Табиғат тылсым дүние


Аманжолова Сабыркүл Хамитқызы

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі

Пәннің аты: Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Табиғат тылсым дүние

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың табиғаттың тылсым құдіретін

түсінуге табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын арттыру

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушылардың білімін , ой өрісін, сөйлеуін жан- жақты қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тренингтер, сөз жұмбақ.

Көрнекіліктер: слайд, плакаттар, үлестірме

Сабақтың міндеттері: Табиғаттың ғажап көріністерін аялауға , сақтауға тәрбиелеу. Оқушыларды табиғат пен Жер Ананы сүйе білуге, айналадағы орта мен табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру, балалардың өз туған жеріне, отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Сабаққа психологиялық дайындық: Ыңғайлы және еркін отырыңыздар. Көзді жұмыңыздар . өздеріңізді орманда жүрмін деп есептеңіздер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. «Иә» менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкіні сезіңіз. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі жаңа ашылған раушан гүлі сияқты. Ол сіздің ішіңізде ашылып, бүкіл денеңізге хош иіс береді. Жұмысымызды аяқтаймыз. Өзіңіздің демалғаныңызды сезген кезде көзіңізді ашыңыз.

Жаңа сабақ.

 

табиғаттың төрт тылсымы

 

 

су тылсымы жер тылсымы

 

ауа тылсымы от тылсымы

 

 

Табиғат тылсымын түсінген адам қоршаған әлемді құрметтеуге, сырын ұғуға құштар болады. Табиғат суреттері адам жанын нәзік сезімге бөлеп, бүкіл өмірді көз алдыңа жайып салады. Тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны аялау, қорғау әрбір адамның міндеті әрі борышы. Табиғат пен адам – егіз ұғым.Табиғат адамды әлдилеген ана ғой. Оның таң ала көлеңкедегі тамылжытатын әнші құстарының үні, салқын соққан самалының қоңыр лебі, жұпар аңқыған жусаны адамды қанағаттандырады.

Табиғат байлығын бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Өсімдік өлкемізді түрлендіріп тұрған түкті кілем тәрізді. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы.

Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет-қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара байланысты. Тіршілікте төрт құдірет –Күн-ана, жер-ана,

ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың –елі бай», «туған жер –алтын бесік», «жеміс-жерде, жеңіс-ерде», «ауа-өмір тынысың», «судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған.

 

Оқушыларға табиғатқа ассоциация жасатамыз

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс:

Көне үнді халқының «Табиғат пен тасырлық» атты аңызын еске түсіре кету керек сияқты. Ерте кезде бір патшалық мол байлықта өмір сүрген екен. Оның тұрғындарының да байлығы күннен күнге таси берген. Бір кездері оларда Табиғат Анадан қол үзе бастаған тәкәппарлық пайда болған. Олар шаттық өмірдің, осы байлықтың көзі табиғат екенін естен шығарған. Бірде ойламаған жерден аспаннан қанаты жоқ қарақұрым құстар қаптап кетіп, оларды бас салыпты. Тоғыз күнде патшалықтың қалаларын от пен судың тасқынымен қиратып, төңірегіндегілердің бәрін жойып жіберіпті.

Олар неліктен Табиғат Анадан қол үзе бастады?

Неліктен Қарақұрым құстар қаптап кетті?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар өзіндік түйген ойын, пайымын, көзқарасын ортаға салады.

 

Қоршаған ортаға қатысты тыйымдар.

  1. Аққу-киелі құс, оны атуға, құс салуға болмайды.

  2. Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.

  3. Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.

  4. Көкті жұлса «көктей соласың» деп жамандыққа жориды.

Тыйым сөздер оқушылар арасында талқыланады, олардың мән мағынасы түсіндіріледі.

 

Әзіл-оспақ жұмбақтар

1 ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не ?

Жауабы: өмір

2 бірінші төрт аяқты кейін екі аяқты одан кейін үш аяқты ол не ?

Адам

3 король кімнің алдында тәжін шешеді?

Жауабы: шаштараздың

4.Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр?

Жауабы: сіріңке

5.Алфавиттің ең соңғы әрібі?

Жауабы: Т

 

Тапсырма:

«Ұрпақсыз жер қадірін біліп өскен» тақырыбында эссе жазу тапсырылады. Эссені жазуда мазмұнын бала өз қалауымен шешкені дұрыс. Мұғалім оқушыларға түсінігімен пайымдай алуына бағыт береді.

Дәйексөз.

Сіздерде әрқашанда

Жұтатын таза ауаң болсын!

Жылынатын отың болсын!

Ішетін таза суың болсын!

Бәрінен де өмір сүретін жерің болсын!

Әрбіріміз табиғатты аялайық, қоршаған ортаны ластамайық — деп бүгінгі сабағымызды аяқтайық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Өзін-өзі тагу құралы. С.А.Назарбаева

  2. «Даналардан шыққан сөз нақылдар жинағы» АЛМАТЫ 1987ж

 

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s