Ахмет Байтұрсыновтың мысалдары


Оңтүстік Қазақстан облысы,  Арыс қаласы,  С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Ниязова Перизат Қосыбайқызы

Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Ахмет Байтұрсыновтың мысалдары. Презентация
Жоспар:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Ұлы Абаймен салыстыру.
А) Озық ойлы Ахметтанушы
Ә) Ахмет кім?
Б) Тапсырма
4.  Жаңа сабақ түсіндіру.
А) Сәйкестендіру.
Ә)  Ақындарға арнау.
5.  Қорытынды.

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып көшпесі жоқ,
Жел соқса құйын усы , жылжи беру,
Болғандай табан тірер ешнәрсе жоқ.

 Сабақтың тақырыбы: Ахмет мысалдары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарымен таныстыру еркін ойлауға үйрету. Мысал жанрының мәні мен ерекшелігін түсіндіру.

Пайдаланылатын әдіс – тәсілдері : топпен жұмыс, іздену, жартылай іздену, сұрақ – жауап.

Пайдаланылатын  көрнекіліктер:   интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу
  2. Түгелдеу
  3. Сынып тазалығын қадағалау.

2 Үй тапсырмасын сұрау.

Балалардан үйге берілген тапсырманы сұрап шығамын. Біреуінен өмірбаянын, екіншісінен шығармаларын, үшіншісінен мысалдарын т.б.

а) Ұлы Абаймен салыстыру.

1. Абайдан кейін қазақтан елім деп, жерім деп еңіреген білімді, талантты,  адамдардың ішінде А.Байтұрсынұлының алатын орны ерекше. Сауатты , білімі аз халқын жарыққа қарай сүйреген дарынды ақын,  патшашыл үкіметтің зұлым саяхатымен қажымай күрескен қаһарман, қазақ әдеби ағамыздың ұлтының бүгініне, ертеңіне қалдырған мұрасы аса зор.

2-оқушы

Иә, Ахметтің зерттелмеген, білмеген білім саласы кемде – кем. Ол Абай Ыбрай, Шохан салған ағартушылық –демократтық бағытты ілгері жалғастырушы төл басы болып табылады. Орыс батыс әдуебиетінен ттәлім алған көрнекті ақын, орыс әдебиетіндегі туындыларға еркін аударма жасады. Ахмет Абайдай қазақ қоғамының қалпына сын көзбен қарап Абайдың өзегін өртеген ел ішіндегі көрнекті әңгімелерді, мәселелерді ары қарай өргіте білген азамат.

3-оқушы

Ахметтің қай шығармасын алсақта, Абай қозғаған мәселелерді өз талғамы бойынша саралаған. Төл әдебиетімізді өзінше түрлеген, Абайдық ақынгдық ізін жалғастырушы қаламгердің біздің жүрегімізде данышпан Абайдан кейін ерекше орын алады.

4 – оқушы

Ызыңдаған масадай ұшып, қараңғылық тұңғиығынан көз ашпай тұрған, қазақ халқын оятқысы келген Ахмет өлеңдері өрісті ойды демократтық бағытты жалғастырады. Өлеңдерінің тақырып қойылысынан өрнектелуінен Абай үлгілерін байқауға болады. Ахмет – Абай атамыз салған сара жолды жалғастырушы. Өзінің өлеңдерінде жеткізе алмаған мәселелерді Абай қара сөзбен жеткізсе Ахмет мақалдары арқылы жеткізгісі келеді. Бір басында зерттеушілік, ұстаздық, ағартушылық, ақындық даналық сияқты қасиеттер тоғысқан асыл аға бейнесі әдебиет төрінде алтындай жарқырап тұратыны бізге мақтаныш.

2 Өлеңмен салыстыру.

3 Мысалымен салыстыру.

Өлеңмен салыстыру.

Ақын «Жиған – терген» өлеңінде осындай гөріп күйге түсудің себебін іздестірді. Өткенге қарасан хандар халықты баға алмай, басқаға сатыпты.

Қазағым – елім,

Қай қайып белің,

Сынуға тұр таянып,

Талауда малың,

Қамауда жаның

Аш көзіңді оянып

Қанған жоқпа әлі ұйқың,

Ұйықтайтын бар не сыйқың!

2-оқушы

Өлең Абайдық «Сегіз аяқ» үлгісімен жазылған мағнасы

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым.

Ұстарсыз аузыңа түстау мұртың

Жақсы менен жаманды айырмадың

Бір қан, бір май боп енді ұртың.

деген өлеңге тура келеді.

ә) Озық ойлы Ахметтанушы

1. А.Байтұрсынов өмір сүрген жылдар (1873-1938)

2. Орынбордағы мектепте қай жылдары оқыды. (1891-1895)

3. Хаблықтың тілін әдебиетін  сақтау ізденістерін, кімге жолығудан бастады. (Алекторов 1896ж)

4. Олардың жанұяларының қуғынға ұшырауына себепші болған кім? (Полковник Яковлев)

5. Торғай қаласында екі сыныптық мектепте оықған жылдары (1886-1891)

6.    40 мысал кітабы қайда, қашан шықты? (1909 жылы Петербургта)

7. 1907 жылы Қарқаралы түрмесіне не себепті отырғызылды? (отаршылдық саясатқа қарсы өлең шығарып, патшаға хат жазуды ұйымдастырғаны үшін)

8. Халық ағарту комиссары болып қашан сайланды? (1920 ж)

9. 1926-1928 ж қандай оқу орындарында сабақ берді? (Ташкент институты, Алматы уневерситеті)

10. Маса жинағы қашан, қайда шықты? (1911 жылы Орынборда)

2- топ

  1. Қазақ газеті қашан шықты? Редакторы кім? (1913 жылы 2 ақпан А.Байтұрсынов)
  2. 1921 жылы қандай қызмет атқарды? (халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми әдебди комиссиясы төрағасы.)
  3. Губернатор Сухомлинов қандай мақалдары үшін мың сом айып салды? (Бұл заманның соғысы, жәрдем комитеті, Қырғыз өлкесін, басқару ережесін сынағаны үшін)
  4. Абай туралы мақаласы қай газетке шықты? (Қазақтың бас ақыны 1913 жылы «Қазақ» гезетіне)
  5. Ана тілінде сауат ашар «Оқу құралы» әліппесі қашан шықты? (1912 жылы Орынборда, 1925 жылға дейін қолданылды)
  6. Ересектерге, оқушыларға арналған сауат ашар кітабын ата? (Әліп – би)
  7. Қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқулықтары (тіл құралы үшін кітап1914-1916) (Тіл жұмсар 1928 жылы)
  8. 1923 бастырған қазақтың эпостық жыры (Ер сайын)
  9. 1926 жылы бастырған халық өлеңдері қандай атпен жарық көрді? (23 жоқтау)
  10. Ахметке көрсетілген сый құрмет қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Хронологиялық карта.
А. Байтұрсыновтың хронологиялық кестесі.

 

қ/с Мерзімі  
1 1872 жылы

5 қыркүйек

А. Байтұрсынов Қостанай облысы Торғай атырабында, Сартүбекте өмірге келді.
2. 1886-1891 ж.

 

Торғай қаласындағы мектепте оқыды.
3. 1891-1895 ж.

 

Орынборда мұғалімдік мектепте оқыды.
4. 1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралыда мұғалімдік қызмет атқарды.
5. 1911 ж.

 

« Маса» жинағы шықты.
6. 1913-1917 ж. « Қазақ» газетінде редактор болып жұмыс істеді.
7. 1914 ж.

 

«Тіл құрал» еңбегі жарық көрді.
8. 1929-1934ж.

 

Тұтқында болды.
9. 1886ж. Әкесі Байтұрсын мен інісі Ақтас Сібірге 15 жылға жер аударылды
10. 1937-1938ж.

 

Репрессияға ұшырап, өлім жазасына кесілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Шығармалары.               «Білімнің бас құралы -  кітап»

«Оқу құралы» 1912жылы Орынборда басылды.
1912-25жылдар арасында жеті рет басылды.
«Әліп-би» 1926жылы ол әліппенің  жаңа түрін жасады. Сауат ашуға арналған кітап.
«Тіл-құрал» үш кітап.Қазақ тілінің  фонетикалық және грамматикалық  құрылымын талдаған тұңғыш  ғылыми  жұмыс.
«Тіл жұмсар»1928ж. Әдістеме, екі кітап болып Қызылорда қаласында басылды.
«Баяншы» Жазу  таңбаларын түсіндіретін кітапша 1912 жылы  Қазан қаласында басылды.
«Ер сайын»1926 жылы қазақ  халқының жоқтау өлеңдерін жинап бастырды.(23жоқтау)
«Әдебиет  танытқыш»1926ж. Жазба әдебиетінің үлгілерін зерттейтін ғылым.

Ұлы Абаймен салыстыру.                                     

Өнердің ең алды – сөз өнері
деп саналады.
Венн диаграммасы
Абай                                           Ахмет

 

Өнердің ең алды – сөз өнері деп саналады

Қазақ ауыз әдебиетінің бай нұсқаларының XVIII ғасырдан бергі ақындарды Ыбырай Абайды зерттеген. Соның нәтижесінде «әдебиет танытқыш » деген еңбегі жарық көреді. Абай мен Ахмет арасында шығармашылық байланысы барма.

Ұлы Абаймен салыстыру

  1. Өлеңімен салыстыру
  2. Мысалмен салыстыру

 

Жаңа сабақ түсіндіру.

Түсіне қарап ішінен түңілмен, күшіне қарап, ісінен түңілме.

 

А. Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр.Ол орыс ақындарын беріле оқыған. А.Байтұрсыновтың мысал жанрына  ден қоюының үлкен мәні бар еді.Ондағы адам гершілік тағылымын қазақ қоғамы үшін аса қажет деп түсінді.Адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық сияқты келеңсіз мінездерді сынау шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әртүрлі  ақындардың бейнесін алып, солар арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.

Біз Ахметтің қандай мысалдарын білеміз?

(7 схема)

 

Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоқ сабыр,

Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.

(8 схема)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(аудармасын талдау)

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

  1. Бағалау
  2. Үйге тапсырма беру
  3. Қоштасу
  4. Үйге: А.Байтұрсыновтың мысалын жаттау

 

 

Categories: Uncategorized

Tagged as:

2 replies »

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s