Жалқы есім мен жалпы есім


Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Зеленов ауылы
Зеленов орта жалпы білім беретін мектебі
Кошетова Құралай Қадешқызы

Сабақтың тақырыбы:  Жалқы есім мен жалпы есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
  Жалқы есім мен жалпы есім туралы білім беру.
Тәрбиелілігі:  Өз елін сүюге, батырларын құрметтеуге, сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы:  Танымдық шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

 Сабақ түрі:  Аралас сабақ

 Сабақ әдісі:  Сұрақ-жауап, талдау, зерттеушілік, топтастыру, топтық.

 Көрнекілік:   Слайдтар, «Бағалау парағы», Қазақстанның физикалық картасы.

 Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта.

 Пәнаралық байланыс:   Ана тілі, дүниетану, музыка

 Сабақ барысы:

 

  1. I.                   Ұйымдастыру

а) психологиялық дайындық.

     Бес болсын алар бағамыз,

     Білімнен бақыт табамыз.

     Өнер, білім көп оқып,

     Өсе берсін санамыз.

ә) сабақ мақсатымен таныстыру.

б) Қызығушылығын ояту. Әр топқа әріптер беріледі, әріптерден сөз құрау  арқылы өз топ аттарын табады.

 

    II.   Үй тапсырмасын тексеру.

                  а) 145 бет 4-жаттығу

                   ә)  өткенді пысықтау үшін екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.

 

    III.   Жаңа сабақ.

      Дәптерімізді ашып, күн жадын, сабақ тақырыбын жазамыз.

      Кітаптағы 1-жаттығу ауызша орындалады. Әр топтан бір оқушыдан оқиды.

 

      Сұрақтар:

  • Аталған батырлар туралы не білесіңіз?
  • Адам аттарына сұрақ қой.
  • Олар қандай әріппен жазылған?
  • Кім? деген сұраққа жауап берсе, қандай сөз табы болады?

 

Балалар, тақтаға назар аударайық. Тақтадағы сөйлемдерді оқыту.

Болаттың Ақтөс деген иті бар.

Қысқы Азиада ойындары Астана, Алматы қалаларында өтіп жатыр.

(бас әріппен жазылған сөздерді табу)

 

Балалар, 7-қысқы Азиада ойындары біздің Қазақстанымызда өтіп жатыр. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш. Осы Азиада ойындары туралы мәліметтерді теледидардан жіберіп алмай күнде қарауларыңыз керек.

 

Ереже құрастыру. (Слайд арқылы көрсету)

Кісінің аты-жөні, жер-су атаулары, жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

 

2-жаттығу

а) мәтінді екі оқушыға бөліп оқыту.

ә) жалқы есімдерді тауып жазу. Маңғыстау, Қаныш Сәтбаев, Қарақия

б) Картадан Қарақия ойпатын көрсету.

 

Сергіту сәті: Ән: «Қазақ елі»

 

3-жаттығу (слайд арқылы көрсету)

Түркістан, Алтынай, Сырдария, Ақтау, Біржан, Көкшетау, Естай, Қарағанды, Ақан, Алатау.

1-топ: кісі аттарын тауып жазу.

2-топ: жер-су аттарын тауып жазу.

 

5- жаттығу (слайд арқылы заттарды көрсету)

 

-Заттар атауы жалқы есім бола ма?

(слайд арқылы ереже көрсету)

Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

 

 IV.   Бекіту.

         Сөзжұмбақ шешу.

          1- топ: А әріпінен басталатын қала аттарын жазу.

          2-топ: К әріпінен басталатын зат атауларын жазу.

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 К    
     
       
         

 

V.     Қорытынды.

Зат есім

 

 

                                  Сұрақтары                                             Түрлері

                                              Кім?Кімдер?                               Жалқы есім

                                              Не? Нелер?                                 Жалпы есім

 

 

1-топ: Жалқы есімдер ережесін айту.

2-топ: Жалпы есімдер ережесін айту.

 

VI. Бағалау.

       Топ жетекшілері өз тобындағы оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалайды.

 

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Сұрақ-жауап Жаңа сабаққа қатысы Бағасы
           
           
           

 

Үйге тапсырма: 147 бет 6-жаттығу, ережелерді жаттау, жалпы есім мен жалқы есімдері бар сөйлемдер ойлап келу.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s