«Табиғатты аялайық» бағдарламасы Бағдарлама балабақша тәрбиешілеріне арналған


Ақтөбе қаласы.
№ 41 «Назерке» мектепке дейінгі ұйымның

тәрбиешісі Кистаубаева Даметкен

«Табиғатты аялайық» бағдарламасы

Бағдарлама балабақша тәрбиешілеріне арналған

Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың жеке тұлғасының, психологиясының дамуының ең басты міндеттері қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр .Соның ішінде экологиялық сабағының бала өмірінде алатын орны ерекше.Осы кезде ересек мектеп жасына дейінгі баланың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік тұжырымдамасында болашақ ұрпақты ана тілін таза білетін, туған жеріне, отанына, жүрген ортасына сүйіспеншілігі мол, табиғатын сүйетін, қорғайтын ,сақтайтын ұл-қыз тәрбиелеу деп көрсетілген.Қазақстан Республикасының «Білім беру» жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі қазақ халқының азаматтары жан-жақты білімді, елін сүйетін еңбекші болу керек деп көрсетілген негізге сүйене отырып жасалған экологиялық тәрбиені еңбек арқылы үйрету сабағының бағдарламасы.

Бағдарлама аптасына 1 рет базистік жоспардың жылжымалы бөлігінде жүргізіледі.Жыл бойы жүргізілетін сағат саны 36, бағдарлама негізінен тоқсандық тақырыптарға бөлініп жоспарланған.

Экологиялық табиғатты тану сабағында балалар білімді жан-жақты тәрбиеленеді.

Сабақ әр түрлі формада жүргізіледі: *кіріктіру сабағы;

*саяхат сабағы.

Сондықтан да балалардың қызығушылығына байланысты алынатын тақырыптар.

 

« Экология және біз»

 

Өсіп келе жатырмын

Бесігінде бақыттың,

Ән-жырымен уақыттың

Қанатында арманның.

Шыршасындай орманның

Өсіп келе жатырмын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық процесте экологиялық тәрбие берудің моделі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқыту формасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешілер мен балалардың бірігіп жұмыс жасауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ құрылымының молделі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маусымды перспективалық жоспарлау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу жоспары

 

Айы

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Қыркүйек

  1. Күз сары сары ағаштармен желбіреп келеді.

  2. Бауда ма? Бақшада ма?

  3. Астық қалай нан болады, нансыз тамақ ас болмайды

  4. Адамдардың күз айларындағы жұмыстары

1

1

1

 

1

Қазан

  1. Ұшып келетін, қыстап қалатын құстар.

  2. Су тіршілік көзі

  3. Жәндіктер қалай өмір сүреді?

  4. Табиғи материялдарды жинау

1

1

1

1

 

Қараша

  1. Табиғатты ажырата біл

  2. Ағаштар қасындағы бос жерге шыбықтар отырғызу

  3. Алтын күз тақырыбын тереңдету

  4. Күзді шығарып салу

1

1

 

1

1

желтоқсан

  1. «Алақай қыс келді»

  2. Орман көркі ағаштар

  3. Құстардың қысқы тіршілігі

  4. Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары

1

1

1

1

 

Қаңтар

  1. Табиғат әсемдігі

  2. Табиғат бұрышындағы

  3. Аквариумдағы балық тіршілігі

  4. Жануарлар біздің досымыз

1

1

1

1

 

Ақпан

  1. Тәжірибе сабақ. Қар ериді, Су болады.

  2. Танымал сабақ. Қызанақ, ащы бұрышты отырғызу

  3. Қар опасынан өзіңе ұнаған жануарларды жаса

  4. Қысты шығарып салу мерекесі

1

1

 

1

 

1

Наурыз

  1. Наурыз жыл басы

  2. Қаламыздың тазалығын сақтайық

  3. Құстар біздің досымыз

  4. Участокке ағаш көшеттерін отырғызу

1

1

1

1

Сәуір

  1. Топта көкөніс өсіреміз

  2. Дәнінен жемісіне дейін

  3. Құстарды қалай қуанттым

1

2

1

 

Мамыр

  1. Дәстүрден тыс сабақ. Емдік шөптермен танысу

  2. Бақша айналасындағы тазалық жанашырымыз

  3. Туған елдің көктемі

  4. Көктемді шығарып салу мерекесі

1

 

1

 

1

1

 

 

 

Экологиялық тәрбие

 

Балалардың ойлау тұтастығын яғни, табиғатты қорғау көзқарасын дамыту үшін жыл мезгіліне сай жүйелі, мақсат міндеті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысын оқу жылының өн бойында жүргізіліп отырады. Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтық борыш, ғылыми білім, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәртіптілік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуға негізделген. Экологиялық тәрбие жұмысын осындай міндеттерді атқарта отырып, жүзеге асырады.

Мысалы:

  • Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп-бағуға балу,

Олардың бойында қабілет пен икемділікті орнықтыру;

  • Табиғаттың сан-алуан сырлары мен байлықтары жөнінде

эстетикалық және ұлтжандылық сезімдерін дамыту;

  • Табиғатта барлық нәрсенің бір-бірімен өзара байланысты

Болатынын түсіндіру және осы байланысты күнделікті өмірде

Ескеру қажеттігін үйреніп отыру.

Міне осы міндеттердің барысында балалардың экологиялық таным-түсінігін тереңдетіп, олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекітеді. Мұндай жұмыс түрі балалардың физиологиялық даму, психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, әдіс-тәсілдерді шебер пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істейтін тәрбиеші басшылығымен жүргізіледі. Оқу жоспарында экологиялық тәрбие жұмысын бір рет өткізуге болады. Жыл мезгілінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы (жаңбырдың жаууы, адамдардцң пайдалы іс-әрекеті , ауладағы жапырақтарды жинау , жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау т.б).Қыстап қалған құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен құстарды күту, балыққа жем беру.Көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындалған ұяларға жем шашу, ауладағы гүл,көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру.Бүршік жарған ағаш бұтақтарын (бұтақ,бүршік, өсімдік т.б) мағынасына сай түсіндіру.Наурыз мерекесі қарсаңында жас шыбықтар отырғызып ,оны күтуді күнделікті әдет-дағдыға айналдыру . Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әнге қосу ,психологиялық дайындық жұмыстарын жүргізу ,сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларын табиғат көрінісінің суретін салып,әңгімелеп айтып беру.Жаз кезінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өзен-көл жағасына,баққа,гүл алаңына барған кезде,айналаның тазалығына мән беру.Бұл әр баланың жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігін арттырады. Экологиялық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын

 

адамгершілік,эстетикалық,еңбек ,имандылық тәрбиелерімен сабақтастыра жүргізу басшылыққа алынады.

Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуде оқытудың негізгі формалары бақылау,қызықтау ,серуен т.б қамтылады.Бақылауда табиғаттағы құбылмалы ауа-райын,құстың жемге келуін,мысалы аула сыпырушының қар күреуін т.б

 

Қызықтау кезінде балаларды таза ауада,көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл күймен қатар,табиғат сұлулығын сезіне білуінеәсер етеді .Ал серуен кезінде тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып ,өсімдіктерге су құю қураған жапырақтарды бір жерге жинау,өсімдіктерді суару ,ағаш түптерін тазалау т.т сияқты қарапайым еңбек түрлеріне қатыстырады.Мұндай еңбек түрлерінорындау балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып ,ынтасын арттырады.Нәтижесінде өсімдіктерді жұлмауға ,құстарды қорғай білуге дағдыланады,өздерінің мұның пайдалы іс-әрекетімен құрбыларына да ықпал жасайды.Экологиялық тәрбиенің балалар табиғатқа жанашырлық,қамқорлық және еңбекқорлық,белсенділік ұқыптылық сияқты дағдыларды меңгереді.Көбіне балалармен дидактикалық ойындар табиғат жөніндегі түсініктерін бекітеді.Бала тәрбиесінде өзіндік орны бар жаңылтпаш,мақал-мәтелдерді орынды пайдалану баланың қоршаған орта,табиғат туралы ой-өрісін дамытып,тілін ширатады.

Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуде басшылыққа алатын тақырыптар,жұмыс дәптері толықтырылып,әр тоқсанға бөліп ұйымдастырудың күнтізбелік жоспары беріліп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек

Р

Тақырыбы Мақсаты Дидактикалық ойындар Пайдаланатын құралдар, әдебиеттер
1 2 3 4 5
1 Күз сары ағаштары мен желбіреп келеді Балаларды табиғаттың күзгі көріністерін тамашалай білуге тәрбиелеу. Күз ерекшеліктерін байқай білуге тәрбиелеу. Күз ерекшеліктерін байқай білуге әсемдігін сезіну, түсіну, тамсану, жапырақтарына қарай (қайың, терек, иқарағаш) атай білуге үйрету. Табиғатты қорғай білуге үйрету.

«Қай ағаштың жапырағы?»

«Осындай ағашты тап»

«Осындай жапырақты тап»

Серуендегі бақылаулар.

 

Кептіруге жапырақтарды дайындау

2

Бауда ма?

Бақшада ма?

Жеміс-жидек, көкөністерді бағалай білуге тәрбиелеу.Олардың қайда,қалай өсетінітуралы білімдерін кеңейту.көкөністің түр-түсі, дәмі, көлемі, аттары туралы білімдерінбекіту, оларды ауызша суреттей білуге үйрету.Күздегі адамдар еңбегін бағалай айтуға таныстыру.

Бақта не өседі?

Бақшада не өседі? Айыра білуге үйрету.

Кім шапшаң?

 

Бақта , бақшада өсетін жеміс көкөністерді айыру.

«Не деп барып жеу керек?»

 

Өлеңді жаттау.

 

Жұмбақ шешу.

3 Астық қалай нан болады?Нансыз тамақ ас болмайды. Адамдардың күз айларындағы жұмысы Нан қадірін білуге тәрбиелеу., нан өсіру маңызды іс екенін көрсету, ол көптің еңбегі екенін, қалай дастарханға жететінін көрсету, нанды ардақтай білуге тәрбиелеу Күздің ерекшелігін аңғарып , адамдар бақта,егіс даласында,паркте қандай жұмыстар істеп жатырғандары жөнінде сурет бойынша әңгіме айтуға үйрету.Балалардың экологияға деген сүйіспеншілігін арттыру

 

 

 

 

«Не артық»

 

 

 

 

«Суретші нені шатастырды?»

 

Мақал жаттау№

Нан астық атасы

Даладан дастарханға келген жолын көрсету.

 

 

Жұмбақтар777

 

 

 

 

 

Қазан

 

1

Құстар сіздің досыңыз

Қыстап қалатын және, ұшып кететін құстар мен танысу

Өз өлкеміздегі табиғатқа назар аудару, қызығушылықпен қарау. Ұшып кететін және қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, жергілікті құстармен таныстыру: қарлы-ғаш, қараторғай, бозторғай, көкек т.б. Қыстайтын құстар: сауысқан, қарға, суықторғай, кептер. Оларға біз қамқор болу үшін ұя жасап, жем шашып қарауға үйрету. Судың құнын білуге. Бостан босқа ағызбай, ластамауға тәрбиелеу. Судың тіршілікке мәні зор екенін көрстету, сусыз өмір жоқ. Ойландыру адам сусыз өмір сүре алады ма?Не ішеміз, не жейміз. Жуусыз ешнәрсе істей алмаймыз. Суды бағалау керек. Төкпей, шашпай пайдалану керек.

Не қалай дыбыстайды?

 

 

Ненің «құйрығы»?

 

 

Экологиялық дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

Сусыз өмір сүре алмайтын жәндіктің суретін салу

Серуендегі құстарды бақылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ шешу Біздің кітап «Жылт-жылт еткен, жырадан

өткен» су.

3 Жәндіктер қалай өмір сүреді? (шыбын, маса,) Шыбын шіркейлеркүзде ағаштар Қуысында тығылып жоқ болып кетеді. Салқынға шыдамайды. Шыбын-шіркей-лердің де өз өмірі бар екенін әңгімелеп айту.

Суретшінің қатесін тап суреике қарап атын ата (жәндіктер суреті)

 

Ерте, ерте , ертеде 2001ж 22 бет ертегі оқу. Жұмбақ шешу
4 Табиғи материалдарды жинау. Шырша дәндерін, ағаш жапырақтарын , гүлдердің тұқымдарын жинап кептіру жолдарын үйрету. Дәндеріне қарап ағашын ата

 

 

 

Қараша

 

1 Табиғатты ажырата біл .Викторина Жылдың төрт мезгіліне сай суреттерді қарап ажыратуға үйрету ,несімен ерекшеленеді ,әр жыл мезгілінің өзіне жақсы жақтарын айтқызу

Кім шапшаң?

Экологиялық

Жұмыс дәптерімен

Бұл қай

Мезгіл?

Тақпақтар

Оқу.Біздің

Кітап жыл 12ай

2 Шыбықтар егу Жас шыбықты бос жерлерге отырғызу

Суретіне қарап ағаштарды

Айыра ата

 

3 Күзгі бақта Алтын күз деп неге айтамыз? Алтын күз тақырыбын тереңдету Сипа да тап. Иісіне қарап тап Жұмбақтар,тақпақтар
4 Күзді шығарып салу Күз мезгілінің соңғы айы,Өзгешеленген сұрақ-жауап,әңгімелеу.Қыс жақындап келеді

Кім шапшаң?

Көңілді бақта

 

Жұмбақтар,тақпақтар

 

 

Желтоқсан

1 Алақай қыс келді

Қыс несімен қызықты?

Қар опасынан сырғанақ жасау,түрлі бейнелер жасау.Қызықтап ойнауға үйрету

Суреттің қатесін тап

Экологиялық дәптермен жұмыс.

Сырғанақ өлең оқу

2 Орман көркі ағаштар Туған өлке орманы,ондағы ағаштардың түрлері туралы түсініктерін қалыптстыру. Ормандағы ағаштарды қорғауға,табиғатқа қамқорлық көзқараспен қарауға тәрбиелеу. Экологиялық ережелерді сақтауға үйрету. Ағаштарды бұталарына, діңіне қарап ажыратуға үйрету Тұқымына қарап немесе жапырағына қарап ағашты тап

Ағаштар ссуреттері.

Ормандағы өлең”

Авт. Б.Кірісбаев

3 Құстардың қысқы тіршілігі Балалардың қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттырып,қамқорлық көзқарасын дамыту.Құстардың қысқы тіршілігін бақылау.Құс-табиғат байлығы.Оларды қорғай білу керектігін үйрету

Қай құстың қанаты екенін тап.

Экологиялық дәптермен жұмыс.

 

Әңгіме “Қайтпай қалған қарлығаш”

Қыстайтын құстар суреті

4 Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары Туған өлкенің табиғатын қорғау,халық болжамдары жөнінен түсінік беру.Халақ болжамдарының өз тәжірибелерінде пайдалана білуге уйрету,балалардың сөздік қорын молайту.

Экологиялық дәптермен жұмыс.

Ырым сөздер жинағы

 

Жұмбақ,мақал мәтелдер жинағы

 

Қаңтар

 

1 Табиғат әсемдігі

Қазақстан суретшілерінің жұмыстарына қаратып,әсерлі әңгімелету.Табиғаттың

әсемдік сезімін бақылай білуге баулу,оны қорғауға тәрбиелеу

Ойлап тап Ол қалай?

Бұл қай

Мезгіл?

Тақпақтар

Оқу.Біздің

Кітап жыл 12ай

2 Табиғат бұрышындағы еңбек Тамырланған бөлме гүлдерін отырғызуды үйрету.Бөлме гүлдерін отырғызызуды уйрету.Бөлме гүлдерін күту,оның пайдасын түсіндіру.

Суретіне қарап ағаштарды

Айыра ата

Үй гүлі.
3 Аквариумдағы балық тіршілігі Табиғат бұрышындағы балық тіршілігі,оның тіршілігін түсіндіру,әңгімелеу Сипа да тап. Иісіне қарап тап Жұмбақтар,тақпақтар
4 Ойын-сабақ,Экологиялық көрме Туған елінің табиғатына деген суйіспеншілікке,күтебілуге тәрбиелеу.жануарлар мен өсімдіктер

Кім шапшаң?

Көңілді бақта

 

Жұмбақтар,тақпақтар

 

 

Ақпан

1 Тәжірибе сабағы. Қар ериді, су болады Қоршаған айналаны бақылауға , күте білуге, зейін қойып бақы-лауға үйретуді жалғастыру. Қоршаған ортаға деген қызығу шылығын туғызу . Тәжірибеге зейін қойып бақылауға, мұздың суға айналуына назар аударуға, табиғи арасындағы қарапайым байланысты анықтауға үйрету. Салқын – жылы. Дәл түсір.Қарды домалатып лақтыру Күнделікті серуендегі бақылау. Тақпақ жаттау.
2

Танымал сабақ

Қызанақ ащы бұрыш тұқымдарын отырғызу

Өз ниетімен өсімдікті тұқымнан өсіп-өндіруге құштарландыру. Көкөніс тұқымынан жетілетінін еске түсіріп, олардың тұқым-дарынан айыра білуге үйрету. Үлкен кішілігін көрсетіп өсіп-өну үшін қажетті жағдайлар (ылғал, күн, жарық, су, құнарлы жер ) болу кректігін үйрету Жәшікке қара топырақты үгітіп қалай салуды көрсету.

Бұл қай кезде болады?

 

 

Жұмбақ шешу

Жәшік қара топырақ.

 

 

Ащы бұрыш қызанақ тұқымдары

3 Қар опасынан өздеріне ұнаған сүйікті жануарлар бейнесін жасату Қарды ұйып опалай отырып, үңгірлеуге, сүйірлеуге, домалақтау әдістерімен орман қоянын, аюды мүсіндеуге үйрету ,жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру ӨЗіне ұнаған жануарыңды дауыста

Серуен қар опасын қызықтау

Жұмбақтар айту

 

 

Қысты шығарып тастау мерекесі Жұмбақ, тақпақ, жаңылтпаштарды айта отырып, қыс мезгілін шығарып салу түрлі ойындардан жарыс ұйымдастыру

Кім шапшаң?

Бұл қай кезде болады?

Суреттен қыс мезгіліне сай көріністі тап

«Қыс»

А.Құнанбаев

 

 

 

Наурыз

1

Наурыз-

жыл ьасы

 

Наурыз-жыл басы, күн мен түннің теңелуі,табиғатқа қамқорлық мерекесі екені жөнінде түсінік беру .Баланы еңбек сүйгіштікке,бақылай білу дағдысының дамуын тәрбиелеу

Бұл қай

мезгіл?

«Наурыз» Ә.Табылдиев Экологиялық дәптермен жұмыс

2

Қаламыздың тазалығын сақтаймыз Серуен кезінде көшедегі қар суын , қоқыстарды тазалайтын адамдардың еңбегін қарау, ағаш кесуші , ағаштарды отырғызу-шы жұмыстарын қарап , бізде осылай еңбек жұмысына араласып , көмектесуіміз керектігін үйрету. Қала таза болу үшін бәрімізде еңбек етуіміз керек екенін айтып ,түсіндіру

Серуен

 

 

Бақылау

 

3

Құстар біздің досымыз Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Құстарға деген қамқорлық сезіміне және оларға жағдай жасауға үйрету Суретке қарап атын ата

Әліппе дәптерімен жұмыс

Суретпен жұмыс сұрақ-жауап

4

Участокке ағаш көшеттерін отырғызу Бақша ішіндегі бөлінген жерге тамырланған ағашты отырғызуды көрсету

 

Жұмбақтар

 

 

Сәуір

1 Топта көкөніс өсіреміз Топта табиғат бұрышында ыдысқа қара топырақты салып, (орамжапырақ, қызанақ , қиярдың ) тұқымдардың дәндерінен тамыр шықса соны қара топыраққа отырғызуды үйрету Тұқымына қарап ажырат Жұмбақ шешу
2 Дәнінен жемісіне дейін Балалардың өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу және даму жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат бұрышында еңбек әрекеттерін ұйымдастыру және күнтізбемен жұмыс істеу дағдылары дамыту .Бақылау кезінде өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу жолын бақылауға , еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу Дәнінен жемісіне дейін Табиғат күнтізбесімен жұмыс
4 Құстарды қалай қуанттым? Жасаған ұяны ағашқа апарып іліп , келген құстардың ұядан жем жеуін қарап, құсқа қамқор болып , қуантқандарын көре білуді үйрету

 

Ұя

 

 

Жұмбақтар

 

Тақпақтар

 

Мамыр

 

1

Дәстүрден тыс сабақ

Емдік шөптермен танысу

Топтардағы бөлінген жерге сирен ағашының көшетін немесе жолжелкеді отырғызуға үйрету.Бұл емдік шөптер ,Ағаштар екенін айту, емдік ағш қасиетін түсіндіру Исін сезіп айт

Бақша қасындағы сирень ағашты айту

Суреттерді

Сабын

2 Бақша айналасындағы тазалық жанашырымыз Бақша айналасындағы егілген жас ағаштарға су құйып, қарауға (үлкендер көмегімен)

 

Бақылау

 

Серуен

3 Туған елдің көктемі Жыл мезгілі туралы балалардың түсінігін молайта отырып , Тақпақтың сөзін анық айта отырып жаттауға үйрету. Тіл ұсталықтарын дамыту

 

Оқып, ойнап ән шырқайық. І.Мәмбетов

33 бет

4 Көктемді шығарып салу мерекесі Көктем аяқталды, енді жарқырап жаз келеді. Тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар айту жарыс ұйымдастыру

 

Жұмбақтар, өлең-тақпақтар жинағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сабақ

Тақырыбы: Күз сары жапырақтарымен желбіреп келді

 

Мақсаты: Балаларды табиғаттың күзгі көріністерін тамашалай білуге үйрету.Күз ерекшеліктерін байқай білуге,әсемдігін сезіну,түсіну,тамсану.Жапырақтарыына қарай(аққайың,көктерек,қараағаш)аттарын атай білуге үйрету.

Керекті құралдар: аққайың,көктерек,қараағаш.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балалармен бірге сары алтындай сары туске

боялған күзгі орманға мақсатты серуенге шығады.Балалар

ағаштардың діңіне,жапырағының пішініне,жемісіне қарап

ағаштар мен бұталарды айтады.Балалар тәрбиешімен бірге күзгі

жапырақтар шоғын,жемістерін,тұқымдарын жинайды.Балалардан

қай ағашта тек сары,қызыл жапырақтар (үйеңкеде,ырғада),қай ағашта

қоңырқай түсті(еменде)Тәрбиеші барлық балалардың назарына мына

тақпақты бірге айтуын сұрайды:

Жапырақтар

Т.Молдағалиев

Қыстың жақын қалғаның

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

Жерге түскен әртүрлі жапырақтарды жинап,оны ішке барған соң гербарий

жасайтын тәрбиеші ескертіп жинауларын талп етеді.

Әліппе дәптерімен жұмыс

Тапсырма:

а)Күзгі жапырақтарды бояп шық

ә)Суретте берілген жапырақтар бойынша ағаштарды тап

2-сабақ:

Тақырыбы: Бауда ма? Бақшада ма?

Мақсаты: Жеміс-жидек,көкөністердін пайдасын,оларды бағалай білуге

тәрбиелеу.Олардың қайда,қалай өсетіні туралы білімдерін

еңкейту.Көкөністердің түр-түсі,дәмі,көлемі,аттары туралы білімдерін

бекіту.Оларды ауызша суреттей білуге үйрету.Адамдардың күздегі

еңбегінбағалай айтуға үйрету.Бақта ма?Бақшада ма?Не өседі?

Айырып айтуға тәрбиелеу.

 

 

 

 

Сабаққа дайындық:

Жеміс-жидек,көкөнісөнімдерін жинап жатқан адамдар суреті

Сабақтың барысы:

Күзде күн салқындайды Күз байлығы деп неге айтамыз? Жаз өсірді,күз сыйлады.

 

 

Жаз бойы бақтада,бақшада да қызу еңбек жүреді , жемістерді, көкөністерді егеді, қарайды, су құяды, жерін қопсытады, арм шөбін жұлып қарайды, сол кезде көкөністер жақсы өседі.

Тәрбиеші: қазір жұұмбақ жасырамын, сіздер шешіңіздер

Қалың киімді ұнатады, Өзі арық

шешіндірсең жылатады Өзі қазық

(пияз) (сәбіз)

 

Аласа талда, Іші жұмсақ, сырты қатты

Алуан алма, Еті қызыл,сүті тәтті

Алқызыл болмай, Соғым үшін сайлап қойдым

Аузына алма Бордақылап байлап қойдым

(қызанақ) (қарбыз)

Тәрбиеші:

    • Осы жұмбақтағы көкөністер қайда өседі?

    • Бақшада ма?

    • Бақта ма?

    • Көкөністербақшада жерде өседі.

    • Ал жемістер ағаш басында өседі.

    • Күзде барлығын жинап алады.

Тапсырма:

  1. Бақта және бақшада не өседі айырып көрсетіп айт.

  2. Жемістерді және көкөністердің боялмай қалған бөлігін бояп , аяқта.

Дидактикалық ойын: «Бақшада өсетін көкөністі жина»

 

3-сабақ.

Тақырыбы: «Астық қалай нан болады, нансыз тамақ ас болмайды»

Мақсаты: Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін

қалыптастыру. Нан –өмірдің негізі екеніне түсініктерін

кеңейту.Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінің

әңгімелеу.егіншілердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Өсімдікке өсіп-өңу үшін ауа,су, жарық,жылу қажет екені туралы

білімдерін дамыту.

Сабаққа дайындық:

Егін даласындағы егін жинау сәтін бейнелейтін мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

Сабақтан бұрын күз ерекшелігі туралы әңгімелесу,жақын жердегі

нан дүкеніне саяхат жасау.Балалар бұл жерде нан сатылыды

адамдар нанды сатып алады.”Ас атасы-нан”(М.Төрежанов)Тәрбиеші

сабақта егін жинау сәтін бейнелейтін мазмұнды суретті көрсетіп,

егіннің қай мезгілде егілетіні,өсу кезеңдері, қай кезде және қай

машинамен(комбайн,машина)жинайтының әңгімелейді.Жердің

қамқорлықты қажет ететінің,егін бітік өсу үшін су,жылы

ауа,жарық қажет екенін түсіндіру.Нанның дастарханға келгенге

дейінгі (дәннен бастап,нан болғанға дейін)жолдарын

әңгімелейді (егін,жинау , қырман,диірмен,наубайхана,дукен).

Экологиялық дәптермен жұмыс

Тапсырма: не артық

а)Ұннан жасаған тағамнан басқа затты алып тастау

Бұл сабақта бала:

а)Нан-халық байлығы

ә)Нанды қастерлеу

б)Диханшылар еңбегіне құрметпен қарау т.б. түсініктерді

меңгереді.

4-сабақ.

Такырыбы:Адамдардың күз айларындағы жұмысы

(сурет бойынша әңгімелеу)

Мақсаты:

Күз мезгілінің астық жеміс-жидек,көкөністерді жинау мезгілі екенін

күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінен білім беру.Үлкендердің

еңбегін құрметтеу,олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен

қарауға тәрбиелеу

Сабаққа дайындық:

Егін жинау жайлы мазмұнды суреттер,ауыл шаруашылық еңбек

құралдарының түрлері жөнінен суреттер.

Сабақтың барысы:

Сары алтын жерге шашылды

Көктен күн жылу қашырды.

Қарағай қыздар әзілкеш

Ұйқыға қата бас ұрды.

Бұл қай мезгіл?

(күз)

Балалардың түсінігі бойынша сұрақ-жауап әңгімелету.

Алтын күз”,”Күз жомарт”,”Құт береке күз”деп неге айтамыз?

Күзде барлық жаз өсірген бақша көкөнісін,бақтың байлығын,дақылдарды жинайтынымызды әңгімелету.Тәрбиеші егін жинау туралы мазмұнды суреттерді пайдаланады (егін даласында, бақта,бақшада).”Алтын астық” Қосжан Мүсіреповтың өлеңін оқып,мазмұнын түсіндіреді.Бақшада көкөністердің жинап жатырған адамдар еңбегі туралы айту. Бақта алма ағашынан алма жинап суретінен жұмыс «Недеп барып жеу керек!. Тақпақты оқу. Жинаған жеміс-жидектерді қысқа дайындайды. Көкөністерді қоймада сақтайды. Диханшылар суыққа тондырмай тары, күріш бидайды жинап алды. Осы еңбектермен айналысатын адамдарды құрмет тұту керек.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) «Күзде» деп аталатын өлеңді оқып түсіндіру.

ә) Күз мезгілінің ерекшелігі неде?

б)Сурет бойынша адамдардың қай жерде жұмыс істеп жатқанын айт.

Сабақ аяқталды.

Дидактикалық ойын: «Не қайда өседі?»

5-сабақ.

Тақырыбы:

Құстар біздің досымыз.

Қыстап қалатын, ұшып кететін құстармен танысу.

Мақсаты:

Ұшып кететін құстардың әдемі әуені естілмейтінін, ағаштар басында

көрінбейтінін, олардың жылы жаққа ұшып кеткенін айту,

сүйіспеншіліктерін ояту. Ал қазір енді бізде қыстап қалатын құстарымыз

бар. Оларға біз қамқор болуымыз керек,өйткені олар күн салқын болса

(жемінің азаюы үйлерге адамдарға жақындап, олардың көмегін қажет

етуі) жемдерін тауып жеу қиындау болатынын айту көмектесіп тұру

керек.Құстар достар олар табиғатты қорғайды.

Тәрбиеші сабақты Т,Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» өлеңін оқудан

бастайды

Сабаққа дайындық:

Ұшып кеткен құстар.

Қыстайтын құстар суреті.

Сабақтың барысы:

Ұшып тізбегін құрып кетіп бара жатқан құстар суретімен әңгіме. Құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттерге қарап, олардың аттарын атайды. Құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді. Қыста құстарға жемін тауып жеу қиын болады.Сондықтан адамдар құстарға көмек көрсетулері керек (жем, нан, кептірілген жемістерді үйшіктеріне салып отыру). Құстар достар.Құстар табиғатты қорғайды.Табиғат бізге таза ауа сәнділік, әдемілік береді.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Ұшып кететін құстар суретін көрсет

ә) Қыстап қалатын құсты ата

б) Құстар туралы білетін тақпақ айт

Дидактикалық ойын. «Құстар»

Сабақты аяқтау

7-сабақ.

Тақырыбы: Жәніктер қалай өмір сүреді?(шыбын, маса, көбелек)

Мақсаты:

Күн салқын түскен бойда шыбын-шіркейлер ағаш қуысына тығылып қалады, олар салқынды көтере алмайды. Балалардың шыбын-шіркейлердің де өз өмірі бар екенін айтып әңгімелеу.

Сабаққа дайындық:

Маса, көбелек, шыбын суреттері

Сабақтың барысы: Жұмбақ жасыру.

Үстінгі көйлегі

Түрлі- түсті,не керек.

Қызықтырар көргенді

Мұның аты не екен?

(көбелек)

тәрбиеші балалардан жәндіктер суретін көрсетіп,қазір бар ма? Олар қайда? Біздің құстардың жемі.Ерте –ерте ертеде …. ертегісін оқу. Ертегідегі шыбын, маса,көбелектің дәрменсіздігі оған кімдер көмектесетінін айту.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а)Жәндіктердің жағымсыздығын айту.

ә) «Не артық» Дидактикалық ойын

8-сабақ.

Тақырыбы: Табиғи материалдарды жинау.

Мақсаты: Күзде жерге түскен табиғи материалдарды жинап

алып,кептіруге,онымен жұмыс істеу шеберліктерін дамыту.

Ағаштардың дәндерінен түрлі заттарды жасауға

болатынын айтып түсіндіру үйрету.

Сабаққа дайындық:

Ағаштар суреті,дәндері.

Сабақтың барысы:

Күздің ерекшеліктері туралы әңгіме жүргізу. Күзде ағаштар

жапырақтары сарғайып түсі,седіреп бұтақшалары қалады.

Ағаштар суреттерін көрсетіп,бұл дәндері.Осы ағаш дәндерін келесі

саяхатта теріп жинауымыз керек.Табиғи материалдардан жасалған

құс,жануарлардың суретін көрсету,әңгімелеу.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а)Суреттегі бұйымдарға қара,олар қандайтабиғи заттардан жасалған?

ә)Қай жәндік ұнайды, соны тәрбиеші көмегімен ұжымдық

жұмыпен көрсет.

9-Сабақ

Тақырыбы:Табиғатты ажырата біл

Мақсаты:

Жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту

Сабаққа дайындық:

Қыс, көктем,жаз, күз суреттері

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші жылдың мезгіліне байланысты жұмбақ шешу.

Тәрбиеші:

Қазір осы тұрған шағың қай мезгіл? Кімге қай мезгіл ұнайды?Қыс, көктем, жаз, күз мезгілдеріне балаларды бөліп ойнату. Жыл мезгілдері несімен ұнайды? Неге сен оны ұнаттың? Әр бала өзіне ұнаған жылына байланысты мақтай, мадақтай білуге тәрбиелеу.Сөздік қорларын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Қай жыл мезгілі ұнайды? Әңгіме

ә) Д/о «Суретке қарап, атын ата».

10-сабақ.

Тақырыбы: Бос жерге ағаш шыбықтарын егу.

Мақсаты:

Ағаштың шыбығын отырғызуға үйрету. Қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық:

Серуен,саяхат,тамырланған кішкене ағаштар.

Сабақтың барысы:

Балалармен күзде еңбек жайлы әңгімелесу. Ағаштар бізге не үшін қажет? Біздің бақшада ағаштар өсіп тұр,бірақ көп жерлері бос тұр екен,енді біз оған шыбықша ағаштарымызды отырғызып тастайық. Қар түкенше қараймыз тамырланып кеткенше су құямыз, күзде отырғызылған ағаштар көктемде жақсы көктейді әңгімелеу.

Тал ектім

Таңнан бері әлепін,

Бақшамызға тал ектім.

Апай маған күлімдеп,

«Ексең ағаш аялап,

Бұлар – дейді сая бақ!»

(Тұрсын Елеуұлы)

Тәрбиеші:

Табиғаттың ең басты байлығы- ағаштар.

Өзің еккен талдың өзіңмен қатар

Өскенін көру қандай керемет!

Мақал оқу:

«Бір ағаш кессең

Он ағаш отырғыз»

11-сабақ.

Тақырыбы: Күзгі бақта

Мақсаты:

Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «Кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық:

Күз мезгіліне байланысты жұмбақтар шештіру.

 

1)Қасыңнан өтер қолға ілінбестен,

Қашады, басқан ізі білінбестен

(жел)

2)Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады.

(бұлт)

3)Мөлдіреген жүзімді,

Ұстап едім үзілді

(шық)

Балалар осы белгілер жылдың күз мезгіліндегі болатын құбылыстар.

Айнала сап-сары болады.Күзде бүкіл байлық болады (жемістер, көкөністер, дақылдарды жинайды).Күзде бақта ағаштар жапырақтары жерге түсіп сап-сары болады. Жаз өсіреді, күз осының бәрін елімізге сыйлайды.Балалар қазір күз болған соң кешкісін күн ерте батады, таңертеңгісін ерте тұрамыз. Сәл ұйқыларың қаныңқырамайды. Күзде балалар мектепке барады.

 

 

 

12-сабақ.

Тақырыбы: Күзді шығарып салу

Мақсаты:

Күзге деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

Сабққа дайындық:

Күз мерекесіне арналған ертеңгілік сценариы.Көкөніс,жемістер атрибуттары.Киімдері.Күз киімі.

Сабақтың барысы:

Қымбатты балалар,мен бүгін сіздерге қонаққа келдім.Мен кіммін?

Мен күзбін,сендердің осы күз туралы білетін білімдерінді тексергім келеді,

Кім маған осы күзге Абай атаның өлеңін айтады?

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,

Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.

Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай

Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш,қурай

Ән. “Күз келді”

Би: «Жапырақтар»

Көрініс: «Көңілді бақша»

Жұмбақтар,тақпақтар айтады.Күзді көңілді етіп шығарып салады.

13-сабақ

Тақырыбы: «Алақай қыс келді»

Мақсаты:

Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатымен сауық мерекелерді өткізу.Табиғат пен адам денсаулығының өзара байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабаққа дайындық:

Қыс мезгіліндегі мерекелерді бейнелейтін суреттер.

Тәрбиеші сабақты Б.Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін оқудан бастайды.

Сабақтың барысы:

Қыс мезгіліндегі сауықтар мен мерекелерді бейнелейтін суреттерді көрсете отырып,мерекелердің мазмұнымен таныстырады және бұл мерекелердің сауықтыру,шынықтыру үшін маңызды екені туралы әңгімелейді.Тәрбиеші табиғаттың адам организіміне тигізетін пайдасы жайлы түсінік береді.Сондықтан суықтарда мерекелерді табиғат аясында,таза ауада өткізу отбасымен бірге серуенге шығу,үлкендермен таза ауада болып,қар опасымен әртурлі мүсіндер,сырғанақ жасап ойнаудың,денсаулыққа тікелей әсер ететіні туралы түсіндіреді.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а)Тапсырма.Қыс туралы тақпақтар айт.Жұмбақтарды айтып шешу

ә)Суретшілердің қатесін тап.

б)Дидактикалық ойын. «Кім жылдам?»

 

 

 

 

14-сабақ.

Тақырыбы: «Орман көркі- ағаштар»

Мақсаты:

Туған өлкенің орманы, ондағы ағаштардың түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Орманды оттан қорғауға,орманда экология ережелерін сақтауға үйрету.

Табиғатқа қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық;

Орманға мақсаттты серуен.

Орман сақшысының суреттері, жұмыстағы суретттер.

Тәрбиеші сабақты Б.Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін оқудан бастайды

Сабақтың барысы:

Сабақтың алдында жақын маңдағы орманға мақсатты серуен жасайды. Сол ормандағы құстармен, өсімдіктерімен,ағаштардың түрлерімен танысады (аққайын, шырша, қарағаш, терек).

А.Шаяхметовтың «Алуан-алуан ағаш бар» атты өлеңін оқып беру.

Олардың назарын ағаштардың құрылысына аударады (діңі, бұтақтары, жапырақтарының пішіндері т.б.).Орман аен егін даласының ерекшеліктерін салыстырады. Қай жер салқын? Орман. Неге? Өйткені көлеңке. Орманға барғанда экологиялық ережелерді сақтау керек екенін айту (қатты айқалауға, қоқыстар тастауға, от жағуға). Орманда ағаштар көп уақыт өседі және көп еңбекті талап етеді, сондықтан оны қорғау керек.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а)Дидактикалық ойын. «Жапырағына қарап ажырат»

ә)Артығын тап. Ө .Ақыпбекұлы. «Орманды қорғандар».

 

15-сабақ

Тақырыбы: Құстардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты:

Құстардың қысқы тіршілігі (жемнің азаюы , үйлерге,адамдарға жақындап олардың көмегін қажет етуі) туралы әңгімелеу.Балалардың қыс кезінде құстарға қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттыру.Оларға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.

Сабаққа дайындық:

Құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттер.

Сабақтың барысы:

Балалар тәрбиешімен бірге құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттерге қарап, олардың аттарын атайды.Егер дұрыс атамаса ,, көмектеседі.Қыс мезгілінде құстар тіршілігі қиындай түседі, сондықтан адамдар құстарға көмек көрсетулері керек (жем, нан қиқымдарын, кептірілген жемістерді үйшіктеріне салып отыру).Балалардан осы біздің қаламызда қандай құстар қалады? (суықторғай, қарға, торғай, сауысқан, кептер).Оларға қамқор болу керектігін айтады.

Экологиялық дәптермен жұмыс

 

а)Т.Нұрмаханбетовтың «Тоңбайды» өлеңін оқу.

б) Суреттен қыстап қалатын құсты көрсет

Д/о «Құйрығына қарап, құсты тап».

16-сабақ

Тақырыбы:Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары.

Мақсаты:

Туған өлкенің табиғатын қорғау туралы халық болжамдары жөнінен түсінік беру.Халық болжамдарын өз тәжірибелеріде пайдалана білуге үйрету.Балалардың сөз қорын молайту.

Сабаққа дайындық:

Балабақша айналасына мақсатты серуен.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балалармен бірге балабақша ауласына мақсатты серуен ұйымдастырады.Табиғат туралы халық болжамдары, «тиым сөздер»туралы балаларға айтып үйрету.Табиғатты қорғау жайлы табиғат болжамдарын пайдалана отырып,балаларға айнала қоршаған ортадағы табиғатты,табиғат құбылыстарды бақылатады (мұржалардан шыққан түтін,сүңгірлер,құстардың міңезіне қарай бақылаулар).Тәрбиеші экология сабағында табиғатты қорғауға байланысты тиым сөздер мен мақал-мәтелдерді қолданып,балаларды туған өлкенің табиғатының әсемдігін білуге қорғауға тәрбиелейді.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а)Табиғатқа байланысты халық болжамдары.

б)сурет бойынша әңгіме

 

17-сабақ.

Тақырыбы: Табиғат әсемдігі

Мақсаты:

Балабақша айналасындағы ең көрікті жерді таңдап бақылау жасау.Табиғаттың сұлу көркіне балалардың қызығушылық сезімін арттыру.Бақылай білу дағдысын дамыту.Табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық:

Суретшілердің жыл мезгіліне байланысты бейнеленген суреттері

А.Қастеев. «Күз», «Алтын күз»

А.Қастеев. «Қыс», З.Шарденов «Қыс келбеті»

К.Шаяхметов. «Алғашқы қар»

А.Қастеев. «Көктем»

Сабақтың барысы:

Суреттерді көрсетіп,Оразақын Асқардың «Суретші» өлеңін оқиды.Өлеңдердегі бағыттаушы сұрақтар қою арқылы «тірі» және «Өлі» табиғаттың өзара байланысын түсінулеріне көмектеседі.Шөптің қурауы,жапырақтың түсуі (Күзде) мұз қатқан өзендер (Қыста) ,өзендер сылдырап ағады,жер көгереді (Көктем) қызыл-жасыл гүл,аспан ашық (Жаз).

Саяхатта көргені бойынша табиғат несімен әсем екенін сұрақ-жауап әңгімелеу

Экологиялық дәптермен жұмыс

 

а)Өтетілеуов «Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз» өлеңдерін оқу.

б) «Суретшінің қатесін тап»

 

. 18-сабақ.

Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы еңбек»

Мақсаты:

Өсімдіктерді өсіру жолдары жөнінен балаларға білім беру.Өсімдіктің бұтағын дұрыс отырғызу әдісін үцрету және бұтақтан өсімдікті өздерінің өсіру ынтасын арттыру.Еңбек сүйгіштікке, мұқият болуға тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық:

Алдын ала топырақ салып дайындаған гүл отырғызатын ыдыстар, кішкене күрекшелер,таяқшалар, суы бар ыдыс, шүберектер және өсімдіктердің бұтақтары.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балаларға өсімдікті неден өсіретіні туралы айтады ( тұқымнан, тамырдан, бұтақтан). Жыл мезгілдерін айта келе (көктем) өсімдіктерде қандай өзгерістер болатынын (өсе бастайды) оларды отырғызуды(көбейтуді)ұсынады.Тәрбиеші өсімдікті біртіндеп отырғызу әдісін көрсетеді.Балалардың жұмысты орындауына тәрбиеші басшылық жасайды.Сабақты қорытындылап, тәрбиеші балалардың алған білімдерін бекіту мақсатыме бағыттаушы сұрақтар қояды.Бүгін не нәрсені үйрендік?Қандай өсімдіктердің бұтақтарын отырғыздық? Әртүрлі әдістер бойынша тамыр көбейтуге болады

Экологиялық дәптермен жұмыс

а)Қ.Сауғабаев.»Су құямын гүлге»тақпақты жаттау.

б) өзіңе ұнаған гүліңді суретке қарап сал.

19-сабақ.

Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы балықтың өмірі

Мақсаты:

Табиғат бұрышындағы жануарлар жәнебалықтар туралы білімдерін қалыптастыру. Олардың сыртқы пішіндері, мінез-құлықтары, ұрпақтарының көбеюі туралы білім беру.Жануарлар, жәндіктердің түрлері көбеюіне жағдайлар жасау және оларға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық:

Табиғат бұрышындағы, аквариумдағы балықтар.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші бүгін біз табиғат бұрышын бақылау жұмычын жүргіземіз. Мен жұмбақ айтайын.

«Құйрығы жерге тимейді,

Жотасы күнге күймейді» (балық)

-Балық

-Дұрыс айтасындар

Ол сусыз өмір сүре алмайды.Балықтың жүзуін, пішіні т.б. ерекшеліктерін қарап әңгімелеу. балық туралы тақпақтарын айтқызу.(Балықтар уылдырық шашады,көбейеді) суын екі жетіде

 

 

тазарту, жем шашамаыз т.б. Тамақты уақытында беру керек, қарны ашса балықтар бірін-бірі жеп қояды.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а)Балықтар туралы білетін тақпақ, ертегіні айт

б) Балықтың суретін сал. Д/о «Не қайда тіршілік етеді?»

20-сабақ.

Тақырыбы: Ойын сабақ. Экологиялық көрме; «Жануарлар біздің досымыз»

(Қасқыр,қоян, қызыл түлкі, борсық ,қабан, киік)

Мақсаты:

Балаларды Ақтөбеде мекендейтін жабайы жануарлар қасқыр,қоян,түлкі,қабан,борсық,киіктермен таныстыру.Оларды неге жабайы жануарлар деп атауларын түсіндіру.Олардың ерекшеліктері мен тіршіліктері әңгімелей білу. Пайдасы туралы айту.Қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық:

Әңгімелесу.Жануарлар туралы ертегілер айту. «Қасқыр мен қоян» ертегісін талдау.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балалардан неге біз қасқыр,қоян, қызыл түлкі, киіктерді жабайы жануарлар дейміз?Тәрбиеші түсіндіреді,өйткені оларға адамдар тамақ бермейді,олар тамағын өздері тауып жеп өмір сүреді.Қоян қыста ақ түске енеді.Қар астынан,қолдың өлген мал т.б. қорек етеді суреттерін көрсетіп жұмбақ арқылы таптыртады.Д/о «Суретіне қарап атын тап».

Экологиялық дәптермен жұмыс

а)Ж.Корбозин «Қоян»

ә)Қоян қыста қандай түске енеді?

б) Дидактикалық ойын «Қай жануар қайда мекендейді?»

21-сабақ

Тақырыбы Тәжірибе сабақ. «қар ериді, су болады»

Мақсаты:

Тәжірибе сабақ арқылы балалардың түсінігін кеңейту .Далада күн салқын болса қар ерімейді, ал егер топқа әкелсең ериді,су болады. Мұздың суға айналатынына көздерін жеткізіп үйрету. Топ жылы сондықтан ериді.

Сабаққа дайындық:

Мұз, қар, ыдыстар.

Сабақтың барысы:

Жұмбақ жасыру

Ақ сақалды атаны –ай

Мінезінің шатағы –ай (қыс)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)

Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді. (қар)

Тәрбиеші бұл жұмабақтар жылдың қай мезгіліне сәйкес келеді?

Тәжірибе сабақ көрсету. Даладан қарды әкелу, ыдыста еріту. Мұзды еріту. Алақанға салу т.б. Қар ақ, ол күрішке , шекерге. сүтке ұқсайды.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) суретті ретімен орналастыр

б)Қар туралы нені білесің?

 

 

 

22-сабақ

Тақырыбы :Ащы бұрышын отырғызу.

Мақсаты:

Тұқымды ағаш жәшіктегі қара топыраққа отырғызуды үйрету. Қалай тұқымды салу керек, суды қалай құяды, ретімен көрсетіп айту.

Сабаққа дайындық:

Қара топырақ , жәшік , тәтті, ащы бұрыш тұқымы.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші қазір қыстың соңғы күндері, енді көктем келеді. Біз топта табиғат бұрышына тәтті, ащы бұрыштың тұқымын жәшікке отырғызамыз. Ол көп уақыт шығып болмайды , жәй шығады, сондықтан осы жылы ауада тез отырғызуымыз керек.Басқа көкөністерге қарағанда ащы бұрыш көп уақытты талап етеді.Бұрыштың суретін көрсету. Тұқысын балалар тәрбиеші көмегімен отырғызып, су құю

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Ащы, тәтті бұрыштардан қандай салат жасаймыз.Үлкендер көмегімен дайында.

б)Басқа қандай көкөніс тұқымын білесің?

 

23-сабақ

Тақырыбы Қар опасынан өзіңе ұнаған жабайы жануарды жаса. (қоян, аю)

Мақсаты:

Қар опасынан тәрбиешілердің көмегімен жабайы жануарды жасауға үйрету.

Сабаққа дайындық:

Серуен.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші жұмбақ айтады.

  1. Ақ сақалды атаны –ай,

Мінезінің шатағын –ай (қыс)

  1. Мамықтай ұлпа,

Қанттай аппақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (қар)

 

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Аю туралы қандай ертегіні білесің?

б)Д/о «Не артық?»

 

24-сабақ

Тақырыбы Қысты шығарып салу мерекесі

Мақсаты:

Жыл мезгіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қыстай алған білімдерін мерекемен көрсете білу..

 

Сабаққа дайындық:

Қар, қыс, аяз атрибуттары

Сабақтың барысы:

Қыс болып келген бала өзінің тақпағы мен өлеңін оорындайды. Балалар қар, аяз, жел, боран киімдерімен киініп келіп, тақпақтарымен орындайды.Тәрбиеші балалар, сендерге қыс мезгілі ұнай ма? Қыста сендерге не ұнайды ? Балалардың жауабы :Қыста далада ойнаған жақсы. Сырғанақ, коньки, шанамен ,шаңғымен ойнаймыз. Қар опасын лақтырамыз . Қардан әртүрлі ақшақар, аққала жасаймыз. Қыс туралы тақпақтар , өлең, би орындалады.

 

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Білетін тақпақты айтып, орында

ә)Суретке қарап әңгімелеп бер.

б)«Қар жауды» тақырыбына сурет сал.

 

25-сабақ

Тақырыбы Наурыз – жыл басы

Мақсаты:

Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңелуі, табиғатқа қамқорлық мерекесі екені жайында түсінік беру. Баланы еңбекссүйгіштікке ,бақылай білу дағдысының дамуына тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық:

Бақылаулар, мереке туралы мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балаларға жылдың басы наурыз болып саналатынын, сондай –ақ наурыз көктем мерекесі екенін, наурызда бүкіл табиғат оянатынын әңгімелейді . Ә.Табылдиевтың «Наурыз жайы» өлеңін оқып беру .Наурызда адамдар бір –біріне деген өкпесін ұмытып , достасуға ұмтылады .Сонымен қатар халқымыз наурызды табиғат қорғау мерекесі ретінде атап өтетінін айтып өту керек. Қазіргі кездегі экологиялық жағдайды ескере отырып ,елімізде айнала қоршаған ортаны көгалдандыруға үлкен көңіл бөледі. Аулалар мен көшелерді тазалайды және оны жылда жасаййтын дәстүрлі іске айналдырады.

 

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) М.Қуанышбеков «Отырғыз ағаш көктемде»

б)Тапсырма . Берілген суреттегі жақсы және жаман істерді ажыратып көр.

 

 

26-сабақ

Тақырыбы Қаламыздың тазалығын сақтаймыз (саяхат, серуен арқылы)

Мақсаты:

Бақша айналасындағы жақын скверлерге , көшедегі ағаш көшеттерін отырғызып жатқан адамдар еңбегін, көше тазалайтын

 

жасыл әлемнің еңбектерін қарап , оларды құрмет тұтуға тәрбиелеу. Көшедегі қаламыздың тазлығын сақтауға біз де атсалысы, көмекші болуымыз керек екенін үйрету..

Сабаққа дайындық:

Серуен кезінде өздерін дұрыс ұстауға, қағаз қалдықтарын лақтырмауға т.б. тәртіпті айту.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балаларға ескерту серуендегі мақсатымыз не?Үлкен адамдар еңбек етіп жатыр, ағаш көшеттерін отырғызып жатыр , оны біздер қорғауымыз керек . Ескі ағаштарды ақтап жатыр , құр- құмырсқа жемеу үшін . «Жасыл әлемнің» адамдары қоқыстарды тазалап жатыр. Біздерде бақшамыздағы ауламызды қоқыстардан тазартуға көмектесуіміз керек.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Бұл қай кезде болады?

 

27-сабақ

Тақырыбы «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты:

Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі , табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.Құстарға деген қамқорлық сезіміне және оларға жағдай жасауға үйрету.

Сабаққа дайындық:

Балабақша ауласына мақсатты серуен, құстардың суреттері.

Сабақтың барысы:

Сабақ алдында тәрбиеші балалармен бірге балабақша ауласына мақсатты серуенге шығады. Балалардың назрын жыл мезгіліне (көктемге) байланысты табиғаттағы құбылыстарды, өзгерістерді байқауға аударады.(Құстардың келуі және ұя салуы , балапан шығаруы)Құстардың даусына және сыртқы құрылысына қарап ажыратуға үйрету . М.Заитовтың «Қандай құсты білесің?» Құстардың суреттерін көрсетіп , аттарын айтуды жалғастырады . Құстар табиғатты қорғайды ,табиғаттың бізге беретіні көп екенін айту.

 

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Тоқылдақты неге ағаш дәрігері деп атайды ?(әңгіме)

б)Сурет ішінен тоқылдақты тауып боя.

 

28-сабақ

Тақырыбы: Участокке ағаш,гүл көшеттерін отырғызу

Мақсаты: Балаларды ағаш,гүл көшеттерін тамырланған түрлерін қара топырақты

жерге отырғызуды үйрету.Серуенге шықққанда оған су құйып, айналасын қопсыту жұмыстарын үлкендер көмегімен атқаруды үйрету. Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балалармен қазір біз өзімізге бөлінген учаскіде жер бар, соны біз қарауымыз керек.Тамырланған ағаштың шыбықтарын, гүлдердің түрлерін алып көрсетеді. Осылардыбіз қара топыраққа отырғызуымыз керек,сосын күнде біз оған су құйып , түбін қопсытсақ, ол жақсы өсіп кетеді.Ауламызға сәнділік береді.(Қаратал, терек ,шырмауық гүл)

 

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Жұмбақтың шешуін тап. Суретін сал

Қыста киімін тастайды ,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш)

 

29-сабақ

Тақырыбы: Топта көкөніс өсіреміз

Мақсаты

Балаларға жылы жердегі тұқым тамыр шығаратынын, одан кейін жапырақтайды, өседі далада күн жылынған соң оны ыдыстан жерге қара топыраққа отырғызамыз, күнделікті су құю керек, қарау керек, тек сол кезде жақсы өседі.Ыдысқа қызанақ, қиярдың тұқымдарын отырғызып, көрсетіп үйрету. Еңбексүйгіштікке, талапты болуға тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық:

Ыдыс, қара топырақ, су, тұқым, күрекше.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші сабақ алдында көктем туралы жұмбақ айту. Көктемнің ерекшеліктері туралы әңгімелеу.Дала әлі салқын , тұқымды біз ыдысқа су құйып , тамырландырып , сосын қара топыраққа отырғызамыз, күнделікті су құйып, қопсытамыз.Күн жылынып, жер қызған соң осы отырғызған көкөнісімізді далаға,учаскелік жерге отырғызамыз.

Жыршы құстарға қандай құстарды жатқызамыз.

 

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Суретке қарап ретімен айт

Сұрақ-жауап ,әңгімелеп сабақты қорытындылау

30-сабақ

Тақырыбы: Дәнінен жемісіне дейін

Мақсаты:

Балалардың өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу және даму жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру.Табиғат бұрышында еңбек әрекеттерін ұйымдастыру және күнтізбемен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Бақылау кезінде өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу жолын бақылауға еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық:

Табиғат бұрышына керекті құралдар.Өсімдіктердің өсуін көрсететін күнтізбе.Сабақтың ұзаруы,жапырақтарының көбеюі, мұртшалардың пайда болуы, жемістің өсіп шыққаны белгіленеді.Белгілі бір мерзімнен кейін,бұл өсімдіктерге тағы балалармен бірге бақылау жасалады.

 

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Суретші нені ұмытты? Тақырып суретін сал

 

б)Құралдар атын ата, бұл затпен қандай жұмыстар атқарылады?

Әңгіме айтып бер

31-сабақ

Тақырыбы: Дәнінен жемісіне дейін

Мақсаты:

Балалардың өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу және даму жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру.Табиғат бұрышында еңбек әрекеттерін ұйымдастыру және күнтізбемен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Бақылау кезінде өсімдіктердің дәнінен жемісіне дейінгі өсу жолын бақылауға еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық:

Табиғат бұрышына керекті құралдар.Өсімдіктердің өсуін көрсететін күнтізбе.Сабақтың ұзаруы,жапырақтарының көбеюі, мұртшалардың пайда болуы, жемістің өсіп шыққаны белгіленеді.Белгілі бір мерзімнен кейін,бұл өсімдіктерге тағы балалармен бірге бақылау жасалады.

 

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Суретші нені ұмытты? Тақырып суретін сал

б)Құралдар атын ата, бұл затпен қандай жұмыстар атқарылады?

Әңгіме айтып бер

32-сабақ

Тақырыбы: Құстарды қалай қуанттым

Мақсаты:

Құстарға ұя жасап , оларды күтуге, қамқор болуға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабаққа дайындық:

Құстар ұясы, жем,су, суреттер, көктем көрінісі.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші «Ұя» тақпақты мәнерлеп оқу.

Ұя жасап тақтайдан

Талға апарып байладым.

жыл құсының шаттанған

Күттім қашан сайрауын.

Тақпағымызда ұяны қандай құстарға жасаған?

-Ұзақ, тырна, қарлығаш, аққу.

Құстар нені қорғайды? Табиғат бізге не береді? Бізде міне ұямызды бүгін ағаш басына іліп, олардың біз қалай қуанғандарын көруіміз керек?

Экологиялық дәптермен жұмыс

а)Суретшінің қатесін түзе!

б)Дидактикалық ойын. « Бұл қандай құс?»

33-сабақ

Тақырыбы: Дәстүрден тыс емдік шөптермен таныстыру.

Мақсаты:

Емдік шөптер жайлы түсінік беру. Емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру .Оларды қажетті мөлшерде ғана жинап,

 

 

өзге өсімдіктерге зиян келтірмеу жағын ескеруге үйрету.

Сабаққа дайындық:

Дәрілік шөптер суреттері жол-желкен, жалбыз ( тіс пастасы, сабын, сағыз).

Сабақтың барысы:

Әртүрлі емдік шөптермен жасалған сабын , тіс пастасын қойып ,балалардан сұрау.

-Балалар жақын келіп мына сабындарды қарап, иіскендер , қандай

иісті сезіп тұрсындар?

-Сирень гүлінің,тіс пастасында жол-желкеннің.

34-сабақ

Тақырыбы: «Бақша айналасындағы тазалық жанашырымыз»

Мақсаты:

Бақша айналасына жақсы көзбен қарауға, Қоқыстарды лақтырмай, ағаштарды сындырмай,тазалықты сақтау

Сабаққа дайындық:

Тәрбиеші сұрақ-жауап әңгімелесу . Балалар сендерге бақша ұнай ма? Біздің бақшамыз әдемі ме ? Қандай ағаштар, гүлдер өсіп жатыр? Олар бақшамызға сәндік беріп тұр. Біздің балалардың ішінде осы бақшада жүргенде өсіп тұрған ағаштарды құлатып, қоқыстарды лақтыратын балалар бар ма? Біздің топқа бөлінген учаскелік жерлерде қандай гүлдер ектік. Біз соларды күтуіміз керек. Бақша айналасына тағы да басқа гүлдерді отырғызуымыз керек. /Қоқыстарды лақтырмай,үнемі жинап отыруымыз керек. Сонда ғана біздің бақшамыз әдемі, таза болады екен.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Қай баланың ісі дұрыс, соны боя

35-сабақ

Тақырыбы: «Туған қаламыздың көктемі» (Тақпақ жаттау)

Мақсаты:

Көктем бізге кеш түседі. Наурыздың аяғына дейін қар жатады. Біз көкөністердің тұқымдарын үй ішінде өсіреміз, көп уақытқа дейін қалың киімімізді шешпейміз т.б. ерекшеліктерді балалар ұғымына бере отырып үйрету. Оңтүстікке қарағанда бізде қыс кеш кетеді, көктем кеш келеді.

Сабақтың барысы:

Балалар қарандаршы терезеден ағаштарға әлі жапырақ шыққын жоқ, ал сендер теледидардан көрдіңдер ме оңтүстік жақтағы қалаларымызда ағаштар жапырақ жайған, олар көкөністерді жерге салып егіп жатыр, өйткені ол жақта күн жылы, бізде салқын. Біздің қаламызда қыс кеткісі келмейді, ал көктем ерте келгісі келмейді, дегенмен кейбір жыршы құстарымыз оған қарамай келіп қалыпты. Біздің қаламызда көктем кеш келеді. Сұрақ-жауап балаларды әңгімелету.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) «Бұл қай кезде болады?»

 

 

 

 

36-сабақ

Тақырыбы: Көктемді шығарып салу мерекесі

Мақсаты:

Жыл мезгіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жылдың өзгешіліктері жайлы ұғымдарын кеңейту.

Сабақтың барысы:

Балалар бүгін бізге көктем қонаққа келді. Сіздердің көктем мерекесіне арналған қандай өнерлерің бар.Көктем туралы тақпақтар,жұмбақтар айтады.Көктем ,наурыз билері тамашаланады.Тәрбиеші: Балалар ,қонақтар,көктем бүгінгікөктем мерекесіне арналғанбіздің балалардың өнерлері өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. Осы көктемде көп мерекелер өтіпті.

8 наурыз- аналар мерекесі ,

22 наурыз- Қазақ халқының Жаңа Жылы

12 сәуір- ұшқыштар мерекесі

Сәуірде кілең тазалық күндеріміз өтіпті , енді біз хош айтысып, көктемді шығарып салайық.

Хош – хош көктемім.

Экологиялық дәптермен жұмыс

а) «Бұл қай кезде болады?»

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.Айналамен танысу. «Алматы кітап» 2001 ж

2 777 жұмбақ, Алматы «Ана тілі» 1994 ж

3.Жыл он екі ай. 2006 ж

4.Ақ сандық,көк сндық . Алматы «Жазушы» 1998 ж

5.Айнала қоршаған орта Экология. «Алматы кітап» 2002 ж

6.Экологиялық сабақтар. Т.М.Бондаренко Воронеж 2006.г

7.Біздің кітап. Баймұратова Б. «Алматы кітап» 1998ж

8.Бөбектерге байғазы кітапханасы. Алматы 2000 ж

9. Тіл ашар

10.Қазақ балабақшаларына арналған «Балбөбек» бағдарламасы

11.Айналаны қоршаған орта, экология. Манкеш А.Е. 2005ж

12.Бастауыш мектеп №1 2000 ж.

13.Бастауыш мектеп 1998 ж.

14.Жаттамақ

15.Экологиялық тәрбие балалармен 5-6-7 жас. Т.М.Бондаренко

16.Балабақшадағы дидактикалық ойындар. Сорокина А.Е. 1990 г

17.Игровые экологические занятия с детьми. Молдова Л.

18.Невидимые ниточки природы . Рыжова Н.А. М.1995г

19.Какие месяцы в году? ШрыгинаТ.А. М.2000г

20.Я и природа Рыжова Н.А.

 

2 комментариев(я)

  • Гульнара

    Сізге көп-көп рақмет. Жұмысыңыз жемісті болсын, балапандарыңыз қызық- қуаныш сыйласын!

    • көп алғысымды білдіремін. Экологиялық жобама бағыт алдым.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s