«ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ЖЫЛДЫҚ ШЫҢЫ» АТТЫ АШЫҚ САБАҚ


Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №8 ЗПР балаларға,
ата-ана қамқорлығынан айырылған және жетім балаларға
арналған арнайы (түзетуші) мектеп-интернат
Тәрбиеші: Омариянова Нұржамал Жумабековна

«ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ЖЫЛДЫҚ ШЫҢЫ» АТТЫ АШЫҚ САБАҚ

Тақырып:  2011 жыл – Тәуелсіздіктің 20 жылдығы.
Мақсаты: 1. Оқушының бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру.
2. Отан алдындағы борышын мақтанышпен жеткізіп, сезіне білу, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған салт- дәстүрлерімізді, қазақи дархандылығымызды, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
3. Тәуелсіз еліміздің рәміздерін зор, рухани әсермен айқындай білу, жас ұрпақты, Тәуелсіз еліміздің 20 жылдық шежіресімен, «Атамекен» Қазақстан картасы этнокешенінің  керемет жетістіктерімен таныстыру, жеке тұлғаның дүниетанымдылығының, ізденімпаздылығының, шығармашылық қабілетінің дамуына  ықпал ету.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, тарих, өзін-өзі тану.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ізденіс, пікір алмасу (өзіндік білімнен – ортақ білімге жету)
Сабақ көрнекілігі: электрондық тақта, банер, киіз үй…
Сабақтың эпиграфы: «Мен, өз халқымды сүйемін, оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» Н.Ә. Назарбаев.

Мұғалімнің сөзі:
Жиырма жыл жаңа билік орнағалы,
Жоспарды іске асырдық сан-салалы.
Дамыған Қазақстан үлгілерін,
Бүгінде шетелдер де қолданады.
Балалар, біз  «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» және «Атамекен Қазақстан картасы» этнокешенінің 10 жылдығына арнаған тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Әнұран орындалады
Мұғалімнің сөзі: 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Сол жылы 10 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының  атауын өзгерту туралы заң қабылданып «Қазақстан Республикасы» деп аталды. 16 желтоқсанда ҚР егеменді, тәуелсіз мемлекет деп жарияланып, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев ҚР  Конституциялық заңына қол қойды. (Слайдта елбасы суреті)

Айтамын әрқашанда сөздің шынын,
Атқарған сансыз еңбек халық үшін.
Биікке қол жеткізсе Қазақстан,
Данышпан саясаты Елбасының,- деп сөз кезегін оқушыларға беремін. Оқушылардың ізденіс жұмыстары, шығармашылық шеберліктеріне қарай.
Жылдар сөйлейді:

2001 жыл. ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл. (слайд)
19 мамыр. Л.М. Гумилев атындағы Еуразия университетінде «Байырғы түрік өркениеті: жазба ескерткіштері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
22 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға Рим папасы Иоанн Павел II келді.
20 желтоқсан. Отырарда ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1130 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
«Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» Әл-Фараби.
25 желтоқсан. Алматыдағы Республика сарайында ақын Мұқағали Мақатаевтың 70 жылдық мерей тойы өтті.
Табиғат жанымды алсаң алшы мені,
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.
Менде бір жүріп өткен сағымдаймын,
Қалдыр деп саған сірә жалынбаймын.
Мәңгілік мекеніме жету үшін,
Күніне қаншама рет адымдаймын.
Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін қай күні сен қырқарыңды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды.

2002 жыл. Деңсаулық сақтау жылы. (слайд)
10 маусым. Астана күні. Қазақ елінің бас қаласы Астанаға 5 жыл. (ән «Ақ көгершін»)
26 қыркүйек. Ұлы Жібек жолында орналасқан Тараз қаласының 2000 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті.
Желтоқсан. Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығы ЮНЕСКО шешіміне сәйкес дүниежүзілік ауқымда жыл бойы аталып өтілді.
2003 жыл. Ауылды қолдау жылы. Ресейдегі Қазақстан жылы.
23 ақпан. Мәскеуде Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина елдерінің біртұтас экономикалық кеңістік құру жөнінде шешімі қабылданды.
10 шілде. ҚР-ның ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. (ән «Ауылым»)

12 қыркүйек. Махамбет Өтемісұлының ЮНЕСКО аясында аталып өткен 200 жылдық мерей тойы. (Махамбет жырынан үзінді)
2004 жыл.Қазақстандағы Ресей жылы. (слайд)
19 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Бәсекелестікке қабілетті экономика үшін, бәсекелестікке қабілетті халық үшін» атты Жолдауы жарияланды. (Жолдаудан үзінді)
13 тамыз. Афина-2004 олимпиадасының ашылуына ҚР Президенті қатысты. Осы олимпиадада Бахтияр Артаев алтын алқа және Баркер кубогының иегері атанды.
2005 жыл. Ұлы Жеңіске 60 жыл. (слайд, ән «День Победы»)
9 маусым. Батыр баба Райымбек батырдың 300 жылдық мерей тойы өтті.
4 желтоқсан. ҚР Президенті сайлауында Н.Ә. Назарбаев айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
2006 жыл. Қазақстан тәуелсіздігіне 15 жыл. (слайд)
7 қаңтар. ҚР Мемлекеттік Гимні қабылданды.
11 қаңтар. Астанадағы Елордада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевты ұлықтаудың салтанатты рәсімі болып, 7 жылдық Президенттік қызметіне ресми түрде кірісті.
Астана бар әлемді елеңдетті,
Тамырын Бәйтерек те терендетті.
Аз жылда жаңа Астана салып алдық,
Қай халық көрді мұндай кереметті.
Айтамын әрқашанда сөздің шынын,
Атқарған сансыз еңбек халық үшін.
Биікке қол жеткізсе Қазақстан,
Данышпан саясаты Елбасының.
Маусым. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісіне 90 жыл толды. Шанхай Ынтымақтастық ұйымына 5 жыл толды.
16 желтоқсан. Ұлт-азаттық Желтоқсан қозғалысына 20 жыл толды. (ән «Желтоқсан»)
«Желтоқсанда құрбан болған ұл-қыздарымыздың атынан мына бір әнді қабыл алыңыздар».
1)    Қазақ елі қымбатты,
Көлеңкелеп таң атты.
Желтоқсанда мерт болған,
Құлындарың үн қатты.
2)    Аман ба екен анашым,
Берген өмір баласын.
Ботасынан айрылып,
Алған өмір жарасын.
3)    Сұлу арман қуған жер,
Кіндігімді қиған жер.
Аман ба екен біздің жақ,
Еркелеткен туған жер.
4)    Біздер өткен алаң-ай,
Сол алаңға барам-ай.
Қан төгілген жерлерге,
Гүл шоқтарын қоям-ай.
5)    Біз үмітпен келгенбіз,
Әділ баға берді ме?!
Адалдығын қызының,
Жан анашым сезді ме?!
6)    Жас денемді тас етіп,
Мен жатырмын мұз бүгіп.
Суық екен қара жер,
Жылытшы ана бір келіп.

2007 жыл. Қазақ тілін қорғау жылы. (слайд)
Күн дидарлы мейірім жиған арайлым,
Қызыға саған, қуана саған қараймын.
Мінгізіп маған Сәкен ақбоз тұлпарын,
Жырына мәңгі ғашық еткенсін Абайдың.
( слайд «Тәрбиелей отырып оқытатын,
Оқыта отырып тәрбиелейтін тіл.» )
3 қыркүйек. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел тарихында тұңғыш рет «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген тақырыпта интерактивті сабақ өткізді.
18 тамыз. Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі Маслихаттардың депутаттарын сайлау өтті. «Нұр Отан» партиясы атынан 88,41 пайызбен Елбасы жеңіске  жетті.
4 маусым. ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 15 жыл толды.
Қыркүйек. ҚР-сы «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасына» сай оны іске асыру жоспары әзірленді.
Тұжырымдама құрылымы:
1.     Тәрбие құндылықтары;
2.     Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
3.     Тәрбие үрдісін ұйымдастыру ұстанымдары;

4.     Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер. (М. Мақатаев «Тіл» туралы өлең)
2008 жыл. Астана-Елбасы ерлігі. (слайд)
1-6 шілде. Астананың 10 жылдығы-ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға болды.
Бүгінгі Астананың нұры қандай!
Көгінде желбіреген Туы қандай!
Еуропаның төрінде билік айттық,
Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан,
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан.
Елбасы алдын-ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан.
Жыл сайын табыс қоссын табысына,
Әр қазақ берік болсын намысына.
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
Қараша. Мәдени мұра бағдарламасымен «Қыз Жібек» эпосының 500 жылдығы Қызылордада ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті.
Парижде Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдығына көрме ұйымдастырылды.

2009 жыл. Германиядағы Қазақстан жылы. (слайд)
12 қаңтар. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Астанада тұңғыш Президенттік бірінші интеллектуалдық мектебі ашылды. (ән «Мектебім»)
15 мамыр. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс 12 съезді өтті.
6 наурыз. ҚР Президенті Қазақстан халқына «Дағдарыстан-Дамуға» атты Жолдауын жариялады.
2010 жыл. ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға төрағалық жылы. (слайд)
14 қаңтар Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесінің ҚР-ның Ұйым төрағалығына кірісуіне арналған инногурациялық мәжілісі өткізіліп, ҚР Президенті Назарбаевтың Үндеуі жарияланды.
11 маусым. Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің мәжілісі болып, ШЫҰ-на төрағалық жасау Қазақстанға берілді.
28 маусым. Астанада Назарбаев университеті ашылды.
20 қазан. Астанада Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастықтың Ұйымының жоғары деңгейдегі 7-ші Саммиті өтті. 56 елді бір пәтуаға келтірген Астана декларациясы қабылданды. (ән «Астана»)
2011 жыл. ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл, «Атамекен Қазақстан картасы» этнокешеніне 10 жыл. (слайд)
11 қаңтар. Азиада Алауы Әл-Кувейт қаласында тұтанып, Алматыға келіп, еліміздің барлық өңірлерін аралап шығып, 30 қаңтарда Астана қаласында «Астана-Арена» стадионында Азиаданың ашылу салтанатының шарықтау шегінде аяқталды.(ән «Азиада»)
30 қаңтар – 8 ақпан. Астана мен Алматыда 7-ші Қысқы Азия ойындарының жарыстары өтті. Қазақстан спортшылары 32 алтын, 26 күміс, 17 қола, барлығы 70 наградаға ие болды.
11 ақпан. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезекті 13 съезінде Н.Ә. Назарбаев ҚР Президентінің сайлауына кандидат болып ұсынылды.
3-4 сәуір. ҚР Президенттік сайлауының қорытындысы жарияланды. Н.Ә. Назарбаев 95,5 % дауыс жинап, жеңіске жетті.
25 мамыр. Дүниежүзі қазақтарының 6-шы құрылтайы ашылды.
30 тамыз. Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында ҚР Конституциясы күніне арналған Әскери шеру өтті.
8 қыркүйек. «Атамекен Қазақстан картасы» этнокешеніне 10 жыл толды. (мерекеге  арнау: күй «Терісқақпай»)
Мұғалімнің сөзі: («Отан, Қазақстан, Тәуелсіздік, Елбасы» туралы балалардың мына бір жүрек жарды сөздерін тындап, тілектерін шаңыраққа салайық.)
1.     Еркіндікті аңсады қазақ халқы,
Күтті алдан атады деп бақыт таңы.
Тәуелсіздік жолында талай ерлер,
Күресті азаттықтың боп қырағы.
2.     Алтын дәні маржандай шалқыған жер,
Атағы асқақтаған қадірлі ел.
Татулықпен, достықпен қуаттанған,
Қазақстан – бейбітшіл бақытты ел.
3.     Тәуелсіздік елім менің, ертеңім,
Шын жүректен ұлың сырын шертеді.
Гүлдене бер, көркейе бер, жасай бер,
Саған ұлың ниет –тілек тіледі.
4.     О Отан, туған Отан,
Дүниеде жер бар ма сенен асқан.
Қазақстан-айбынды, асыл өлкем,
Еркелеп, көсілуім сенің арқан.
5.     Жол тартып, Алматыдай бас қаладан,
Сөзінен Елбасының бастау алған.
Бейне бір ертегідей таңғажайып,
Сан құрылыс бой көтерді Астанадан.
6.     Астана бар әлемді елеңдетті,
Тамырын Бәйтерек те тереңдетті.
Аз жылда жаңа Астана салып алдық,
Қай халық көрді мұндай кереметті.
7.     Бүгінгі Астананың нұры қандай,
Көгінде желбіреген Туы қандай.
Еуропаның төрінде билік айттық,
Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.
8.     Сәбилер тыныш ұйықтап жөргегінде,
Жастардың шаттық ойнап өңдерінде.
«Орта Азия Барысы-Қазақстан»,-
Деп жазсын жаңа заман өрнегіне!
9.     Жыл сайын табыс қоссын табысына,
Әр қазақ берік болсын намысына.
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
10.              Он алтыншы желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн,
Еліміздің басына бақыт құсы қонған күн.
Құтты болсын береке, бүгінгі күн мерекең,
Шаңырағың шайқалмай, мықты болсын кереген.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, міне біз қазір кеудемізіді бақыт сезімі билеп, «Бұл менің елім, менің жерім, тәуелсіз Қазақстаным» -деп жар салып, мақтанышпен айта аламыз. Ғасырлар бойғы халқымыздың арманы орындалды.
Әрине, бұл Тәуелсіздік Туы бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз өз елін, өз жерін сыртқы жаулардан найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған. Жәнібек пен Керей хандығынан бастап біздің халқымыз өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тер де төкті, қан да төкті.
Халықтың, елдің болашағы, тіректері Сіздерсіздер, жас ұландар! Бойыңыздағы патриоттық сезім шынайы болып, туған еліңді, жеріңді, тәуелсіздігіңді, ата-салтыңды, салт-дәстүрінді сақтауға абыроймен ат салысыңыздар!
Қазақ халқында Атамекенді ардақтау, ананың ақ сүтінен, әкенің ақыл-өсиетінен тараған. Өз елінің Тәуелсіздігі үшін жанын да, арын да аямайтын ержүрек жастар, Сіздер деп білемін!
Сөз соңы: «Шәкіртімнің ғарышқа қол созғанын,
Қазағымның адал ұлы болғанын.
Көрсем деймін, жатсам-тұрсам ойланам,
Өзімнен де көш ілгері озғанын» – деп тәрбие сабағымды аяқтағым келеді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s