Баяндамалар

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыратын тәрбиешілерге арналған әдістемелік жұмыстар мен іс-шаралар жинағы


Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
№9 орта мектеп. Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы

Түсініктеме хат.

Қазіргі қоғамымыз мектепте жаңа технологиялар арқылы оқыту мен тәрбиелеуді талап етіп отырғандықтан, осы әдістемелік құралда инновациялық жаңа әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылған тәрбиелік шаралар, ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатындағы дайындалған.  Мектеп жанындағы лагерь тәрбиешіліріне әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынамын.

П і к і р

          Осы пікір Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы № 9 орта мектептің мұғалімі, сынып жетекші,  әрі мектеп жанында 3жыл лагерь тәлімгері болған  Бекбауов Нұрбекке беріледі. Аталған мұғалім қазіргі таңдағы бәсекеге мейлінше қабілетті ұрпақ тәрбиелеудегі жаңашыл тәлімгер, мұғалім екенін айтуға болады. Оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы ізденімпаз ұстаз. Жас өскелең ұрпаққа жан-жақты дамыған, мәдени-саяси өмірге араласудағы шынайы өмірден көрінер орны бар тәрбие берудегі  шығармашыл  мұғалім. Мектеп жанындағы лагерь тәлімгері, сынып жетекші, мұғалім Бекбауов Нұрбек «Ауыл мұғалімі-2006»ІІ-ор, «Жас маман-2007»І-ор, «Тәрбие  саласы бойынша аудандық пед.оқу-2008» ІІ-ор, Облыстық пед.оқудан «Алғыс хатпен», «Ауылдың үздік мұғалімі -2008» номинациясының иегері, 2008жылы обл.білім беру ж/е салалық кәсіподақ  ұйымының «Құрмет грамотасы» мараптталған. 2010 жылғы аудандық “Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру” тақырыбындағы мектеп директорлары орынбасарларының семинарында ерекше жұмыстарымен танылғаны үшін Алғыс хатпен т.б. мақтау қағаздарымен марапатталған. Нұрбек Бекбауовтың жаңа технологиялық әдістерді қолданып өткізген төмендегі тәрбиелік шараларын тәрбие саласы бойынша жоғары деңгейде ұйымдастырылған жұмыстар ретінде бағалануда. Мектеп жанындағы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын жаңа әдістемелік тұрғыдан құра білген деп есптеймін. Осы бағытағы барлық құрлымды шаралары лагерь тәрбиеленушілерінің жас еркшелігіне арналғанын байқадым, мектеп жанындағы ларгерь тәрбиешілеріне арналған әдістемелік жұмыстар мен іс-шаралар  тақырыбындағы жинағын жоғары деп бағаладым.

Мектеп директоры:                                                                                         Ж. Қамысбаев

Қ.Р.  Білім беру ісінің үздігі, директордың тәрбие ісі
                 жөніндегі орынбасары:                                                                З. Ә. Жиенбет

 

Бекбауов Нұрбек Сембайұлы 1983 жылы  Сағыз селосында дүниеге келген. 2005 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетті дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі уақытта Сағыз селосындағы №9 орта мектепте өз мамандығы   бойынша еңбек етеді. «Болашақ» оқушылар кеңесінің   жетекшісі, сынып жетекші, бірлестік жетекшісі, «Журналис»қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. 2006-2007, 2008-2009 жылдары мектеп жанындығы «Жасұлан»жазғы демалыс лагерінің   тәлімгері. 2011жылы «Үздік идеялар» сайысының лауреатты. 2011 жылғы «Ең үздік сабақ» аудандық сайысының І орын иегері. 2009 жылы сынып жетекшілік іс-тәжірибем мектепішілік таратылып, 2010 жылы сынып жетекшілік іс-тәжірибем облысқа ұсынылып, авторлық құқық алуда жұмысым саралануда.  Ғаламтордың ашық сабақтар сайтындағы тәрбие бөліміне «Жан қазынасы- адамгершілік негізі»атты тәрбие сағатым жарияланды.

 

 

 

 

                           М А З М Ұ Н Ы

 

 

АЛҒЫ СӨЗ……………………………………………………………………………………………………..1

 

ЖАЗ  АЙЛАРЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС  УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ТАЛАПТАРЫ……………………….2-6

 

 

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІ-

ЫНТЫМАҚ ПЕН ДОСТЫҚ КЕПІЛІ……………………………………………………………7-15

 

 

ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ……………………………………………………………….11

 

 

ӨЛЕҢ – ЖЫРЛАР………………………………………………………………………………………….16

 

 

ҰЛТТЫҚ СПОРТ, ӨНЕР, БІЛІМ……………………………………………………………….17-18

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………………………..19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақ халықы-талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы-тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы. Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.

Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой-санасының өсіп – жетілуі тек білім көрсеткішімен бағаланып келді. Нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік болмысын бойына дарыта алмаған,ал өзінікін бағалап білмеген жас ұрпақ өсіп жетілді. Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан көрініс тапты. «Бала тәлімі-құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген кейбір әке-шеше тәлімдік мағынасы бар даналық сөздер мен өнегелі істерді отбасына дарыта алмады.

Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жүргізілетін тәрбиелік шаралары үшін ұсынылып отырған әдістемелік жинағымның септігі тиер деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

1

ЖАЗ  АЙЛАРЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ

БОС  УАҚЫТЫН  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ТАЛАПТАРЫ

 

Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызыметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:

-         балалардың жас еркшелігін;

-         психологиялық ерекшелігін;

-         денсаулығын;

-         ұлттық ерекшелігін;

-         аймақтық ерекшелігін;

-         діл (менталитеттік) ерекшелігін;

-         жыныстық ерекшелігін;

-         қабілет-мүмкіндігін, т.с.с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет.

 

Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:

-         өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;

-         ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;

-         достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;

-         туған жердің табиғатынның және экологиялық маңызына мән беруге;

-         азаматтық-елжандылық сананы қалыптастыруға;

-         ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру – тәрбиеші-ұстаздың басты міндеті.

2

 

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үрдісінде оны орындау және түзетуді бақылау – жоспардың нақтылығы.

 

Нақты педагогикалық міндеттерді анықтау:

-         лагерь орналасқан жердің, елдің даму перспиктивасы;

-         қазіргі заманғы балалар қозғалысы мен ұйымдары қызыметінің негізгі бағыттары;

-         лагерь жұмысының күнтізбелік және перспективалық жоспарынан;

-         лагердің әлеуметтік кеңесінің ұсыныстары арқылы жолға қойылады;

 

Лагердің топ  жұмыстары дегеніміз, бұл:

 

-         ауысымда жүретін жалпы лагерлік жұмыстардың бағыттылығы, сипаты, ауысымдарының өзгешелігі;

-         лагердің дәстүрлігі;

-         лагердің профилдері (жас тілщілір, туристер, спортшылар т.б.);

-         мұғалім-ұймдастырушылардың жеке қызығушылықтары;

-         тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі;

-          лагердің барлық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеті.

 

 

Жазғы мектеп лагеріндегі тәрбиешілер жұмысты ұйымдастырудың төмендегіше ретін ескеруге міндетті:

а) күнделікті жоспарды құру;

ә) топтың күнделігін жүргізу;

б) ұйқыдан тұрғанға дейінгі 15-20 минуттық тәрбиешілер лездемесіне қатысу.

 

 

Топ аттары, ұрандары

Топтардың аттары мен ұрандары, ұрандық сөйлесімдері балалардың жас ерекшіліктеріне сай іріктеліп алынады.

 

Топтардың аттары «Жұлдызша», «Балдырған», «Ақ көгершін», «Қарлығаш», «Жалын», «Қыран», «Болашақ», «Мұрагер», «Балдәурен», «Жас толқын» т.б. деп атауға болады.

 

Топ ұрандарының үлгілік нұсқалары:

 

-         Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,

Өнегелі ұл-қызбыз.

 

-         «Балдырғанбыз»- балдаймыз,

Бақытты өмір таңдаймыз.

Шаттық-думан көңілді,

Болашаққа жалғаймыз.                                                                                       3

-         «Ақ көгершін»- бейбітшілік ұланбыз,

-         Жақсылық, жақсы үнге ұранбыз. т.б.с.

 

Ұрандық сөйлесімдер:

-         Қандаймыз?                                                              – Ән айтуға қалаймыз?

-         Жараймыз!                                                                – Бастаушыға қараймыз.

-         Қалаймыз?

-         Санаймыз: бір,екі, үш!                                             - Біздің топ қандай?

Жолға бастап түс.                                                       Татулығы балдай!

Шарықтатып, талмай…

-Ән айтамыз қалмай!

 

Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Жазғы маусымдық лагерлерде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі болуы мүмкін. Олар:

-         Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар;

-         Алғырлық, зерделік, тілдік шоу-сайыстары;

-         Ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын-байқаулар;

-         Ұлттық дәстүрлер мерекесі;

-         Өнер байқаулары;

-         Әдеби викториналар;

-         Сурет көрмесі, плакаттар байқауы;

-         Пікірталас, пікір-сайыстар, интерактивті тапсырмалар;

-         Көңілді тапқырлар клубы (КВН);

-         Сөздік сайыстар, саяхаттар;

-         Поэзия кештері;

-         Ән-күй кештері;

-         Концерттік кештер;

-         Би кештері, т.б.

 

Іс-шаралардың тақырыптық үлгілері

Жазғы демалыс лагерінде демалуға келген балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өткізуге мүмкін іс-шаралар тақырыптары:

-         «Менің елімнің нышандары» әңгіме;

-         «Қазақстандық елжандылық-бұл….» пікірталастар,

-         «Әнім сенсің, Туған жер!» ән-кеші;

-         «Қазақстанның ұлы адамдары» шығарма;

-         «Тілге құрмет-елге құрмет» КВН

-         «Менің елім, менің ауылым» жобалар сайысы;

-         «Лагерь аруы»қыздар арасындағы сайыстар;

-         «Қандай көркем, туған өлкем» табиғат аясына саяхат;

-         «Ұлтымның ұланымын» ер балалар арасындағы сайыс;

-         «Лагерь жетістіктері» баспасөзге мақала беру;

4

 

Лагерь жұмысын жоспарлауға ескерілетін

даталы күндер

 

1 маусым-Халықаралық балаларды қоғау күні.

 

5 маусым-Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.

 

17 маусым- Дүниежүзілік ашаршылық пен құрғақшылыққа күрес күні.

 

26 масуым-  Халықаралық есірткі пайдаланушылар мен таратушылар, сатушылармен күрес күні.

 

 

Мектеп жанындығы лагерь жұмыстары төмендегі ретпен

құрылуы керек

 

  1. Жол жүруге дайындық.
  2. Лагерь аймағына келу.

 

1-күн

Лагерге келгеннен кейін:

                  а) балаларды орналастыру;

ә) лагерь өмірінің жағдайымен, күн тәртібімен таныстыру;

2-күн

              Таңертең: дене шынықтыру. (үнемі)

             Күндіз топтарға бөліну, тапсырмаларды бөліп алу. Лагердің ашылуына дайындық.

               Түстен кейін: «Біз лагерде қалай тұрамыз?» шара

 

3-күн

               Таңертең: «Ұлтымның ұланымын» атты ер балалар арасындағы сайысқа дайындық.

       Күндіз: Дене шынықтыру сабағы. «Ең мықты жүргізуші» сайысы.

           Түстен кейін: «Негеш» клубында кездесу. Танымдық сырына саяхат.

4-күн

              Таңертең: «Денсаулығың жақсы болса, жаттығуға алғыс айт» сайысы.

                Күндіз: «Дастархан басында өзін мәдениетті ұстау» әңгіме.

Түстен кейін: «Мамандыққа саяхат» топтық әңгіме.

5-күн

                Таңертең: «Қазақстан қыздар»атты сайысқа дайындық.

Күндіз: «Біздің лагерь» атты сурет сайысы.

Түстен кейін: «Мақалдап сөйлеу-шешенге тән» сайысы.

5

6-күн

                  Таңертең: Туған жер, Отан туралы әндер үйрену.

       Күндіз: Жергілікті жерлердің ойындары. Ұлттық ойын сайысы.

                  Түстен кейін: Ер балалар арасындағы сайыс.

7-күн

                  Таңертең:Даладағы серуен. «Өзіңе зиян келтірмей, күнмен қалай

достасуға болады?» атты дәрігермен кездесу.

Күндіз:Музыкалық сабақтар.«Біз қай ертегіденбіз?»атты викторина.

Түстен кейін: Табиғи материалдардан жасап, «Орман кереметі»

сайысы.

8-күн

                  Таңертең: Тазалық күні.

Күндіз: «Көп оқыған, көп біледі»атты әдеби ойын.

Түстен кейін: Тыныш ойындар. Негешпен кездесу.

  Тыйымдар сырына саяхат.

9-күн

   Таңертең: «Күшті, алғыр, қырағы ойындар бізді дамытады»

                    Күндіз:  Фестиваль туралы әңгіме.

                 Түстен кейін: «Ең әдемі құмнан жасалған қалалар, аулдар» сайысы.

10-күн

                    Танертең: Ата-аналармен кездесу.

Күндіз: Ойын-саяхат.

Түстен кейін: «Достық оты». Достық туралы әндер мен өлеңдер.

 

11-күн

                     Таңертең: «Жаңылтпаш  жалықпаймыз»

 Күндіз: Дене шынықтыру сабақтары. Көрмені безендіру.

                     Түстен кейін: Әлем халықтарының билері.

12-күн

                     Таңертең: Суреттер сайысы

                 Күндіз:Дене шынықтыру сайыстары. «Қара жорға» буын биінен.

    Түстен кейін:  Балшық пен ермексаздан мүсіндеу сайысы.

 

13-күн

                      Таңертең: Таза ауада әңгіме. «Әдептілік әліппесі».

Күндіз: Ұлттық ойындар.

Түстен кейін: Достық оты.

6

14-күн

           Таңертең: «жұмбақ-жұмып бақ….»Ауыз әдебиетіне саяхат.

Күндіз: «Су патшалығы» күні ойынына дайындық.

                         Түстен кейін: Би кеші.

15-күн

Таңертең: Көңілді ойындар күні

                Күндіз: «Менің өмірімдегі ең қызықты күн» топ жиындары.

                         Түстен кейін: «Туған өлкем жайнай бер» әңгіме.

 

16-күн

                          Таңертең: Жергілік жердегі ойындар.

Күндіз: «Елімнің ертеңімін» әңімелесу.

Түстен кейін: Мергендер сайысы.

17-күн

                          Танертен: «Ең тапқыр»сайысы.

Күндіз: Музыкалық сабақтар.

Түстен кейін:мергендер сайысы.

18-күн

                          Топтардың лагерь жабылуына дайындығы.

Қоштасу концерті.

19-күн

                          Лагердің жабылуының салтанатты мерекесі.

Сап түзеу, топтардың рапорты.

Лагерлік бал-маскарад.

 

 

 

(Лагерге қабылданған күнің ішіндегі жиырма күні берілген)

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІ-

ЫНТЫМАҚ ПЕН ДОСТЫҚ КЕПІЛІ.

 

Еліміздік көпұлтты мемлекет екенін ескере келіп, белгілі мерзімде аз уақытқа бас қосатын қазақ балалары мен сан ұлт өкілдері ұрпағының бір-бірімен ынтымақты, достық қарым-қатынаста болуына, туған ел, өскен жерге, жергілікті ұлт өкілдеріне, халықтың ұлттық мәдениетіне деген шынайы сезімінің үйлесуіне ас көңіл бөлу керек.

7

 

Қазақстандық  елжандылық  дегеніміз-бұл туған елін жақсы көріп, сүю, ардақтау, жалпыхалықтық істерге белсене араласу. Азаматтылық – бұл әлеуметтендірілген жеке тұлғаның белсенділік қасиеті, ол өзі ретінде қоғам мен мемлекет дамуының әр түрлі сатыларында саяси құқықтық белсенділіктің объектісі мен субъектісі бола алады. Қазақстандық елжандылық рухта тәрбиеленген, азаматтылық қаситеттері қалыптасқан тұлға бойында:

-         Мемлекеттік тілді білу;

-         Отанына деген сүйіспеншілік;

-         Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімі;

-         Отан мүддесіне қызымет ету қабілеті мен дайындығы;

-         Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерінің құқықтарын сыйлау.

-         Қалыптасқан өзіндік адамгершілік сезім;

-         Өзіндік тәртіпке айналған ішкі еркіндік;

-         Билік жүргізу шеберлігіне ие болуға деген құштарлық сезімдер мен ішкі дайындық болуы тиіс.

Ұлтжандылық дегеніміз - өз ұлттын сүю және өз халықы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, қайда жүрседе өз ұлттының баласы екендігін ұмытпау, соымен қатар басқа ұлттың өкілдеріне құрметпен қарап, өз халыққының мүддесіне сай саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге атсалысу. Осындай асыл сезімдерді балалар бойына дарыту үшін ел мен жер, туған Отан және ұлттымыз туралы аңыз – әңгімелер оқып, талдатып, әндер мен өлең – жырлар жаттатып, орындату өте үлкен ықпал етері сөзсіз.

Туған жер туралы әңгіме

         Қазақ халқының ұғымында туған жерден қаситеті еш нәрсе жоқ. Сондықтан да жауға қарсы жорыққа аттанарда немесе ел басына күн туып, уақытша қоныс аударған кезде, кіндік қаны  тамған туған жердің бір уыс топырағын ата-бабамыз әрқашан өзімен бірге алып жүрген. Сондай-ақ шет өлкеде қайтыс болған кісінің сүйегін туған жеріне әкеліп жерлейтін болған.

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат,-деп олар туған жерін қорғауды қасиетті санаған.

 

Қазақ халқы туған жердің табиғатын сақтауға да үлкен мән берген.

«Ұлтымның  ұланымын»

атты ер балалар арасындағы өтетін сайыс

         Лагерде әдетте балалар араласып жүргендіктен, олардың достығын нығайту барысында, әр ұлттың да мақтанарлық мәдениеті бар екенін көрсеткен жөн.

Лагерде өтетін бұл шараға топтардан әр ұлтт өкілдерін қатыстрады. Ескертетін бір жайт: балалардың қабілет ерекшілігіне сай, номинация түрін көбейткен дұрыс. Сайыстыру арқылы балаларды бір-біріне жауластырмай, достастырудың бір түрі – берілетін атақ түрлерін көбірек таңдау керек.

 

8

Сайыстың мақсаты:

-         лагердегі балалардың тіл табысуы, ер балалар беделінің арттуы, топтардың ұжымдық сипат алып, қалыптасуы;

-         елімізде тұратын ұлт өкілдерінің өз ұлттының тілі мен өнерін , мәдениетін құрметтеп қана қоймай, мемлекттік тіл мен туған, өскен жерге, жергілікті халыққа деген құрмет сезімін нығайту;

-         балалардың өз өнерін еркін көрсету арқылы болшақ өмірінде жетістікке жету жолына сүрлеу салу.

  1. 1.     «Көргенді елдің баласы». 2-3минут. Бұл – өзін-өзі таныстыру. Сайыскер-ұлан өзін және өзінің ата – тегін-ұлтын, шыққан жерін-өскен қаласын, туған жерін тақпақтап немесе әнге қосып, тіпті қара сөзбен де әсерлі баяндауына болады.
  2. 2.     «Тілге құрмет – елге құрмет» 1-2минут. Балалрдың қазақ тіліне деген құрметін бағалау мақсатында балалардың жас ерекшілігіне сай сұрақтар дайындаға болады. Тәрбиеші балар мүмкіндіктеріне орай, жұмбақ, жаңылытпаш, мақал-мәтел, тақпақ, ән т.с.с. талаптарды таңдағаны дұрыс.Оны билет сұрақтарын дайындағандай тапсырма ретінде беруге болады.
  3. 3.     «Күш атасын танымас» (жаттықтырушылар белгіленген уақытпен) ұландардың күшін, ептілігін, қырағылығын сарапқа салатын кезең. Ол бірнеше шағын күш сынайтын ойындардан тұруы мүмкін:

-         білек күрестіру

-         асық ату

-         мергендік сайысы  т. с. с  көпке ортақ спорттық сайыстарды қосуға болады.

Сайыс барысында қиындық туғызардай болса, спорттық күш-сайыстарын алдын ала өткізіп, ұпайын жазып әкеліп, хабарлауға болады.

  1. 4.     «Азаматтық айнасы». Сұрақ-жауап түрінде білімділігін байқау. Билетке жазылған немесе шардың ішінде жасырынған сұрақтарды алып, оқып дереу жауап беруі тиіс. Бұл шамамен сұрақтар шамамен төмендегіше болғаны жөн:

-         Қазақстан Республикасы Әнұранының авторларын атаңыз?

-         Елтаңба авторлары кімдер? Оның мағыналық бейнесін түсіндіріп беріңіз.

-         «Халық қаһармандарын атаңыз»?

-         Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

-         Қазақстан қандай мемлекеттермен көрші?

  1. 5.      «Өнерпаз болсаң, арқалан» (2-3 минут)  Атынан белгілі болып тұрғандай, ұландар сайыстың бұл түрінде өз өнерлерін ортаға салады. Сахнада көрсетуге лайық өнер түрлері:

-         Ән айту:

-         Би билеу:

-         Шығыс жекпе-жегі өнері:

-         Сурет өнері:

-         Ролдерде орындаушылық өнер:

-         Көркем сөз оқу: т.с.с.

9

Сайыстың барлық түрі орындалып біткен соң, әділ қазылар алқасы өзара ақылдаса отырып, ешқандай баланы ескерусіз қалдырмағаны дұрыс. Әр қайсысына сай атақ беріп, марапаттағаны дұрыс.

 

Ұландарға лайық атақ-номинация түрлері:

«Ұлт ұланы»

«Мақтаулы азамат»

«Маусым жұлдызы»

«Лагердің абзал ұланы»

«Өнерімен көпке жаққан»

«Көрермендер көзайымы»

«Болашақ спорт жұлдызы»

«Әдепті жігіт»

Жарыс мемлекеттік тілде өтуі тиіс. Мрапттау барысында жазулы лента тағып немесе мақтау қағазын ұсынған жөн.

 

«Лагерь аруы»

атты қыз сыны байқауы

Байқаудың мақсаты:

-         қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту.

-         қыз деген нәзік жаратылыстың өзіне тән ерекшелігін, өмірдегі алатын орнын сезіндіру.

Байқау талаптары:

  1. 1.     «Қыздар сұлу көрінер сәлемімен» (1-2 минут).

Сәлемдесу салты. Сайыстың бұл бөлімінде қыздар өздерін таныстырады. Таныстыру барысында аты-жөні, ата-тегі, оқыған, өскен жері, туған Отаны туралы өлеңдетңп, әнге қосып, тақпақтатыпта, қарасөзбен айтуға болады.

  1. 2.     «Білімді қыз сүйкімді». Қазақ елі тақырыбына сұрақтар билетке жазылып, билет алу барысында жауап беруге тиіс.

Сұрақтарды төмендегіше беруге болады:

-         Қандай тыйым сөздерді білесіз? Оның мағынасы неде?

-         Қазақ батырларын атаңыз?

-         Қазақстанның өнер жұлдызы атанған қыздар кімдер?

  1. 3.      «Бармағынан бал тамған». (5 минут). Қыздар өздерінің қолынан келетін ұлттық тағамын жасап, оны қанша уақыта, қалай жасалатынын айтыуына мүмкіндік беріледі.
  2. 4.     «Он саусағы майысқан» (2 минут). Осы уақыт ішінде қыздар өз халқынның ою-өрнегі немесе қолданбалы қол өнеріне қатысты тез жасалатын затты қағазбен немесе матамен жасап көрсетуіне болады.
  3. 5.     «Тал бойына жарасып….» (1-2 минут). Қыздар ұлттық немесе сән үлгісі киімдерін киіп көрсетіп, кербез жүрізімен, әдемімен, сән- салтанатын сахнада байқатады.

10

  1. «Өнерлі өрге жүзер» (2-3минут). Қыздар өнердің сан қырын меңгеруі арқылы байқауда өнердегі өз мүмкіндіктерін көрсете алады.

 

Қыздарды марапаттауға арналған номинациялар:

«Лагерь ару»-бас жүлдегер

«Ең сүйкімді»-1орын

«Парасатты ару»-2орын

«Өнерлі ару»-3орын

«Зерделі ару»

«Бесаспап ару» т.с.с.

«Тілге құрмет – елге құрмет»

көңілді тапқырлар клубының байқауы

Мақсаты: лагердегі демалушылардың көңілді әзіл-қалжың арқылы қазақ тіліне деген ықылас туғызу.

 

Байқаудың талаптары:

  1. Сәлемдесу, таныстыру. «Біз кімбіз?». (1-2минут)
  2. 2.     Әзір жауап сәті. «Тілге құрмет…»

Әр топтың басшысы бір-біріне осы тақырып аясында сұрақ қояды немесе ойынды жүргізуші әр топ басына түрлендіріп сауал тастайды.

  1. Топ басшылары монологы: «Менің тілге деген құрметім» (2минут).
  2. Үй тапсырмасы: «Тіл-көңіл кілті» (3минут).
  3. Музыкалық сәлем. «Тілім, тілім, тілім менің….»( 3минут).

 

(Лагердегі сайыс кезінде)                                   

 

Тақырыбы: «Сағыздық  спорт  майталмандары  ортамызда»

 

Лагерь демалушылары

 

Түрі: Кеш қалмаңыз бағдарламасы желісінде шоу, кездесу кеші.

 

Мақсаты:

 

 

1)    Лагер демалушыларына  Сағыздық спорт майталмандарын таныстыра отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

2)    Салауатты өмір салтына насихаттай отырып, спорттан алған түрлі жеңістерді насихаттау.

 

Көрнекілігі, пайдаланған құралдыр: Мультимедиялық тақта, олимпиада роликтері, фото суреттер.т.б.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Жүрісі: Тәлімгер: Н.Бекбауов құрметті ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары,бүгінгі шарамыздың тақырыбы «Сағыздық спорт майталмандары ортамызда» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Кешімізді бастамас бұрын ортаға мектебіміздің «Айданай» бишілер тобының орындауындағы «Айгөлек» биін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші: «Балдәурен» тобының демалушысы: Достан Сымбат сөз алады.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар кешіміз хабар телеарнасындағы «Кеш қалмаңыз» бағдарлама желісінде өтпекші. Олай болса алғашқы кеш қонағы Сатыбалдиев Мақатбай ағайымызды шақырамыз. Ағай осы мұғалімдік салада көп жылдардан бері дене тәрбиесі пәнінен дәріс беріп келеді. Ағай қош келдіңіз! Сіз осы мұғалімдікті қай кезден бастап ұнаттыңыз?

Ағай:-сөзін айтады:

Екінші сұрағымыз биылға жылда Қазақстанда Азия елдері арасында ақ олимпиада ойындары өткелі отыр осы жөнінде қысқаша өзіңіздің пікіріңізді білдірсеңіз? Осы жерде ағай өз пікірін жеткізеді.

 

Жүргізуші: Достан Сымбат келесі бүгінгі кешімізге арнайы шақырылған бұрынғы мектебіміздің түлегі, қазіргі кезде Атырау облыстық мүгетектерге арналған волейбол құрама командасынның мүшесі, спорт майталманы Мәтеуов Ернарды қарсы алалық.

Ернар мырзаға алғашқы сұрағымыз. Сіз спорттақ деген қызығушылығыңыз қай кезде басталып еді? Ернар жауап береді.

 

12

Достан Сымбат: Ернар қазіргі кезде Қазақстан Азияда олимпиадасына дайындалу үстінде сіздің пікіріңізше осы олимпиада Қазақстан үшін қаншалықты қажет деп есптейсіз? Ернар жауап береді.

Слайдқа назар аударылады, осы жерде Мәтеуов Ернардың шетелдерге барған кезінен сыр шертіледі таныстырған «Айгөлек»тобының демалушысы Тлектес Айдана

Ернардың Мысыр еліне барған сәті.

 Ернардың Қытай еліне барғандағы сәті.

Жүргізуші: Достан Сымбат. Міне осындай спорт майталмандарымыздың құрметіне мектебіміздің «Айданай» бишілер тобының орындауындағы «Қолдаушылар» биімен ортаға шықырамыз.

Жүргізуші:. Достан Сымбат Келесі кезекте ортаға қонағымыз Сағыз селосындағы №11 кәсіптік лицейдің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Ақниет Жанбусинов мырзаны шақырамыз. Сәламатсыз ба , қош келдіңіз? Сізге қойар

14

алғашқы сұрағымыз биылға қысқы олимпиада ойындарының Қазақстанда өтуі сізді қызықтырадыма? Ақниет жауап береді.

Сонымен сізге тағыда сұрақ берейін: Сіздің спортқа деген шәкіртеріңіз, яғни жолыңызды қуып жүргендер барма? Ақниет жауап береді.

 

Жүргізуші: Достан Сымбат .Міне біз бүгін аулымыздан түлеп ұшқан спорт майталмандарымен сұқпат құра отырып, қысқы олимпаданың барлық кезеңінде қамтылғалы отырған, жәйттардан хабардар болдық. Осымен кеш қалмаңыз бағдарламасы желісіндегі кешіміз аяқталды. Келесі жеңісті күндерде жолыққанша сау болыңыздар!

 

 

ӘДЕБИ – МУЗЫКАЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ

Қазақстан Республикасының әнұраны

өлеңін жазған: Ж.Нәжмеденов, Н.Назарбаев

әнін жазған: Ш.Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы.

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықтығой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой.

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып тгілемін, елім,

Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты

Мәңгілік досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай.

 

 

 

 

 

 

15

(Лагерь демалушылары – 2007жыл)

 

 

ӨЛЕҢ – ЖЫРЛАР

 

Үш бақыттым

 

Мұқағали Мақатаев

Ең бірінші бақытым халқым менің,

Соған беремін ойымның алтын кенін,

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

 

Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тілммен тілімдедім.

Дүниеден кей-кейде түңілсемде,

Қасиетті тіліммен түңілмедім.

 

Бақытым бар үшінші-Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

 

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

Мені мұндай бақытты жаратар ма!

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

 

Мен-баласы даланың

Мұзафар Әлімбаев

Бес жасынан ат жалында ойынаған,

Ақ шабақша Ертіс бойын бойлаған.

Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейіпін,

Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін.

 

Мен-баласы даланың,

Кең далама тартып туған баламын.

Ат үстінде ән шырқасам Алтайдан,

Ақ  Жайықта қуанып ел, марқайған,

Мұздан төсек, қардан көрпе жамылар,

Көк дауылда, ақ жауында жадырар.

Мен-баласы даланың,

Кең далама тартып туған баламын.

 

 «ҰЛТТЫҚ СПОРТ, ӨНЕР, БІЛІМ» коммунасы

 

Ақ сүйек. Балалар екі топқа бөлінеді. Ойын бастаушы сүйекті қолына алып, алысқа сермеп лақтырады. Теріс қарап тұрып балалар жапа тармағай жүгіріп сүйекті іздеп кетеді. Сүйекті тақан адам басқа топтағыларға көрсетпей сөреге қарай жүгіруі керек. Сол кезде екінші топ оны сезіп қойып, артынан жүгіріп жетіп ұстап алса, ол сүйекті қайтадан лақтырады. Қай топтың адамы сүйекті бірінші тауып, сөреге жеткізетін болса, сол топ жеңіске жетеді.

Санамақ. Ойынға барлық оқушылар қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы ойынға қатысушы бір баланы ортаға алып шығады. Ол оқушы бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей атап жүріп, айтып шығуы керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе, ойыннан шығады. Мысалы, жаңылмай бір дыбыстан басталатын он адамның немесе ақынның атын атауы керек: немесе тағам аттарын атайды.

Тымпи-тымпи. Ойынды бастаушы өз орындарында отырған оқушылардың ортасына шығып: «Тым-тырыс, тымпи-тымпи»,-дейді. Осы сәтте қалған оқушылар үндемуі тиіс. Ортаға шыққан оқушы әртүрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып, отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдіре алмаса, жеке оқушының жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл-сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, ауызы-мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді.

Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы оқушының сұрағына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса, айыпкер саналады. Айыбы үшін тақпақ, өлең айтып, би билейді. Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Жыл он екі ай. №1 (6) 2004.
  2. Тілеужанов Мәтжан. Халық тағылымы.-Алматы. 1996.–305б
  3. Құралұлы Аюбай. Ұлттық дүниетаным. 1-3 сынптарға арналған оқулық.-Алматы. 1997.-80б
  4.  Серікқалиұлы.З.«Дүниетану даналығы» Алматы 1994жыл.224 б.
  5.  Өтешова.Б.«Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту»-2007 ж.118-бет.Алматы-168 бет.
  6.  Сәрсенова.Ж. Тәңірбергенова.Ғ. «Әлеуметтану»-Алматы 2000.79б
  7.  Оразбекова.К. «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында»-Алматы,200.543 б.Б.31-38,58-70,90-94,218-220;
  8.  Қазақстан  мектебі-2001.130-136 бет.Тәрбие  жұмысы-2000.160-161 бет.
  9.  Сыныптан  тыс  жұмыстар-2006-07.41-48 бет
  10.  С.Ғаббасов. «Халық педагогикасының, негіздері»-Алматы.1995.ж.

   Х. Арғынбаев «Қазақ халқының қолөнері». Алматы, 1987.

Т.Сәрсенбаев «Ұлттық сана-сезім және ұлттық қадір-қасиет». Алматы, 1990.

Х. Тілемісов «Ауыл кеші көңілді». Алматы. «Қайнар», 1988.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s