monthly Archives: Январь 2012

Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты мақсаты


Баймұратова Кулмира Әбенқызы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің доценті
Түркістан қаласы

Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты мақсаты

Қазақстан Республикасының Конституциясында — Қазақстан Республикасы өзінің  демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет  ретінде орнықтыратыны   аталған. Бұл  еліміз  үшін  мәртебелі  мақсат.  Сондай-ақ,   Қазақстан Республикасының Конституциясының  1 – бабында:  «Қазақстан Республикасының ең  қымбат қазынасы – адам  және адамның өмірі,  құқықтары мен бостандықтары»,  — деп  баян етілген [1]. Read more

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларындағы әлеуметтің — әлеуеттік жағдайлары


Баймұратова Күлмира Әбенқызы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің доценті
Түркістан қаласы

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларындағы
әлеуметтің — әлеуеттік жағдайлары

Адамның — адам болып қалыптасуына басты себепші оның әлеуметтік ортасы болып табылады. Ал «әлеумет» деген ұғым қай кезеңде пайда болған. Біздің білетініміз, Кеңес Одағы тұсындағы «социал», «социалистік» ұғымдарының қазақшасы «әлеует», «әлеуметтік» осы сөздерді дамыта келе «әлеумет» деген ұғым қалыптасты. Ал, «әлеумет» біздің түсінігімізше қоғамдағы Президент сөзімен айтқанда қоғамдағы «әлжуаз», шыдамды, сабырлы адамдардың қауымы болса керек. Олар көп болса да, көп нәрсені сұрамайды, тек қана тіршілігіне қажетті нәрселерге көңіл аударса екен деп тілейді. Көптеген жағдайларда дұрыс көңіл бөлінбегендіктен «әлеумет» басқаша сенім – нанымдардан тірек іздей бастайды. Басқа жаққа бетбұрыс жасаса әлеуметті сендіру қиын, өйткені әлеумет деген сөздің өзі ақиқатты, шындықты көксейді, тіпті ашуланса бүлінуі мүмкін. Осыған орай, Дж.Вашингтон «…күл астында бықсыған қоламта жатыр, ол жанып, өртке айналып кетуі мүмкін» деп айтқан екен. Read more

Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік — құқықтық мемлекеттің белгісі ретінде


Баймұратова Кулмира Әбенқызы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің доценті
Түркістан қаласы.

Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік — құқықтық мемлекеттің белгісі ретінде

Тұлғаның құқығы туралы орыс либералды құқықтық ойлардың түсінігі бойынша олардың бостандықтарын қамтамасыз ету механизмінің тиімді әрекет ету проблемаларын шешуді білдіреді. Басты міндет – ресей құқғы мен тұлғалардың құқықтары мен босатндықтарын қорғау аясындадағы дәстүрдің теориялық шешімінің жандандырылу мәселелерін табу. О.Е.Кутафин тұлғаның бостандығы мен адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруді азаматтық қоғамның маңызды белгілерінің қатарына жатқызады. Тұлғаның құқық бостандығы социологиялық тұжырымдамасына сәйкес тұтастай қоғам көлемінде байыпты интеграциялануы, ынтымақтасуын анықтайды. Либерализм қоғам емес, тұлғаның өзі құқықтық тәртіп жүйесі мен құрылымын анықтайтындығын білдіреді. Бұл тұжырымдама жеке тұлғаның ісіне мемлекет тікелей араласа алмайтындығын анықтайды[1]. Read more

Жалынды жастық шақ


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы
№182 мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Пирназарова Жадыра Жадигеркызы

Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Жалынды жастық шақ (PDF)
Мақсаты:
Оқушыларға жастық шақтың адам өміріндегі  шешуші кезең екендігін сезіндіру.  Мақсаттарын дұрыс айқындауға ықпал ету.
Міндеттері: Жастық жігерді білім алуға жұмсаудың маңыздылығы туралы ұғындыру;  өздерінің табиғи икемділіктерін ескере отырып мамандық  таңдауға бағыттау;  өз жолын дұрыс таңдаған адамның болашағы жарқын, мақсаты айқын болатындығын ұғындыру;  оқушыларды өз өміріне, ойы мен сөзіне, ісі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

"Бейбітшілік – ел тілегі, Жастар оның тірегі" атты фестивальдің сценарийі


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы
№182 мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Пирназарова Жадыра Жадигеркызы

«Бейбітшілік – ел тілегі, Жастар оның тірегі»
атты фестивальдің сценарийі

      Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын сезіндіру, көпұлтты, ынтымақтастық пен бірліктің нышанындай жомарт халық екенін ұғындыру; патриоттық әндер, өлеңдер арқылы туған тілін, халқын, салт – санасын құрметтеуге тәрбиелеу, бәсекеге қабілетті егеменді елдің жастарын қалыптастыру; Read more

Кешірім мен келісім


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы
№182 мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Пирназарова Жадыра Жадигеркызы

Сабақтың тақырыбы:   Кешірім мен келісім.
Мақсаты:  Оқушылардың «достық»құндылығы және «татулық»,  «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
—    кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
—    мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, түрлі түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері, қағаздан жасалған бұлт, үнтаспа т.б. Read more

Түстер (мектепалды даярлық тобына)


Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№29 «Пальмира»
жалпы орта білім беретін мектебі» ММ.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жұмаділова Жадыра Жұмағазықызы

Күні: 23 қыркүйек 2011 жыл Сыныбы: 0 «А» (мектепалды даярлық тобы)
Сабақтың тақырыбы: Түстер
Сабақтың мақсаты: Балаларды сын есім (түс) атауымен таныстырып, жаңа сөздермен тақырыпты толықтыра түсіп, сөздік қорларын молайту, түстерді ажырата білуге дағдыландыру, тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, таныстыру, қайталау, аудару. Read more

« Older Entries