Monthly Archives: Январь 2012

ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР ТИІМДІЛІГІ


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, № 182 мектеп
директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары,
тарих пәнінің мұғалімі Ержанова Сарқыт Ордақызы

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының  8 бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби  шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу» делінген. Білім беруді дамытуда өскелең ұрпақтың мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысы болашақ мамандығының кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіруге бағытталуы тиіс.Сондықтан өмірге жан–жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, рухани – интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу , білім беру – тәрбиелеудің басты мақсаты. Бүгінгі білім мен тәрбие технологиясында «жеке тұлға» тәрбиелейтін мұғалімнің де өзіндік жеке тұлға ретінде шығармашылығының орны ерекше. Read more

Қазақстанның экономикалық дамуы


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, № 182 мектеп
директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары,
тарих пәнінің мұғалімі Ержанова Сарқыт Ордақызы

1.    Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ауылының жағдайы, патша үкіметінің отаршылдық саясатымен бірге капитализмнің ене бастауы, сауданың дамуы туралы түсінік беріледі.
Дамытушылық: Оқушылардың азаматтық сана-сезімі, танымдық қызығушылығы, белсенділігі дамытылады, патша үкіметінің отаршылдық саясаты туралы түсінігі тереңдетіледі. Read more

Ең білгір. (интеллектуалдық сайыс)


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, № 182 мектеп
директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары,
тарих пәнінің мұғалімі Ержанова Сарқыт Ордақызы

Мақсаты:
1.    Білімділік: 7 – сынып оқушыларының «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» пәні бойынша өткен тақырыптарын қайталай отырып, тарих пәнінен алған білімдерін сарапқа салу;
2.    Дамытушылық: Орта ғасырлық тарихқа оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық, зерделілік қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту;
3.     Тәрбиелілік: «Өз  тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды» , — (Н.Назарбаев) дегендей ел тарихына құрметтеушілік сезімін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу. Read more

Солтүстік Америка географиялық орны, жылу және зерттелу тарихы


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі
№170 орта мектептің география пәні мұғалімі
Кабулова Жанат Қосмырзақызы

Сабақтың тақырыбы:  Солтүстік Америка  географиялық орны, жылу және  зерттелу тарихы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Солтүстік Американың географиялық орнының ерекшелігі тарихы туралы білімдерін қалыптастыру
Дамытушылық: сызба суреттер арқылы оқушылардың көру, есте  сақтау,  қабылдау қабілеттерін дамыту көз қарасын  дүниетанымын кеңейту
  Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жауапкершілікке     тәрбиелеу пәнге деген қызығушылығын арттыру Read more

Жас қаржыгерлер


Қызылорда облысы,Қармақшы  ауданы,
Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің
математика-информатика пәні  мұғалімі
АЛМАНОВА  ГҮЛЖАН  БОЛАТБЕКҚЫЗЫ

Сіздерге   мектебімізде   «Математика  ғылымдар  патшасы» тақырыбында  мектепішілік семинарда   5-6-7 сыныптар  арасында  өткен кластан  тыс  жұмыс.
Тақырыбы: Жас қаржыгерлер
Мақсаты: Оқушылардың ауызша  есептеу қабілетін ,білім деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін,пәнге қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтау арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын дамыту. Ұқыптылыққа, байқампаздыққа  төзімділікке,  тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, еңбектенуге тәрбиелеу. Read more

ДҮНИЕТАНУ. Таскөмір


Пән: Дүниетану
Сынып: 3
Тақырыбы: Таскөмір
Мақсаты: Таскөмірді өндіру үдерісі туралы ұғым беріп, оның қасиеттері туралы мәлімет беру және көмірдің өмірдегі маңызын ұқтыру
Міндеттері:
1. Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру;
2. Өзіндік пікір айта алатындай орта құру.
3. Тақырып бойынша білім беру. Read more

МАТЕМАТИКА. 10-ға,100-ге көбейту және бөлу


Тақырыбы: 10-ға,100-ге көбейту және бөлу
Мақсаты: 340:10, 34х10 ,800:100 ,4х100 түріндегі көбейту мен бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру,көбейту кестесін бекіте түсу
Міндеттері:
1. Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру;
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыта түсу;
3. Тақырып бойынша білім беру, логикасын дамыту. Read more

« Older Entries