Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі  Төреханова Жанна

Тақырыбы :Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар

Сыныбы: 7

Пәні:Биология

Пән мұғалімі: Төреханова Жанна Болатбекқызы

Сабақтың тақырыбы: «Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жабық тұқымды өсімдіктердің қосжарнақты класы бөлімін және

оған жататын асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар туралы мағлұмат беру

Дамытушылығы: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере

отырап,оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын,жадысын,шығармашылық

қабілеттерін арттырып, сабаққа қызығушылықтарын ояту

Тәрбиелігі: Оқушыларды өз беттеріменжұмыс жасауға,тапсырылған

жұмысты мұқият орындауға,алған білімдерін іс-жүзінде қолдана  білуге

тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: слаидтар,асқабақ,қияр,орамжапырақ

Сабақ жоспары:

 1. Ұйымдастыру

 

2. Рефлексия

 

3. Үй тапсырмасын сұрау                          

 

                               4.Жаңа сабақты түсіндіру.

 

5. Артық болмас білгенің!

 

                               6.Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары

 

а) ВЕЕН диаграмасы

 

ә) Биологиялық диктант

 

б) Сергіту. Жұмбақтар

 

г) «Биологиялық почта» ойыны

 

7.Оқушыларды бағалау

 

                               5. Үйге тапсырма беру.

 

Сабақтың жүру барысы:

 

I.Ұйымдастыру

 

Рефлексия

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)

Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?

Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.

II.Үй тапсырмасын тексеру

 

Үй тапсырмасын «Бинго» ойыны арқылы сұрадым.

 

  1. Қосжарнақтылар класына қандай өсімдіктер жатады?

 

2.Қосжарнақтылар класына жалпы сипаттама

 

3.Көкнәр тұқымдастарына сипаттама

 

4.Алабота тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады,маңызы қандай?

 

5.Сексеуіл қандай өсімдік,оның қандай пайдасы бар?

 

Үй тапсырмасын сауалнама жұмысы арқылы қорытындыладым.

 

III.Жаңа сабақ

 

Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар

 

Асқабақ тұқымдастар бұлар-бақша өсімдіктері. “Бақша”парсының “шағын бақ” деген сөзінен негіз алады. Онда өсірілетін өсімдіктерді бақшада өсетін дақылдар деп есептейді. Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр-бақшада өсірілетін  қосжарнақты өсімдіктер. Қазір бақшада өсімдіктердің 900 түрі белгілі. Қазақстанда 9

 

түрі бар. Бұл өсімдіктердің көпшілігі бізге бұрыннан таныс.

 

Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері-шөптекті біржылдық өсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі яғни олар-жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша-өзгерген өркен. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік, елдерде таралған. Олар негізінен алғанда мәдени өсімдіктер.

 

Асқабақ тұқымдастар  ұзын сағақты,жай жапырақты болады.Гүлдері жапырақ қолтығында ,шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі.Көпшілігі дара жынысты,қосжыныстылары да кездеседі.

 

Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары,5 тұтасқан күлтесі бар.Аталығы 5-еу,оның 4-еуі тұтасып,екі-екіден біріккен.Бір аталығы бос тұрады.Кейде 5 аталық тұтасып,гүл ортасына бағана түзеді.Аталық тозаңдығы-имек.Аналық жатыны үш ұялы.Жемісі-қабақ.Асқабақ тұқымдастардың тұқымы көп болады.Бір тұқымды түрлері де бар мысалы,мексикалық қияр-чайот.

 

Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады.Бұлар –жемісі ірі өсімдіктер.

 

Асқабақ-ірі жемісті тағамдық,дәрілік,малазықтық және сәндік,біржылдық шөптекті өсімдік.Оның ұзындығы 5 метрге жететін жатаған сабағы болады.Бес қырлы сабағында тікенектер көп өскен,Жай жапырақтарында қарама-қарсы орналасқан мұртшалары бар.Мұртша-түрін өзгерткен өркен,жатаған сабағы нәзікболғандықтан,жан-жағында басқа өсімдікке оралуға тіпек үшін қажет.Жапырағы- ірі,тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ.Гүлі дара жынысты,бірүйлі,жапырағы қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлінің формуласы:Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0

 

Аналық гүлінің формуласы:Т(5)К(5)А0Ж(3)

Қауын-бір жылдық шөптекті өсімдік,Гүлі дара жынысты,кейде қосжынысты болады.Бунақденелер арқылы тозаңданады.Жемісі-қабақ,оның салмағы 20 килограмға дейін жетеді.Қауыннан әртүрлі тағамдық өнімдер даярланады.Жемісін тіліп,кептіріп қақ жасайды,қауынқұрт қайнатады.

Қияр-асқабақ тұқымдастарының көкөністік түрі.Гүлі қосжынысты түрі сирек кездеседі,көпшілігі даражынысты.30-жуық түрлері бар.Бұлар-қауын туыстас өсімдіктер.Жемісі-қабақ,тағамға пайдаланады

Орамжапырақгүлділер.Бұларды кейде шаршыгүлділер тұқымдасы деп атайды.

 

Олар-шөптекті және шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер.Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3000-ға жуық түрлері бар.Жапырақтары кезектесіп орналасады,бөбешік жапырақтары болмайды.Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасқандықтан,орамжапырақгүлді өсімджіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған.Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған.Тостағанша жапырағы 4,күлтесі 4-еу,аталығы 6-ау,оның 4-еуі ұзын,2-еуі қысқа,аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады.Гүлдерінің түсі ақ,сары,қызғылт,ақшыл көк түсті болып келеді.Жемісі-бұршаққын немесе бұршаққынша.

Орамжапырақ гүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы:жабайы шомырдікі-

Т2+2К4А2+4Ж(2)

Артық болмас білгенің!

 

Асқабақ пен дермене (жусанның түрі) ұрығының ұнтағынан бір-бір ас қасық алып,сол ұнтақты жарты килограмм сол ұнтақты қара мейізге қосып темір келіде жаншып,осының бас бармақтайын күніне 4 рет ішқұрты бар балаға жегізсе,бір күннің ішінде іштегі құртты айдап шығады.Сонымен қатар асқазан,ұлтабар және ішек жараларына ем үшін осы қосындыны береді.

 

Асқабақты сүтке қайнатып ас орнына жиі ішсе-бауыр,көкбауыр,қант диабеті ауруларына өте жақсы ем.Ал асқабақ сабағын суға қайнатып ішсе,несеп жүргізеді,бүйрек пен жүректің ісініп ауырғанын қайтарады.

 

IV.Бекіту

 

  1. ВЕЕН диаграмасы

 

Асқабақ пен орамжапырақтың ерекшеліктері мен ұқсастықтары

 

Асқабақ.Жемісі-қабақ,ұзын сағақты,жай жапырақты

 

Орамжапырақ. Жемісі-бұршаққын,жапырақтары кезектесіп орналасқан,бөбешік жапырақтары болмайды.

 

Ұқсастықтары:Қосжарнақты гүлді,бақша өсімдіктері

 

2.Биологиялық диктант

 

1.Асқабақ пен орамжапырақ тұқымдастар … класына жатады. (қосжарнақтылар)

 

2.Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері- … (шөптекті бір жылдық)

 

  1. …-түрін өзгерткен өркен.(мұртша)

 

  1. Қазақстанда бақша өсімдіктерінің … түрі бар.(9)

 

5.Асқабақ жемісі-… (қабақ)

 

6.Орамжапырақгүлділердің жапырақтары … орналасқан.(кезектесіп)

 

3.Сергіту. Жұмбақтар

 

1.Жерде жатып желіндейді

 

Күз түскенше желінбейді

 

Үндеместен төлдеп жатыр

 

Су беріңдер шөлдеп жатыр

 

(қауын-қарбыз)

 

2.Отыз көйлек киінген

 

Бір түйме жоқ ілінген

 

(орамжапырақ)

 

3.Сопақша көк өңі бар

 

Пайдалы,мөлдір сөлі бар

 

Піскен кезде жияр

 

Оның аты …

 

(қияр)

 

4.Іші сары,сырты қатты

 

Дәні-дәрі,дәмі-тәтті

 

Пісіріп жесең,ас-тамақ

 

Оның аты …

 

(асқабақ)

 

5.Көк лағым көгенде тұрып семірген

 

(қарбыз)

 

6.Бұл не деген көп киім

 

Жетпіс қабат көк киім

 

Түймелеуге жетпейді

 

Жаңбыр одан өтпейді

 

(Қырыққабат)

 

4.«Биологиялық почта» ойыны ойнатылды. Онда асқабақ және орамжапырақ тұқымдастардың өздеріне тән ерекшеліктері жазылды.

V.Оқушыларды бағалау

VI.Үйге тапсырма беру &25 Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар

«Бақша өсімдіктері» тақырыбына эссе жазу.

№9 зертханалық жұмыс

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s