Бастауыш сынып

Күзгі орманның көріністері


Қызылорда  облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№249  мектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Бисенбай  Сарқыткүл  Қуанбайқызы

Ана тілі  Уақыты:    11.10.2010ж
Сабақтың тақырыбы:    Күзгі орманның көріністері
Сабақтың мақсаты: 
А) Білімділік:     Күзгі орманның көріністері туралы түсінік бере отырып, аңдардың қысқа дайындығы, өзгерісі туралы әңгімелеу;
Ә) Дамытушылық:    Ой-өрістерін, дүниетанымдарын кеңейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Б) Тәрбиелік:     Еңбек сүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:    аралас
Сабақтың түрі:    дәстүрлі
Сабақтың әдісі:    топпен жұмыс, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өлең құрастыру,
сурет салу, жұмбақ шешу, согикалық ойлауға дағдыландыру
Сабақтың
көрнекілігі:         интерактивті тақта, суреттер
Сабақтың
формасы:        топтық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. – Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасап алайық!
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге
2. Психологиялық дайындық
-    Балалар, мен сендерге түрлі жапырақтар әкелдім. Кәне, кім қандай түсін таңдайды екен? Қазір мен қандай түсін көрсетсем сол түсті ұнатқандарың алдарыңдағы жапырақтарды көтере қойыңдар.
-    Сендердің жапырақтардың түсін таңдауларыңа қарап сабаққа деген көңіл-күйлеріңді байқадым. Сабақ барысында әртүрлі тапсырмалар орындаймыз. Мүмкін, содан кейін көңіл-күйлерің көтерілер.
-    Балалар, мен сендерге мынадай бағалау қағаздарын беремін. Топ басшысы сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды белгілеп отырады.
3. Үй жұмысын тексеру
-    Үйге қандай тапсырма беріліп еді?
-    «Күздің кереметі» әңгімесін оқып, мазмұнын айту, Омар атаның бақшасында кездесетін кереметтерді іздестіріп келу.
4. Балалардан үй тапсырмасын сұрау.
5. Үй тапсырмасын қорытындылау.
- Осы сабақты қорытындылау келе қандай мақалды еске алуға болады?
1.    Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2.    Күздің бір күні – қыстың бір айы.
-    Сонымен балалар, күз дегеніміз не?

Бұның бәрі күз мезгілінде болатын өзгерістер.
6. Релаксация.
Балалардың көзін жұмғызып, музыка қою.
-    Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап өздеріңді орманда жүргендей сезініңдер. Құстың шықылықтаған дауысы құлағымызға жағып, салқын жел денемізді тоңазытқандай болады. Ағаштың арасынан бірнәрсе жүгіріп бара жатқандай (көздерін ашу)
-    Өздеріңді қайда жүрмін деп елестеттіңдер?
-    Күзде орманда қандай өзгерістер болатындарын білгілерің келе ме?

ІІ. Жаңа сабақ
-    Бүгін біз Елемес Салықов ағаларыңның «Күзгі орманның көріністері» деп аталатын әңгімесін өтеміз.

-    1962 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында дүниеге келген
-    Мамандығы – журналист
-    Жазушы, ақын

Оқушыларға әңгімені мәнерлеп оқып беріп, бөлімге бөлу:
І бөлім:     Күзгі орман
ІІ бөлім:    Тиіннің еңбектенуі
ІІІ бөлім:    Борсық пен қоянның қысқа дайындығы (тақтаға жазу)

-    Балалар, күзгі орманнан тағы не көрдіңдер?
(Мәтінді әрі қарай жалғастыру)
Балаларға оқыту

Тиін туралы мәлімет
Тиін – әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, жаңғақ, саңырауқұлақ, шөптесін өсімдіктерді қорек ететін, ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алатын шапшаң жануар. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі.

Борсық туралы мәлімет
Борсық – дене түрқы 75 см. асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.Борсық – өте таза жануар. Олардың індері үш ауызды болады. Борсықтар қыста ұйқыға кетеді. Бірақ, қыстың жылымық күндерінде оянып інінен шығатын кездері де болады. Борсықтың терісі мен майын ем үшін қолданады.

Қоян туралы мәлімет

Қоян – қоянтәрізділер отрядына жатады. Денесінің ұзындығы 50-70 см, салмағы 4-6 кг. Артқы аяғы алдыңғысына қарағанда ұзынырақ, сондықтан секіріп жүгіреді. Жылдамдығы – сағатына 70 км. Аналығы жылына екі рет, 6 көжектен әкеледі. Қояндар 12 жылдай өмір сүреді

Сергіту сәті:   «Дыбыстарды ажырата білеміз бе?» (музыка қосылады)

Балаларды 3 топқа бөліп тапсырма беру:
1-тапсырма:     1-топ    Тиінді сипаттау
2-топ    Қоянды сипаттау
3-топ     Борсықты сипаттау

2-тапсырма:        1-топ    Күз туралы төрт шумақ өлең шығару
2-топ     Күз мезгілі туралы әңгіме жазу
3-топ    Ойша күз туралы сурет салу

3-тапсырма:        1-топ     Тірек сөздер арқылы мақал құрастыру
2-топ     Қиылған сөздерден мақал құрастыру
3-топ     Жұмбақ шешімін табу, суретке қарап жұмбақ құрастыру

Дидактикалық ойын: «Жануарлар немен қоректенеді?»

Сөзжұмбақ шешу: «Күзгі орман»

Қорытындылау:
- Балалар, біз тиынның нені жақсы көретіндерін білдік. Тиін бізге емен жаңғағын қояннан сыйлыққа беріп жіберіпті, тілек те жазылған екен.
- Бүгін қандай тақырып өттік?
- Неге тақырып «Күзгі орманның көріністері» деп аталады?
- Сабақта не істедік?
- Сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады?
Жапырақты көтеру.

Бағалау.
Үйге тапсырма:
1.    Үйден «Күзгі орман» сөзжұмбағындағы жануарлар туралы жұмбақ құрастыру;
2.    «Орман – біздің байлығымыз» тақырыбына әңгіме жазу;
3.    «Күзгі орман көріністері» әңгімесін оқып, мазмұнын айту

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s