Шерхан Нұртаза “Жүз жылдық жара”


Сұрақтар:
1. Бейімбет Майлиннің өмірбаяны, балалық шағы
2. Б. Майлиннің ақындығы
3. Б. Майлин драмматургиясы
4. Б. Майлин прозасы

Сұрақтар:
1. Бейімбет Майлиннің өмірбаяны, балалық шағы
2. Б. Майлиннің ақындығы
3. Б. Майлин драмматургиясы
4. Б. Майлин прозасы

Сұрақтар:
1. Бейімбет Майлиннің өмірбаяны, балалық шағы
2. Б. Майлиннің ақындығы
3. Б. Майлин драмматургиясы
4. Б. Майлин прозасы

Сұрақтар:
1. Бейімбет Майлиннің өмірбаяны, балалық шағы
2. Б. Майлиннің ақындығы
3. Б. Майлин драмматургиясы
4. Б. Майлин прозасы

Сұрақтар:
1. Бейімбет Майлиннің өмірбаяны, балалық шағы
2. Б. Майлиннің ақындығы
3. Б. Майлин драмматургиясы
4. Б. Майлин прозасы

Сұрақтар:
1. Бейімбет Майлиннің өмірбаяны, балалық шағы
2. Б. Майлиннің ақындығы
3. Б. Майлин драмматургиясы
4. Б. Майлин прозасы
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Нұртаза «Жүз жылдық жара»
Сабақтың білімділік мақсаты: Шерхан Нұртазаның «Жүз жылдық жара» әңгімесін сыни тұрғыдан талқылату. Әңгіме мазмұнын меңгерту және әдебиет теориясынан алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың осы сабаққа дейінгі білетін ақпараттары мен одан кейінгі білгенін ұштастыру, жинақтау шығармашылық белсенділіктерін шыңдау.
Тәрбиелік мақсаты: Жағымды, ұнамды кейіпкерлер тағдырына ортақтаса білуге, сезімді, төзімді, қайырымды болуға және табиғатты қорғай білуге үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Диологиялық әдіс бойынша сыни тұрғыдан ойлау, талдау сабағы.
Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар-
Ол үшін оқушыларға мынадай талаптар қоямын:
1. Бір-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету;
2. Әңгімені талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету;
3. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру;
4. Әңгімедегі образдарды талдау арқылы соғыс ардагерлеріне деген құрмет
. .
сезімдерін ояту;
5. Өздерінің айтқан, жазған жауаптарына толғанып ойлануын қамтамасыз ету;
6. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту арқылы өз ойларын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.
Тақырыпты толық меңгерту үшін мынадай стратегияларды пайдаланамын:
1. Ой шақыру (3 минут);
2. Кубизм (7-8 минут);
3. Шығарманың құрылысы мен поэтикалық тіліне талдау жасау (10 минут);
4. Кейіпкерлерді суреттеу (3 минут);
5. Еркін жауап (1941-1945 жылғы Үлы Отан соғысымен байланыстыру)
(3 минут);
6. Адам мен табиғат арасындағы байланыс (5 минут);
7. Жүз жылдық жара (5 минут);
8. Бекіту, қорытынды (3 минут);
9. Үй тапсырмасын беру (2-3 минут); 10.Бағалау (3 минут);
Әр стратегияны сабақ жоспарын талдау барысында түсіндіремін Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Көрнекіліктер: плакат, сурет, кубик, бор, тақта, оқулық және т.б.


,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасамын;
2. Оқушыларды топқа бөлемін, топтың атымен таныстырамын (І топ-«Байшынар», ІІ топ-«Бақтияр», ІІІ топ-«қарағай»)
3. Оқушылардан уйге қандай тапсырма берілгенін сұрау арқылы сабақтың мақсатын анықтаймын, сабақтың мақсатымен таныстырамын:
Мұғалім: Үйге қандай тапсырма берілді? Кім айтады?
Оқушы: Шерхан Нұртазаның «Жүз жылдың жара» әңгімесін оқып,
мазмұндау
Мұғалім: Ендеше, балалар, әңгімені барлықтарыңыз оқып келген болсаңыздар, әңгіменің мазмұнын білумен қатар осы шығарма бойынша тағы қандай жұмыстар жасауға болады?
Оқушы: шығарманың құрылысын талдауға болады, кейіпкерлерге мінездеме беруге болады және Т.б.
Мұғалім: Сабақтың мақсатын толық ашып айтады ІІ. қызығушылықтарын ояту сатысы:
1. Ой шақыру
Оқушылардыщ зейінін кодоскопқа аударамын (кодоскоn тақтада ілініп тұрады)
І «Жара» деген не?
Мұғалім: Сұраққа оқушылардан жауап аламын. (Әр топ өз :жауаптарын ауызша айтып, ішіндегі ең негізгісін тақтаға :жазады) «Жара» не екенін білдік, енді шығарма неліктен жүз жылдық жара деп аталғандығын анықтаймыз. Ол үшін шығарма мазмұнын білуіміз керек. Ал сіздердің шығарманы оқығандарыңызға көз жеткізу үшін әңгіме барысынан сұрақтар қоямын. Ол үшін сабағымыздың екінші кезеңіне көшеміз.
2. Кубизм
І. топ
1. «Ақ мылтық» деп нені суреттейді?
2. Байшынардың паспорты деп нені айтады?
3. Жуанқұл қалай қиналады, неліктен?
4. Байшынар бағы қалай орналасқан?
5. Байшынарға қол салған жауыздарға ауыл адамдары қандай қарғыстар айтты?
6. Шипалы шөптердің шапағаты неде?
ІІ. топ
1. «Бақтияр» бағы неліктен күңіренеді?
2. «Байшынар» неге жалғыз қалды?
3. Халық неге сенеді?
4. Байшынар бағына қандай базар орнаған?
5. Ауыл адамдары Бақтияр бағына неліктен балта салды?
6. Майданға неше адам аттанды, олардың ішінде елге аман қайтқаны нешеу?


ІІІ. топ
1. Әңгіме қай мезгілге байланысты суреттелген?
2. Бақтияр баба бағының әсемдігі, сұлулығы неде?
3. Ахмет кім? Ол немен шұғылданады?
4. Байшынарға балта шапқандарды алғаш көрген кім боды?
5. Байшынарға балта шапқандар кімдер?
6. Байшынарға қол салушылар қандай қарулармен барды?
(Оқушылар барлық сұраққа жауап береді, әрбір топтың сұрағын келесі топ толықтырып отырады)
Мұғалім: Шығарманың мазмұнын есімізге түсірдік, әрқайсыларыңыз өз шамаларыңызша оқып келгенсіздер.
3. Шығарманың құрылысы мен поэтикалық тіліне талдау
Оқушылар шығарманың мазмұнын естеріне түсіріп, қайталап болғаннан кейін шығарманың құрылысы мен тіліне талдау жасаймыз. Оқушылар шығарманыщ мазмұнын айта отырып, оқиға жешсІН талдайды және қандай тілмен жазылғанына көңіл аударады. Бір оқушы шығып, оқиғаның өрісі мен поэтикалық тілін тақтадағы кестеге толтырады. Оқиғаның желісі 6 кезеңнен тұрады. әрбір кезеңіне жеке-жеке оқушы шығады. Тақтадағы кестені толтырып болғаннан кейін осы тапсырмамен байланыстыра отырып келесі тапсырмаға көшемІЗ.
р/с Оқиға желісі Оқиға өрісі Поэтикалық
ТІЛІ
1 Оқиға болар
алдындағы жағдай
2 Байланыс.
Оқиғаның басы
3 Байланыс.
Оқиғаның өрбуі
4 Оқиғаның
шиеленісуі
5 Оқиғаның
шарықтауы
6 Оқиғаның шешуі
4. Кейіпкерлерге мінездеме беру
Әр топтың деңгейіне сай кейіпкерлерді бөліп беремін. І топ. Жуанқұл бейнесін
ІІ топ: Дадабай, қабасақал бейнесін
ІІІ топ: Ахмет, Кенжекүл бейнесіне талдау жасайды
Оқушылар 1 минут дайындалып, қай топ дайын сол топтан бастап оқушылар жауап беруге кіріседі.


Осы кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, Ұлы Отан соғысымен байланыстырамыз.
5. Еркін жауап
Мұғалім: оқушылар біз шығарманың мазмұнын қайталадық, құрылысы мен поэтикалық тіліне талдау жасадық, кейіпкерлерге мінездеме де бердік, ал енді осы әңгімедегі ауыл адамдарының қиыншылық көруі, отынның болмай киелі «Бақтияр» бауына балта салуы, ауылда ер адамдардың болмауы қайдай оқиғаға сәйкес келеді, қалай ойлайсыңдар? Оқушы: 1941-1945 жылғы Үлы отан соғысымен байланысты
Мұғалім: Өте жақсы дұрыс айтасың, балалар, сіздер өздеріңіз Ұлы Отан соғысы жайла не білесіздер? Кәне, қысқаша айтып өтсеңіздер, кім не біледі?
(Оқушылар өз білгендерін айтады)
Ұлы отан соғысымен байланыстыра отырып, келесі «Жүз жылдық жара» тақырыбының мазмұнына талдау жасаймыз.
7. Жүз жылдық жара
Мұғалім: Балалар, біз сабағымыздың басында жара дегеннің не екенін айтқанбыз, енді бір апта емес, бір ай, бір жыл емес, жүз жылға яғни бір ғасырға созылған «Жүз жылдық жара» деп ақын Шерхан Нұртаза нені жазған екен? Не туралы айтқысы келген, жүз жылдық-ол қандай жара? (Оқушылар өз ойларынша жауап береді, аяғында мұғалім толықтырып, қорытынды жасайды)
8. Бекіту, қорытынды
Мұғалім: Шығармада не туралы айтылған, әңгімедегі негізгі ой мен ақынның осы шығарманы жазудағы идеясы қандай? Шығарма мазмұнынан қандай үлгі алуға болады?
Оқушы: Өз пікірлерін айтады
Мұғалім: Ендеше, балалар, сабағымызды осымен қорытындылаймыз, енді күнделіктеріңізге үй тапсырмасын жазып алыңыздар.
9. Үй тапсырмасын беру
«Байшынар» неге күңіренеді?-тақырыбына шығарма жазу, Қалихан Ысқақтың өмірбаянын оқу (оқушылар
күнделіктеріне жазып алады)
10. Бағалау
Бағалау парағы бойынша әр топ өздерінің оқушыларын бағалайды, үстінен мұғалім бақылау жасайды. (Әр топ басы оқушылардың күнделігін жинап әкеледі)

Categories: Uncategorized

Tagged as:

1 reply »

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s