Алтын күз


Астана қаласы, №64 мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімі
Байболова Сағыныш Сағындыққызы

Алтын күз.
Осы тақырыппен өткізілетін сабақтың мақсаты: күздің негізі белгілерін, табиғат ерекшелігін бақылату, әңгімелеп айтуға үйрету, баланың тіл байлығын дамытып, сөз қорын молайту, алған білімдерін тиянақтау. Сабақта салқын, суық жел, сұр бұлт, дымқыл, туман деген сөздер сөздек ретінде пайдаланылады.
Көрнекі құралға күзде бейнелейтін суреттер, соның ішінде ағаштардың суреті (жапсыруға керекті түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, қылқалам туғырымен, сүрткіш пайдаланады).
Сабақта әңгімелесу, әңгімелету, түсіндіру әдіс-тәсілдерді қолданылады. Алдымен сәлемдесу рәсімінің басталатын сабақта балалар бір-біріне жылылық шырай таныту үшін:
Қуан! Шаттан! Алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң,
Қайырлы күн!
Сәлеметсіз бе? – деген жылы сөздер айтады. Одаң соң мемлекетіміздің Әң ұраны орындалады.
Жүргізуші: Балалар, аптаның нешінші күні? Бүгін аптаның үшінші күні, сәрсенбі. Ендіше сәрсенбінің сәтті күнінде сабағымызды бастайық. Балалар, мен жұмбақ-өлең оқимың, мұқият тындап отырып, не туралы екенің айтып беріңдер.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
- Қай мезгіл, кім айтады?
- Күз.
- Дұрыс айтасындар, рахмет.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Алтын күз» деп аталады.
Күз түскенде күн салқындайды. Шөптер, жапырақтар алтындай сап-сары болып сарғаяды, сондықтан «Алтын күз» деп атайды.
- Күздің басқа жыл мезгілдерінең қандай ерекшелігі бар?
- Күн қысқа, тұн ұзақ. Жаңбыр жиі жауады. Күзде астық жиналады. Балалар мектепке барады. Құстар жылы жаққа қарай ұшады.
- Егер күн ашық болса қандай сөздер айтуға болады?
- Аспан ашық, мөлдір, көгілдір, тап-таза.
- Егер күн бұлтты болса ше?
- Аспанда сұр бұлт-қаптайды, не ала бұлтты болады, ауа дымқылданып тумандады, суық жаңбыр сіркіреп, не нөсерлеп жауын жауады.
- Енді балалар, мына суретке назар аударайық. Кім тақтаға шығып, осы сурет туралы әнгіме айтып береді? (тақтаға ілінген ұш сурет бойынша әнгіме айтылады)
- Өте жақсы балалар, рахмет! Барің де суретке қарап әнгіме құрап айтуды жақсы біледі екенсіндер.
Ал балалар сәл сергіп алайық.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан самал еседі
Кіп-кішкене ағаштар
Біп-биік боп өседі
Ағаштар тербеледі (екі қолды созып оңға, солға тербелу)
Қаттырақ тербеледі (екі қолды жоғары созған калпы қаттырақ оңға, солға тербелу)
Кіп-кішкентай ағаштар (аяқтарын бүгіп, төмен отыру)
Үлкен болып өседі (қолды кең жаяды)
Биік болып өседі (қолды биікке (жоғары) көтереді)
Жүргізуші: Күзде неше ай бар екен?
- Үш ай
- Балалар, күз айлары қалай аталады?
- «Қыркүйек, қазан, қараша» – деп аталады.
- Ал, күзден кейін қандай жыл мезгілі басталады?
- Жылдың «қыс» мезгілі басталады.
- Күздін осы үш айына, қыстық үш айын қоссақ, барлық неше ай болады?
- Алты ай болады.
- Өте жақсы, жауаптарына рахмет! Балалар, бізді қоршаған ортаны «табиғат» – деп айтқан болатынбыз. Сол «Табиғат» – «Анамыз» туралы кім тақпақ біледі?
Табиғат ол – анамыз.
Табиғатқа боламыз
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Жүргізуші: Балалар, табиғаттың бір байлығы ағаштар екен. «Ағаштар көрмесін» көргілерің келе ме?
- Ендеше «Ағаштар көрмесін» көріп тамашалайық. (Жабулы тұрған ағаштар көрмесі ашылады).
- Балалар, сендер қандай ағаш түрлерін көріп тұрсындар?
- Қайын, терек, шырша, қарағай, т.б.
- Балалар, бұл жай ағаштар емес, «сиқырлы» ағаштар. Сендерге көптеген сұрақтар қойғысы келіп тұр. (Сиқырлы ағаштардың сыртында геометриялық денелер мен сұрақтар жазылып қойылған. Балалар геометриялық денелерді атап, сұрақтарға жауап береді).
- Енді ағаштар, күз туралы кім тақпақ біледі?
Сырғалы қайын, ақ қайын
Баптайын, күтіп сақтайын
Басында тауыдың долана,
Жемісі піспей жолама.

Басқа ағашпен аралас
Шайқалады қарағаш
Көк қарағай, қарағай
Мейірімді аңадай.

Ауыл сәні терек,
Терек егу керек.

Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз.

Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
Жүргізуші: Балалар, күзге байланасты кім мақал-мәтел біледі?
Күз дәнімен көрікті
Қыс қарымен көрікті

Қар көп болса, дән көп
Қыс қарымен көрікті

Қар көп болса, дән көп
Су көп болса, ну көп

Жүргізуші: Балалар, сендер тақпақты да, мақал-мәтелді де жақсы біледі екенсіндер ал жұмбақ айта алады?

Алтын сары тоны бар
Қойында дані бар
Не екенін тауып ал (бидай)

Жапырақсыз сыйдиып
Жабырқаулы бар ағаш
Көк шапанын жамылып
Қулпырады қай ағаш

Жүргізуші: Балалар, енді де сендерге менең жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды,
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толғиды.
Балалар: Жапырақ
Ағайынды бәрі
Шықса көк,
Туссе сары.
Балалар: жапырақ

- Балалар, жұмбақтардың Шырша және Жапырақ деген жауабын тура таптындар. Енді осы шырша мен жапырақты қиып ұжымдық, жұмыс жасаймыз. Ол үшін екі топқа бөлінейік.
І – топ, шыршаны тауылы жерге тапсырады
ІІ – топ жапырақты ағаштарға жапсырады. Жапсыру жұмысы аяқталған соң әр топтың жұмыстарына тақырып қойылады.
Шыршаны қиып жапсырған балалар, өздері жасаған жұмыстарына «Тау етегіндегі шыршалар» деген тақырып қояды.
Ал жапырақ жапсырған 2-ші топ жұмыстарына «Күзгі көрініс» – деген тақырып қояды.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі жұмысын бәрін де жақсы орындадындар, көп еңбек еттіңдер. Еңбектін наны тәтті, жалқаудың жаңы тәтті дегендей, еоеншек, жалқау болмандар. Сонымен бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
- Алтын күз туралы болды.
- Күз мезгілінің айлары қалай аталады?
- Қыркүйек, қазан, қараша
- Осы айлар туралы кім тақпақ біледі?
Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырады жарқын күз.
Сайрандады күліп-ойнап,
Келді міне, алтын күз!

Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғыр көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Қалықтаған аспанда,
Тарау-тырау тырналар.
Алыстаған достарға,
Жеткіз бізден бір хабар.
Құстар қайтты күз болып,
Сұр бұлт жапты аспанды.
Жапырақ түсіп, гүл солып
Қыс ызғары басталды.
Жүзім, алма жинаймыз,
Алтын мақта тереміз
Үлкендерді сыйлаймыз,
Көмектесе береміз.

Жүргізуші: Өте жақсы балалар, рахмет! Бүгінгі сабағымызды тағы бір тақпақ жаттап үйренеміз. Жаңа үйренетін тақпақтың сүретті мәтіні плакатқа салынып, тақтаға ілінеді.
1 – сарғайды, 2 – шықты, 3 – жиі жауды, 4 – жылы жаққа ұшады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады? (Күз)
Сабақ «Күз береке» әнің хормен айтуымен аяқталады.
Жақсы қатысқан балаларды мақтау, үлгі ету. Басқа балаларды ынталандыру.

Categories: Uncategorized

Tagged as:

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s