Өзін-өзі тану пәні

Түгендеп-тізімдеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібі, міндеттері


Қызылорда облысы, Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицейдің
Арнаулы пән оқытушысы Ысмағұл Жәния

Түгендеп-тізімдеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібі, міндеттері

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Түгендеп – тізімдеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібі, міндеттерін  түсіндіру.  Түгендеп – тізімдеуді жүргізудің қажеттілігімен таныстыру.
ә) дамытушылық:  Түгендеп – тізімдеуді жүргізудің қажеттілігін түсіндіру арқылы  оқушылардың  ойлауын, зейінін, қиялын дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушыларды  тәртіптілікке , еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі:  интерактивтік  сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: миға шабуыл, ойын элементтері, тапсырмамен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, тест
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы: тамақ  дайындау технологиясы, тамақтану кәсіпорнын  жабдықтары, нарықтық экономика, азық-түлік тағамдарының тауартануы,  орыс тілі, қазақ тілі, шетел тілі, математика.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивтік тақта, интернет  материалдары, бүктемелер мен кітаптар, плакаттар.Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі      1-2 мин
а) Оқушылармен сәлемдесіп, топты түгелдеу;
ә) Оқушылардың сабаққа назарын аудару;
б) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау    8 – 10 мин
«Миға шабуыл » ( сұрақ – жауап)
1. Қоймадан өндіріске берілетін азықтар қозғалысы қалай аталады?  ( кіріс)
2. Өндірістегі азықтардың тағамдарға пайдаланылуы құжаттарда қалай көрсетіледі? ( шығыс)
3. Өңделмеген азықтар құжатта қалай  көрсетіледі?  ( қалдық)
4. Қоймадан өндіріске берілетін азықтар қандай құжат негізінде толтырылады?
( жөнелтпе)
5. Азықтардың қозғалысы туралы есеп беруді жасауға қандай құжат негіз болып табылады? ( келісімдеме)
6. Бұзылған азықтар мен  дайын  өнімдерді шығынға жазу құжаты қалай аталады? ( бұзылған тауарлар келісімдемесі)
7. Азықтар мен  дайын  өнімдердің бүліну себептері неде? ( дұрыс сақтамаудан)
8. Асхана өнімдерін босату және сату туралы құжаат қалай аталады?  ( босату және сату келісімдемесі)
9. Дайын өнімдерді қолма – қол есеп айырысумен өткізу кезіндегі негізгі құжатты атаңыз?
( чек)
10. Асханадағы азық – түліктердің қозғалысы туралы есеп беруді жасаңыз:
Мынадай мәліметтер бойынша асханадағы азықтардың қозғалысы туралы есеп беруді жасаңыз: күннің  бас кезіндегі азықтардың қалдығы 3112 теңге; кіріс 4560 теңге;  шығыс 4260 теңге; 816 теңгеге азықтар бүлінген. Күннің соңындағы  қалдығы қанша?

«Полиглот» ойыны
Қалдық  -  остаток – remainder
шығыс -  расход  – expense
кіріс – приход -  receipts
келісімдеме – акт – agreement, act
жөнелтпе құжат – накладной  – additional
сату – продажа – sale

ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау  2 – 3  мин
«Дұрыс, дұрыс емес»  ойыны
1. Жөнелтпе құжатта азық – түлік атауы, мөлшері  көрсетіледі. ( дұрыс)
2. Жөнелтпе құжатта азық – түліктер бағасы көрсетілмейді. (дұрыс емес)
3. Азықтардың қозғалысы туралы есеп  беруді  аспаз  жасайды. (дұрыс емес)
4. Азықтардың қозғалысы туралы есепті  есепші тексереді.  (дұрыс)
5. Асханадағы азық – түлік қозғалысы туралы есеп азықтардың түсуін анықтау үшін жүргізіледі. (дұрыс емес)
6. Азықтар мен дайын өнімдердің бүлінуіне  келісімдеме  құжаты жүргізіледі. (дұрыс)

IY. Жаңа материалды меңгерту.  13-15 мин
Түгендеу – тізімдеу  -  бұл іс жүзінде бар тауарлы – материалдық игіліктерді тексеру және оларды бухгалтерлік есеппен салыстыру. Түгендеп – тізімдеу Қазақстан Республикасы Сауда және индустрия министрлігінің нұсқауларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын басшысы мен аға бухгалтер түгендеп – тізімдеуді өз уақытында және дұрыс жүргізілу жауапкершілігін алады.
Тауарлы материалдық игіліктердің
сақталуын бақылау жасау

Түгендеп – тізімдеу міндеттері                                       өздерінің бастапқы сапасын жарым –
жартылай жоғалтқан азық – түліктерді
айқындау

игіліктерді сақтау ережесін және
материалды жауапкершілікті  дұрыс
ұйымдастыру шарттарының
сақталуын тексеру
Игіліктерді түгендеп – тізімдеуді жүргізеді:

Түгендеу – тізімдеуді жүргізу тәртібі:

1. Директордың бұйрығымен комиссия тағайындаланды.
2. Кірер – шығар есіктерді пломбалау
3. Асханадағы азықтардың қозғалысы туралы есеп құжатын тексереді
4. Өндіріс меңгерушісі № 1 қолхат береді
5. Азық – түліктерге қайта есептеу, қайта өлшеу және қайта мөлшерлеу жүргізіледі. Іс –
жүзіндегі қалдықтар есептеледі.
6. Түгендеу – тізімдеу құжаты толтырылады.
7. Материалды жауапты адам № 2 қолхат береді.
8. Анықталған артықтар мен жеткіліксіздіктер бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
Жеткіліксіздіктерге байланысты  әкімшілік шара  көріледі.
Мекеме:
Түгендеу тізімі
Комиссия құрамы:
Төрағасы:
Мүшелері:
Материалды жауапты адам:
Түгендеуге арналған негіздеме: директордың бұйрығы №
Күні:
Қалдықтарды түсіру басталды  ( күні, уақыты)
аяқталды ( күні, уақыты)

№    Атаулары    өлшем бірлігі    саны    Бағасы    Сомасы
1    «Антрекот »    дана     10     23 – 00     230  – 00
2    Құрғақ жеміс  тәтті сусыны     сыбаға     10    6 – 00     60 -  00
3    Асхана жұмырқасы     дана     50     9 – 70     485  – 00
4    Аспаздық май     кг    40    194 – 00     7760 – 00
5    Бидай ұныф     кг     80    36 – 00     2880 – 00
6    маргарин    кг    50    194 – 00    9700 – 00
7    күріш    кг    20    94 – 00    1880 – 00

Бет бойынша

Түгендеу – тізімдеу қорытындысы:
_____________________________________________________________________________

Түгендеу – тізімдеу                                                               Материалды – жауапты адам :
комиссиясының төрағасы мен мүшелері:
_____________________________                                      ________________________
( қолы)                                                                                            ( қолы)

Түгендеу – тізімдеу қорытындысында жеткіліксіздіктер мен артықтар анықталған жағдайда:
Мысалы:    Қалдық, теңге: 6000, 8000,  7800; іс жүзіндегі қалдық, теңге: 6500, 8000, 7600.

Материалды – жауапты адамға жеткіліксіздіктер мен артықтар анықталған   жағдайда қолданылатын әкімшілік шаралар
тәжірибесіздігі немесе қате есептеуі салдарынан болған ұсақ жеткіліксіздіктер жағдайында, жұмыскерге келтірілген шығынды міндетті түрде төлеумен дисциплинарлық сөгіс  беріледі.
егер жеткіліксіздік немесе артықшылық материалды -  жауапты адамның қиянат етуінен болғаны анықталса, онда оны қызметінен тез арада босатады.
егер жеткіліксіздіік материалды – жауапты адамға байланысты емес  себептерден болса, онда кәсіпорынның есебінен шығынға жазу туралы мәселені директор шешеді.

Y. Жаңа сабақты бекіту. 10 – 12 мин
Толықтыру тапсырмасы:

Түгендеу – тізімдеу  -  бұл іс жүзінде бар ________________________тексеру және оларды __________________салыстыру.
Тауарлы – материалдық игіліктердің іс – жүзіндегі қалдықтары туралы мәліметтер  ______ данада толтырылады.
Азық – түліктердің жоспарлы түрде түгендеу – тізімдеу әрбір жауапты адамға  _____ бір реттен кем емес жүргізіледі.

Есептеу тапсырмасы:

Түгендеу – тізімдеу қорытындысында жеткіліксіздіктер мен артықтар анықталған
қалдық, теңге: 5000, 6000,  7000; іс жүзіндегі қалдық, теңге: 4500, 6370, 7130.

Бекіту тапсырмасы:

•    тәжірибесіздігі немесе қате есептеуі салдарынан болған ұсақ жеткіліксіздіктер жағдайында, жұмыскерге келтірілген шығынды:
•    жеткіліксіздік немесе артықшылық материалды -  жауапты адамның қиянат етуінен болғаны анықталса:
1. Тез арада кассаға ақша төлеу
2. Ақша төлеумен бірге  дисциплинарлық сөгіс  беріледі.
3.  Сот арқылы шығын қайтарылады.
4.   Қызметінен босатады.
5.   Кәсіподақ есебінен жазылады.
6.   2  – 3 айдан кейін  төлеуге мүмкіндік беріледі.

Реттілік тапсырмасы:

Түгендеу – тізімдеуді жүргізу тәртібін көрсетіңдер.

1. Кірер – шығар есіктерді пломбалау.
2. Директорыдың бұйрығымен комиссия тағайындаланды.
3. Асханадағы азықтардың қозғалысы туралы есеп құжатын тексереді
4. Өндіріс меңгерушісі № 1 қолхат береді
5. Түгендеу – тізімдеу құжаты толтырылады.
6. Азық – түліктерге қайта есептеу, қайта өлшеу және қайта мөлшерлеу жүргізіледі. Іс –
жүзіндегі қалдықтар есептеледі.
7. Анықталған артықтар мен жеткіліксіздіктер бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
Жеткіліксіздіктерге байланысты  әкімшілік шара  көріледі.
8. Материалды жауапты адам № 2 қолхат береді.

Сергіту сәті  -  1 – 2  мин.

YI. Оқушыларды бағалау 1 – 2 мин.

YII.  Үй тапсырмасы  1 – 2 мин.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s