Ата-аналар жиналысын өткізудің дәстүрден тыс үлгілерін пайдалану


Семей қаласындағы
№34 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Айтжанова Асел Сағынқызы

Аннотация

Осы еңбекте ата-аналармен жұмыстың бір түрі – жиналыс болса, соны өткізудің дәстүрден тыс үлгісінің пайдасын көрсеткен. Жиналыс үлгісі, өткізудегі әдіс- тәсілдері, ақпараттық- технологияны тиімді пайдалану мұғалімдерге көмекші құрал болады.

Аннотация

В данной работе автор рассказывает о форме работы с родителями- родительском собраний,его проведений в нетрадиционной форме.Это методическое пособие включает в себя пример родительского собрания, методы и формы его проведения, эффективности использования информационной технологии.

Annotation

Here author tells us form of work with parents at the parent’s meeting ,it’s helding in non traditional forms . This methodical work includes itself different parent’s meeting , methods and forms , it’s effective using in informational technology.

 

 

Баланы өмірге бейімделуге мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім – тәрбиедегі жарасымдылық мектептен ата-ана әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Халық Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Ата-ана балаға жеке тұлға ретінде баға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді.

Жобаның өзектілігі:

Ата –аналарды мектеппен байланысын ғылыми түрде қалыптастыру. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру.

Жоба мақсаты:

Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету. Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта ата-аналардың қоғамынан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Осы байланыстың тәсілдері жобада қарастырылып, бірнеше үлгісі көрсетілген.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз
етеді. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында сынып жетекшісінің негізгі функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы болып табылады.
Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Жанұя, отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. 
Сынып жетекшісінің жұмысы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы болу. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып пен отбасының байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы байланыс тек жиналыс өткізу деп есептесе, қателеседі. Ата-аналар жиналысында оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы жайында сөз болады. Сол себепті ата-аналар сынып жиналысына аз келеді. Ата-аналар да жұмыс бастылыққа салынып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле бермейді. Сол себепті мұғалім ата-аналар жиналысында осы проблеманы да «Сізді тәрбиелеймін» деп емес, сіздерге «көмек» деп түрлі формада өткізсе , баланы ата-анасы жақсы танып, кемшілікті дер кезінде түзер еді. Бала мектептен көрі үйде көп болады. Ендеше, отбасы дене және психологиялық жағынан сау, ақыл- ой және интеллектуалды дамыған, алдында күтіп тұрған еңбекке, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр жеке тұлғаны қалыптастыруға міндетті.

Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланған сияқты, ата-аналарға көмек ретінде ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес жұмыс формасын пайдаланған өте тиімді.

Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары

 

Тақырыптық консультация

Ата-аналар оқулары

Ата-аналар кештері

Ата-аналар

т-рингтері

Ата-аналар топтарына жетекшілік

Проблемасы бірдей ата-аналарға беріледі

Психологиялық, педагогикалық кітап оқиды және оны талдайды

Балалардың қатысуын

сыз 2-3 рет жылына өткізіледі

Педагогика

лық проблемаларға жауап береді. Сұрақты ата-аналардың өздері дайындайды

Ата-аналардың бірігуін қамтамасыз етеді.

 

Әр әке мен ана баласына қалай тәрбие беру керектігін түсінуі керек. Ал дұрыс тәрбие беру үшін ата-ана ең алдымен өзін тәрбиелеуден, педагог болуға үйренуден бастау керек. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілдіру қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде пайдаланып, бірнеше ата-аналар жиналысын өткіздік. Интерактивті тақтаны ,яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып- білуге, байланысты нығайтуғк қосар үлесі зор. Ата-аналар келесі жиналыстың тақырыбын өздері таңдап, асыға күтіп жүреді.

Ата-аналар жиналысы

Күн тәртібінде:

1. «Мейірімді әдетке балалық шақтан бастап тәрбиелеу»

Жиналыстың мақсаты:

1. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру

2. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету.

3 Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын бірлесе қарастыру

Өткізу түрі: Дөңгелек үстел, пікір-талас

Әдіс-тәсілі: Тренинг жаттығулары, топтық жұмыс кеңес, шығармашылық тапсырма.

Көрнекіліктер: Ватман қағаз,қалам, жүрекше, үлестірмелі тапсырмалар, слайд, үлгілі бала суреті, үнтаспа

Жүргізілуі

Ата-аналар жиналысының мақсаты хабарланады.

Слайд Амандасып жатқан адамдар

- Ортаға шығып шеңбер жасап тұрып бір-бірімізге амандасайық.

«Жүректен жүрекке»

(Ата-аналар шеңбер жасап,ортаға келіп тұрады. Қолдарында кішкене жүрекшелері бар. Жүрекшелерді бере отырып,жақсы лебіздерін білдіреді)

-Осы тілектеріңіз қабыл болсын десеңіздер,мына жүрекшеге,яғни балалардың жүрегіне әкеліп қояйық.

-Енді осы үлкен жүректі ,жүрекшелерімен бірге мектептің жүрегінің үстіне қояйық.

-Бәріміздің тілегіміз қабысып,жүректен-жүрекке жылы лебізіміз жетіп тоғысты. «Мейірімді әдетке балалық шақтан бастап тәрбиелеу» пікір таласымызды бастаймыз.

  1. Үш топқа бөліну.

Сары қағазға жазылған «Әке туралы жыр»,қызыл қағазға жазылған «Ана туралы жыр», көк қағазға жазылған «Балапаным» әндерінің шумақтары жеке –жеке жазылған үлестірмелі тапсырмалар таратамын. Әр ата-ана өзіне тиген өлең шумағын өлеңдете айта отырып,түсіне орай топқа сары түс- «ӘКЕ», қызыл түс- «АНА», көк түс- «БАЛА» тобына бірігіп отырады.

  1. «Үлгілі баланың бейнесі»

Бала суреті ілініп тұрады.Одан әр жаққа сызықша тараған.

Т а п с ы р м а: Үлгілі балаға қандай қасиеттер тән,атаңыздар.

Әр топ атап шығады. Жазып даяр тұрған сөздерді сызықшаларға қояды.

Үлгілі бала

 

 

Ұқыпты Ұстамды Мейірімді Сыпайы Білімді Мәдениетті

Үлгілі бала бейнесін жасады.

Т а п с ы р м а «Ереже –қарым –қатынас негізі»

Үлгілі бала қандай қарым-қатынас жасау керек. 3 топқа үш түрлі қатынас ережесін жазу тапсырылады. Тапсырма орындалып жатқанда «Балалық шақ» тыныштандыратын күй ойналып тұрады.

ӘКЕ АНА БАЛА

Сөйлесу ережесі Мәдени-гигиеналық Достық ережесі

Сәлемдесу Таңертең бір уақытта тұр Жолдасыңа көмектес

Үлкеннің сөзін Жуын,тіс тазала Жолдасыңмен бөліс

бөлме Тамақ алдында қол жу Тыңда

Айқайлап сөйлеме Үстелде дұрыс отыр Тату бол

Алғыс айт Асықпай же Өтірік айтпа т б

  1. Қорытынды

Жиналысты мына өлең шумағымен аяқтағым келеді.

Әкем,анам үлкенді сыйла деген,

Сол сөз маған ізгілік,құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан,кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Осы астарлы сөзді әрқашанда ұмытпайық.

  1. Рефлексия

Сабақ ұнады ма?

  • Өзіңізге маңызды қандай ақпарат алдыңыз?

  • Алдағы жиналыста қандай талдау ұсынасыз ?

Келесі ата-аналар жиналысының тақырыбы өздерінің сұрауы б/ша

«1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі» Оны мектеп психологының қатысуымен кіріктіре өткіздік.

Өткізу түрі: Ақпараттық-ағартушылық

Әдіс-тәсілдері:
Слайдтарды демонстрациялау, интерактивті тақтамен жұмыс («Флепчард» бағдарламасы бойынша), балалар бейнеленген видеотаспаны демонстрациялау,тренингтік жаттығулар,топтық жұмыс,кеңес,
психологиялық тестті компьютерде орындау

Көрнекіліктер:
Видеофильмдер (оқушылардың «Ата –анаға айтарым бар…» тілек- өтініштері , оқушының бейімделуіндегі қиыншылықтары түсірілген фоталар, «Балаңыздың суретін танисыз ба?» оқушы суреттері), үнтаспа, слайд,, әр компьютерде берілген тестік тапсырмалар .

1.Баяндама: “Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіндегі қиыншылықтары” атты баяндаманы мектеп психологы жасады, сынып жетекшісі баяндамаға дәлел ретінде оқушылардың бейімделу қиыншылықтарын көрсететін видео мен фота суреттерді, «Менің жанұям» тақырыбында салған суреттер сырына тоқталып, әр суретте оқушы ой бар екенін айтып отырды. Мысалы: суреттегі жанұя мүшелерінің бойының біркелкі салынуы – ынтымақтылықты, әкесінің бой ұзын – әке қамқорлығын қажет ету т.с.с жағдайларға тоқталды.Мектеп психолгы «Менің баламның…» тестісін жеке компьютерді пайджаланып ала отырып, ата-ананың өз баласын тәрбиелеуде , танып- білуде нені басшылыққа алу керектігін сезіндірді.

2. Психологиялық тренинг

  1. Балаңыздың ең жақсы көретін түсі

  2. Жақсы көретін мерекесі

  3. Сүйікті тәтті тағамы

  4. Сүйікті мульфильмі

  5. Ең сүйікті тағамы

  6. Ең жақсы көретін пәні

  7. Ең жақын досының аты

  8. Ең сүйікті жыл мезгілі

0-1 жауап беруге қиналдыңыз:

Бәрекелді! Балаңызды өте жақсы түсінесіз:

4-8 жауапқа қиналдыңыз:

Балаңыздың өміріне немқұрайлы қарайсыз. Балаңыздың жәбірленуіне жол беріп жүрсіз дей келе «Қалай жақсы ата-ана болуға болады?» деп ақыл-кеңесін берді.

3. «Менің байқағаным..» – ата-аналар пікірі тыңдалды.

4. «Жүректен- жүрекке» әр ата-ана өз баласына лебізін , қалай жақсы көретінін білдірді.

5. Рефлексия

- Мыны гүл сіздердің балаларыңыз сияқты нәзік, сол гүлге баланы танып- білудегі есте болатын жағдайларды жаза қойыңыздар.

- Өзіңіз не алдыңыз?

- Жиналыста айтылған мәселелердің сізге пайдасы бар ма?

Сөз соңында айтарымыз: ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формаларын қолданып өткізудің тиімділігі:

Ата-аналар жиналысында компьютерді пайдаланудың артықшылықтары; Әр ата-ананың өз баласын басқа қырынан тануға мүмкіндігі ашылды; Ата-анамен сынып жетекшісі арасындағы байланыс одан әрі нығайды; Ата-аналардың жиналыс жайында түсініктері өзгеріп, мектепке келуі жиіледі; Ата-ананы біле отырып, оқушымен қарым-қатынас құру жеңілдеді; Оқушы мен ата-аналары арасында сыйластық қатынас орнады; Педагогикалық – психологиялық кеңес алады; Ата-аналарға арналған тесттік тапсырмаларды орындау мұғалім үшін пайдалы: уақыт үнемделеді, көрнекілік ретінде қолданылады.

Бүгінгі таңда Қазақстандық жаңа тұрпатты мұғалім алдында екі ауқымды міндет тұр. Оның біріншісі – уақыт ағымынан қалмай, алға ұмтылған өзгермелі қоғамда заманауи талаптарға лайықты жауап беретін кәсіби шебер маман болу, екіншісі – кейінгіге қайта оралып, ата-бабаларымыз мирас етіп қалдырған ұлттық құндылықтарды жастар бойына сіңіру.

Осы екі міндетті шешкенде ғана біз ұлтымыздың білім мен мәдениетін әлемдік деңгейге жеткізетін жас ұрпақ тәрбиелей аламыз.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Әтемова.Қ. «Ата-аналар жиналысының мәні»,1996 ж

2.Әбенбаев. С. «Мектептегі трәрбие жұмысының әдістері», 1999ж

3.Иманбаева. Б.И. «Тұлғаны тәрбиелеуде субьектілерінің мүмкіндігін кіріктіру», 2009ж

4. Каштекова Б. «Отбасы адамгершілік мектебі», 2008ж

5.Кукушин.В.С. «Теория и методика воспитательной работы» , 2002ж

6.Лесгафт П.Ф. «Семейное воспитание ребенка и его значение», 1991ж

7. Аманашвили .Ш.А. «Педагогическая симфония»-М.2002ж

 

Categories: Uncategorized

Tagged as:

2 replies »

  1. ата-аналар жиналысын түрлендіріп өткізу бұл ата-анамен мектеп байланысын жақсартады. Жауыр болған тақырыптарды қозғай беріп керек емес. Мына жиналыс үлгісі ғана. Жақсы.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s