Интернет-ресурстар мен БАҚ (Газет, Журнал, ТВ) жауапкершілігі тең
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жөніндегі заң жобасына қол қойылды. Заңға сәйкес, Қазақстандағы интернет-ресурстары, атап айтқанда, портал, форум, блог, чат, WAP-портал, интернет-телевидениесі дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілді.
Заң бойынша қысқаша түсініктеме:
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңы.
Жарияланды: 2021.06.08 №189-190 «Казахстанская правда» газетінде
Соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
2009 жылғы 06 ақпандағы № 123-IV ҚР Конститутциялық Заңы
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бұқаралық ақпарат — тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;
2) бұқаралық ақпарат құралы — мерзiмдi баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет және басқалары) WЕВ-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi — мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио, теледидар, кино хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі WЕВ-сайтта берілген ақпарат;
15) WЕВ-сайт — Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасының арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындалған, меншік иесі жаппай тарату мақсатында ақпарат беретін электронды өкілдік бет;
БАҚ туралы заң толық мәтінін жүктеп алу: «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңы
Қосымша заң туралы ақпараттар: