ТШО – ның Қазақстандағы орны Таңдау курсының бағдарламасы


Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай орта мектебі
Қожырақова Зарифа Қырымқызы
География пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі

9 сынып

Бейінді оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.

Бейінді оқытуды енгізудің мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады. 

Бейінді пәндер деп отырғанымыз – бұл орта жалпы білім берудің жоғары сатысындағы оқыту бағдарын анықтайтын негізгі оқу пәндері. Оқытудың жаратылыстану-математикалық бағытында мұндай пәндер саны 6, олар: математика, информатика, физика, химия, биология, география.

 

Бейінді оқу пәндері оқытудың берілген бағдарын таңдап алған оқушылар үшін міндетті.

 

Қолданбалы курстар-оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік компонент есебінен жүзеге асырылады және екі функция атқарады: негізгі бағдарлы пәндерді оқытуды қолдайды және оқытуды ішкі бағдарлы мамандандыру үшін қызмет етеді.

Қолданбалы курстар мазмұны бойынша ҰБТ өткізілмейді.

Түсінік хат

 

Жаратылыстану – математика бағыты бойынша 9 сыныпқа география пәнінен «Қазақстан экономикасындағы ТШО-ның орны » тақырыбында қолданбалы курстың б а ғ д а р л а м а с ы жасақталды.

Курс 9 сынып бойынша аптасына 1 сағаттан жалпы көлемі

34 сағат. Курс бағдарламасын жасақтау кезінде 2012-2013 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 9 шілде 2010 жыл № 367 бұйрығымен бекітілген

ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010) сәйкес және С.Мұқанованың «Орта білім оқу орындарының 10 -11 сыныптардағы бейімдік оқытуды жоспарлаудың сызбалары №1.28.10.2005 жылғы әдістемелік нұсқау хаты пайдаланылды.

Қазіргі заманғы география ғылымы ғылыми – жаратылыстану білімімен ғылыми – техникалық прогрестің іргетасы болып табылады.

 

Осы курс бағытына қойылатын талаптар:

- Экология ұғымына, қалыптасу кезеңдеріне;

-ҒТР-дің қоршаған ортаға әсерін, ҒТП-ті жойқын күштермен салыстыру;

-Экология ғылымы мен қоршаған орта жағдайлары, адамның іс – әрекетімен байланысын білу;

-Экология мен география ғылымының байланысын түсіндіру;

-Оқушыларға зкология ғылымының мақсатын түсіндіре отырып, қоршаған ортаға зиянды заттарды болдырмау;

-Адам денсаулығын сақтау үшін табиғатты қорғауға тәрбиелеу

 

Бұл курс 34 сағатқа негізделген

 

Курстың басты мақсаты алғмн білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларына еркін бағдарлай алатын, білім арқылым өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке және ізденімпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.

 

Курстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  1. Қазақстан экономикасындағы ТШО-ның орны.

  2. Экономиканы интернационалдырудың бүгіні мен келешегі туралы түсінік беру.

  3. Біріккен кәсіпорындардың жеделдік даму тәжірибесін талдау негізінде оның нысандарын анықтау.

  4. ТШО- ның қоршаған орта жағдайлары, адамның іс-әрекетімен байланысын білу,

  5. Оқушыларға экология ғылымының байланысын, атмосфералық ауаның сапасын

түсіндіру,

  1. Оқушыларды әр түрлі қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, өз бетімен

қорытындылар жасауға үйрету;

  1. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу мәселелері

мен міндеттерін анықтау.

 

Курстық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі отандық және шетел экономикалық ілім өнімдерінің ғылыми еңбектері, үкімет органдарының мәліметтері, экономиканы интернациаландыру және транснационализация мәселелері болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ о л д а н б а л ы к у р с т ы ң б а ғ д а р л а м а с ы .

Жаратылыстану – математика бағыты бойынша 9 – сыныпқа география пәнінен «Қазақстан экономикасындағы ТШО-ның орны» атты қолданбалы курстың бағдарламасы 2012 – 2013 оқу жылы. ( аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат )

 

М а з м ұ н ы :

Саны

Уақыты

 

1

Қазақстан экономикасындағы ТШО-ның орны.

1

 

2

«Теңізшевройл» бірлесекн кәсіпорынның құрылуы

1

 

3

ТШО-ның басты мақсаттары

1

 

4

Өндіріс ауқымының бүгіні мен болашағы.

1

 

5-6

ТШО өнімдері

2

 

7

ТШО өнімдерін тасымалдау және өткізу.

1

 

8

ТШО-ның жаңа жобалары мен технологиялары

1

 

ТШО және қоршаған орта.

9

Кіріспе

1

 

10-11

ТШО-ның қоршаған ортаға жалпы әсер ету дәрежесі.

2

 

12

Теңіздегі атмосфералық ауаның сапасы.

1

 

13-14

ТШО-ның ауаға тарайтын шығарындыларының көлемі қаншалықты үлкен?

2

 

15-16

Күкіртсутек(Н2S) және күкірт (S)

2

 

17

Топырақ пен өсімдіктер

1

 

18

Жануарлар әлемі

1

 

19

Өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату.

1

 

20

ТШО-ның су шаруашылығы қызметі

1

 

21-22

Каспий теңізі

2

 

23-24

Қоршаған ортаны қорғау шараларына инвестиция жасау.

2

 

25-26

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы-ТШО-ның теңдессіз тәсілі.

2

 

27-28

Адамдардың денсаулығы мен ырысы

2

 

ТШО және Атырау облысының Жылой ауданы тұрғындарының өмірінің сапасы.

29-30

Кіріспе

2

 

31

Статистикалық мәліметтер

1

 

32

Зерттеулердің мәліметтері

1

 

33-34

ТШО-ның әлеуметтік бағдарламалары, демеушілік пен қайырымдылық

2

 

35

Қорытынды тест

1

 

М а қ с а т ы : Жас ұрпақтардың бойына табиғат тағдырына деген

жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Экологиялық білім мен

тәрбие беру, оны ғылыми түрде талдап шешу.

 

Күтілетін нәтижелер:

 

1.Бейіндік оқыту барысында оқушылар болашақ маман иесі ретінде икемдік,

қолданбалы іс-әрекеттерді орындай алады және зерттеу жұмыстарын

қорытындылап, дәлелдеп береді.

2.Қазақстанның экономикалық – экологиялық аймақтары, өзен-көлдері,

топырағының , ластану жөнінде нақты мәліметтер жинақтап, кесте, диаграмма

сызып дәлелдейді.

3. Өз өлкесінің табиғи байлықтарын жіктей алады;

4. Экономикалық мәселелер жөнінде эссе жазады;

5.Басылымдар, газет-журналдарға мақалалар және ғылыми зерттеу жұмыстарын

жазады;

6.Ғылымыи жобалар жаза алады;

7.Экономикалық білім мен тәрбие, экономикалық – экологиялық мәдениеттілік

пен экологиялық қажеттілікті қалыптастырып дамытады.

 

Ақпараттық-әдістемелік бөлім:

Сабақты ұйымдастыру формалары мен оқытудың әдістері және

білімдік қазыналары:

Бүгінгі таңда адамзат алдында аса күрделі экономикалық-экологиялық даму тұрақтылығын сақтау,табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау проблемалары тұр.Сондықтан осы курсты меңгеруде оқушылар көп нәрсені үйренеді, өздігінен ізденуде кесте толтыру, реферат, мәліметтерді жинақтау, ақпаратпен жұмыс, картамен жұмыс беріледі.

Өз бетімен іздену барысында оқушылар интернеттен материалдар таба білу қабілеттерін дамытады.

Тақырыптарға сай видеофильмдер, слайдтар қолданылады.

Курс соңында рефераттарды қорғауда конференция және тест өткізіледі.

Дәптерге дәрістер, суреттер, тапсырмалар, кесте, сызбанұсқа, баспасөз беттерінен жиналған мәліметтер, диаграммалар, слайдтар жасалып, әрбір жұмыс қорытындыланады, өте жақсы деген жұмыстар байқауларға ұсынылады.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бағалау:

Репродуктивті деңгей бойынша бағалау курстың негізгі мазмұнын нақты меңгергендігімен бағаланады.

 

Конструктивті деңгей бойынша бағалау оқушының өз бетімен ізденісі, рефераттар, баяндама, ғылыми жобаны орындауы және сол еңбектерді қорғау іскерліктері арқылы іске асырылады.

 

Шығармашылық деңгей бойынша бағалау ғылыми зерттеу жұмысын жоба түрінде талапқа сай жазу, интерактивті тақтаны қолдану арқылы қорғау, өз көзқарасын дәлелдей білу, өзін мәдениетті ұстауы ескеріліп орындалады.

Бағалау ұпаймен, бүгінгі күнде қолданып келген бестік жүйесімен сынақ арқылы «меңгерілді» деп және сабақ барысында өзара бағалау түрі де жүзеге асырылады.

 

 

 

«Қазақстан және экономика» қолданбалы курсының жобасын

құрастырып, өткізу үшін пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Бейсенұлы Б. Мұнай –газ өнімдері тасымалдау құбырлары. Алматы (10).

2. Бейсенұлы Б. Қоршаған ортаны қорғау . Алматы (56)

3. Демегенов Б.Ш., Елеусинов К.К.,Елеусинов А.Е. Мұхамбеталиев К.

Нефть СССР.1917-1987 гг.Недра,1987. Гурьев

4. Диаров М.И. «Экология и нефтегазовый комплекс» І,ІІ том.Алматы – 2003.

5. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері .Алматы 2000. (103)

6. Жиенқұлов Ж. Атырау облысының физикалық – географиялық .Алматы (20).

7. Жүнісов Е. Атырау энциклопедиясы.

8. Муравьев И.М.Справочник мастера по добыче нефти. «Нефти».1975. (11)

9. Надиров К.Н. Нефть и газ Казахстана. Алматы,ғылым баспасы,1996

10. Нұрсұлтанов Ғ.М.Абайылданов Қ.Н.Мұнай және газды өңдіріп,өңдеу.(12-13).

11.Середа Н.Г.Основы нефтяного и газового дела.Недра,1980.

12. Теңізшевройл. ( Сәуір,2003 )

 

 

 

Бағдарлама химия,биология,география әдістемелік бірлестігінде

талқыланып, бекітуге ұсынылды.

Хаттама № 1 27.08.2012 жыл.

 

Бағдарлама педагогикалық кеңесте бекітілді.

Хаттама № 1

27.08.2012 жыл.

 

Педагогикалық кеңестің төрайымы: / / Тасқалиева Б.К.

 

Педагогикалық кеңестің хатшысы / / Мұхтарова Г.

Бағдарламаны дайындаған

география пәні мұғалімі: / / Қожырақова З.

 

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s