Интернет ережесі
Интернетте жұмыс істеу үшін Ұстаздарға арналған ұсыныстар
- Интернетте тіркелуде жауапкершілікті болыңыз. Жеке тұлға ретіндегі статус пен ұстаз ретіндегі статусты шатастырмаңыз
-
Блогка, әлеуметтік желілерге ыңғайсыз пікірлер жазбаңыз
-
Интернет қолданудың өзіндік ережелерін қалыптастырып, сол бойынша әрекет етіңіз және оқушыларды да сол бойынша үйретіңіз
-
Жеке отырыстардың суреттері немесе басқа да ыңғайсыз суреттер жарияламаңыз
-
Интернет тәрбиелеу ортасы емес, ол техникалық ақпараттарды қолдану ортасы, сондықтан оқушыларды Интернетті сауатты пайдалануды үйретіңіз
-
Өкпе, реніш, ұрсу формасында сөздер қолданбаңыз және қолдану арқылы белгілі нәтиже болатынына үміттенбеңіз
-
Өзіңіздің жеке ережелеріңіз болсын
45minut.kz редакциясымен жұмыс істеу үшін Ұстаздарға арналған ұсыныстар
-
Сабақты белгілі форма бойынша қолданып жіберіңіз. Сол кезде суреттер де, презентациялар да барлығы жарияланады.
-
Күнделікті жүздеген сабақтар жарияланатындықтан 45minut.kz порталының алғашқы бетінен өз сабағыңызды таба алмауыңыз мүмкін. Сабағыңыз материалдар жинағында.
-
Сабақ іздеу үшін GOOGLE іздеу порталын пайдаланыңыз
-
Авторлық құқық бұзылғанын байқап, түзетуді қаласаңыз Редакция почтасына хат жіберіңіз. Тиісті шешімі қабылданады
-
Редакция қызметкерлерімен байланыс жасағанда нақты және сыпайы болыңыз. Бұл екі жақтың нервіленбей шаруаның оңынан шешілуіне әсер етеді.
-
Өтініш: Редакцияның байланыс телефондары Занят немесе Өшірулі болса ренжімеңізші. Біз байланыстамыз, уақыт және жұмыстың ретімен хабарсыз болғанымыз Сіз сияқты Ұстаздармен сөйлесудеміз. Сізге де өз кезегімен жауап береміз.
-
Ең бастысы, Сіздер Бізбен, Біз Сіздермен әрқашанда біргеміз
Сонда сабақты шығару үшін 5000 теңге, сертификат алу үшін тағы 2000-3000 теңге төлеу керек пе?
Сайтқа сабақ жариялау тегін. Сертификат әзірлену, жеткізу ақылы. Ал 5000 теңге деген ол газетке материал жариялау үшін.
Құрметті редакция мен 2 күннен бері ақша аудара алмай жүрмін . Сіздердің берген есеп шоттарыңыз «қабылданбайды» деп қайтырылуда.
Банкте юридическое лицо деп айту керек. Редакция счеты юридическое лицо деп есептеледі. Кейбір банктерде частное лицо деп таңдап қателеседі.