zhanat


Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Күз ханшайымы»
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Жоспары:
1.Таныстыру.
2. “Өнерлі өрге жүзер”
(өз өнерін көрсету)
3. “Сәндік киім үлгісі”
4. “Кім жылдам?”
(әр оқушы өз шеберліктерін көрсетеді)
А)Қағаздан ою қию.
Ә)Түйме қадау.
Б)1 мин.ішінде инежіпке бисер өткізу.
5. “Білімді мыңды жығар” (сұрақ-жауап)
6. Қорытынды.
ІІ.Негізгі бөлім
Қош келдіңіз көрермен,
«Күз ханшайымы» сын-кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Көресіздер қызықтың неше түрін
Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшаларымызды ортаға шақырайық.
-Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылып,ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз-деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.

-Ендеше cайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.

№1___________________________________________________
№2___________________________________________________
№3___________________________________________________
№4___________________________________________________
№5___________________________________________________
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1.__________________________________________
2.__________________________________________
3.__________________________________________
4.__________________________________________
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты апталығымыздың «Күз ханшайымы» сайысының бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз өздерін таныстырсын.
І – бөлім.Таныстыру кезеңі
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Сынып намысын қорғамақ
Қыздар шықты ортаға -,деп сайсымыздың І-бөлімі таныстыру кезеңіне кезек береміз.
ІІ бөлім. «Өнерлі өрге жүзер»
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымзы
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
Сайыскерлеріміздің өнерлерімен танысайық.
ІІІ-бөлім. Сәндік киім үлгісі
Арулар неткен сымбатты,
Ғажайып нұрға бөленген.
Алтын күнге үн қатты
Сәнді киім түрімен,-деп сайсымыздың келесі кезеңіне келіп жеттік.
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.
Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.
Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
ІҮ-бөлім. «Кім жылдам?» (әр оқушы өз шеберліктерін көрсетеді)
Қанаттанса балапан,
Қалайша ол ұшпайды
Әр бір қыз бен әр бала,
Өнерліге ұксайды.
1 А)Қағаздан ою қию.
Ә)Түйме қадау.
Б)1 мин.ішінде инежіпке бисер өткізу.
Ү-бөлім.
Думан қызық,көрсетті топ өнерін,
Жатыр не бір айтылып сөз де керім.
Білім бұлағының кайнарынан қанып ішкен,
Көрсетшінші әр тобымыз өз өнерін
Көремендер көзайымы.
Ата – дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге,- дей келе қыздарымыз жұмыстарын даярлап болғанша, көрермендеріміздің тапқырлығын байқап көрейік.
Мақал-мәтелдерді кезегімен алып, жалғасын айтады.
1. Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)
2. Ұлға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)
3. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)
4 .Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)
5. Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)
6. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)
7. Жақсы байқап сөйлейді… (жаман шайқап сөйлейді)
8. Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)
9. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)
10.Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
11. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді).
12.Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ
Ү-бөлім.« Қас-қағым сәт»
«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.
Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, жапырақтан қымсынбай кеп,
Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен үміткерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Ендеше үміткерлеріміздің білімдерін байқайық.
№1 . Жеті қазынаны атаңыздар? /Ержігіт, сұлу әйел, берен мылтық, құмай тазы, қара қазан, жүйрік ат, қыран бүркіт /
№ 2. Күзде ғана жинап алатын емдік шөпті атаңыз?
Адыраспан, дермене, қараша.
№3. Күзгі жиын терім біткенде тойланатын той қалай аталады?
Сабан той.
№ 4.Жеті атаны атаңыз?
(Ата, әке, бала, немере,
шөбере,шөпшек, немене)
№5. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды?
(Көкпар)
№6 Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз?
Бидай, жоңышқа, сәбіз, пияз, арпа.
№7. Күзде келетін құстарды атаңыз?
Ала қарға, үйрек, көкшымшық.
№8 Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер?
(Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин)
№9. Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс.
(Әулет).
№10. Күзгі жемістерден кептіріліп дайындалатын астардың, яғни кептіріліп дайындалатын жемістерді атаңыз?
/Қауынқұрт, қақ, кепкен өрік, мейіз, жиде/

ҮІ.Қорытынды бөлім.
Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)
Марапаттау.
Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді , айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшаға лайықты, ақылды да, парасатты қыздарамызды анықтайтын кезге де келіп жеттік.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар … дей отырып, «Күз ханшайымы-2012» байқауының нағыз ханшасын жариялау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз.
Әділқазылар алқасы «Күз ханшайымы» байқауының жеңіпаздарын марапатайды.

Қымбатты көрермендер! Жеңіпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.
Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Нұрханова Жанат

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s