Менің педагогикалық Ұ С Т А Н Ы М Ы М


Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№5 Абай атындағы орта мектептің математика
пәнінің мұғалімі Айгүл Нұрғалиева Қуанышқызы

«Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны
пайдалану тәжірибемнен»

Баяндаманың презентациясын жүктеп алу: Менің педогогикалық ұстанымым. (PDF)
Тәуелсіз Қазақстанның  болашағы – жас ұрпақтың бойына ұлттық сана сезімді және заманына лайықты саналы азамат тәрбиелеу. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның міндеті  оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа баулу. Оқытуды компьютерлендіру қазіргі дидактикамен нақты әдіс-тәсілді дамыту тенденциясы ретінде қалыптастырады.

Мұқағали Мақатаев «Райымбек!, Райымбек!» поэмасы


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,  Әйтеке би кентіндегі
Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Есет Манат Мақсатқызы

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Райымбек!, Райымбек!» поэмасы
Сабақтың презентациясы:  М. Мақатаев «Райымбек!, Райымбек!» поэмасы (PDF)
Сабақтың мақсаты: А) Білімділігі:  Поэмадағы қазақ халқының бастан кешкен қиын кезеңдерінде азаттық үшін арпалысқан алып тұлға-Райымбек баба өмірі, жасаған ерліктері,  жорықтары жайлы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылығы: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге   үйрету. Read more

«Жазушы Қуаныш Жиенбайдың өмірі мен шығармашылығы»


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,  Әйтеке би кентіндегі
Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Есет Манат Мақсатқызы

Қ.Жиенбайдың ерекшелігі де – Арал адамдарының  осындай табиғи тұрпатын шынайы бере білгендігінде деп білеміз. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты белгілі жазушы Қуаныш Жиенбай 1952 жылы Арал ауданының Бөген ауылында дүниеге келген. Read more

«Тіл тағдыры – ел тағдыры»


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,  Әйтеке би кентіндегі
Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Есет Манат Мақсатқызы

Тақырыбы:  «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға  қазақ  тілі- ана  тіліміздің ерекшеліктерін,  қадір- қасиетін түсіндіру. Ана тілінің  қазіргі  кездегі  дамуындағы жетістіктер мен  кемшіліктерін  мәліметтерге  сүйеніп  пікір таластыру, өз  ойын  қорғай  білуге  үйрету.
Дамытушылық:  Ойлау, тез  шешім  қабылдай  білу  қабілеттерін  дамыту. Өз тілін дамыту.
Тәрбиелік: Тілге деген сүйіспеншілігін, тілді құрметтеп қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Пікір – талас Әдісі: Пікір алмасу, топтық сайыс.
Көрнекілігі: Ұлы адамдардың қанатты сөздері, мақал – мәтелдер. Read more

Ауызша және жазбаша көбейту мен бөлудің тиімді тәсілдерін қайталау. 4 сынып


Астана қаласы, №64 мектеп-лицей
Математика пәні мұғалімі
Байболова Сағыныш Сағындыққызы

Сабақтың тақырыбы: Ауызша және жазбаша көбейту мен бөлудің тиімді тәсілдерін қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін қорытындылау, бекіту, алған білімдерін пайдалана отырып, есептер, мысалдар, қозғалысқа байланысты есептерді шығару жолдарын жетілдіру.
2. Логикалық ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Адамгершілік қасиетін бойына дарыта білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабақ   Сабақтың әдісі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық Read more

Мәтінді кесте түрінде безендіру


Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті
№10 кәсіптік лицейінің информатика пәнінің мұғалімі
Мығымбаева Мақпал Мешітбекқызы

Сабақ тақырыбы: Мәтінді кесте түрінде безендіру
Сабақ мақсаты:
Білімділік мақсаты: 
Оқушыларға мәтінді қалай кесте етіп жазуға болатынын үйрету,  сонымен қатар оның өлшемдерін өзгертуді, жылжытуды, деректерді енгізуді, редакциялауды үйрету.
Да
мытушылық мақсаты: Оқушылардың  есте сақтау, ой-өрісін, жан-жақты ойлау қабілетін, өмірге деген көзқарасын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
:  Оқушыларды азаматтыққа, еңбек мәдениетіне, сауаттылыққа, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Саба
қтың түрі: Аралас  сабақ Read more

«Экономиканың индустриалды-инновациялық дамуы және қазіргі заманғы мамандар жүйесін дайындау басымдықтары»


Омар Бауыржан Мұсаханұлы,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы,
Omar-1982@ E-mail.ru Түркістан қаласы

«Экономиканың индустриалды-инновациялық дамуы және қазіргі заманғы мамандар жүйесін дайындау басымдықтары»  атты Халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияның материалдары. 2011  жыл. 26 қараша 2 том. 191-195 б. 0,3 б.т.

 Қазақстан Республикасындағы экологиялық саясатты құқықтық реттеу мен қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ролі
Б.М.Омар
Магистр оқытушы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік университеті

 Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың нашарлауы әлемнің барлық мемлекеттерінің одан шығу жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Содан соң, көптеген мемлекеттерде қоршаған ортаны басқаруды және қорғауды жүзеге асыратын органдар, яғни министрліктер, департаменттер мен агенттіктер құрылды. Read more

« Older Entries Recent Entries »