Жаратылыстану

СҮЙЕКТЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ


Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицейдің
арнаулы пән оқытушысы
Нағыман Гүлшат

 Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларды анатомия терминдерімен таныстыру, көкірек қуысының құрылысын меңгерту, омыртқа бағанасының құрылысын оқу;
ә)дамытушылық: оқушылардың теориядан алған білімдерін практика жүзінде жүзеге асыру;
б)тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, малжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ    Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: анатомия, физиология

Сабақтың көрнекілігі: жануарлар, кестелер, ірі қараның, қойдың және жылқының мойын, көкірек, бел, сегізкөз және құйрық омыртқалары, қабырғалары, төстері.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

- Сынып тазалығы;

- Топты түгелдеу;

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

2. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау.

 

- Несеп-жыныс аппараты

- Бүйрек дегеніміз не?

- Ең дегеніміз не?

- Ең қабы дегеніміз не?

 

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

 

 

 

Жануарлар денесіндегі мүшелердің денедегі орналасу тәртібін анықтау үшін және салаларға бөлу үшін анатомия терминдері қолданылады. Жануарлар денесін тік етіп үш жазықтыққа (тік – сагиттальді, беталды – фронтальды, көлденең – сегментті) бөледі.

Медианды (ортаңғы) жызықтық тік орналасқан. Денені алдынан артына қарай қиып өтіп тұрады, соның нәтижесінде жануар денесі немесе мүщесі тең екі сыңарға (симметриялық) – оң және сол бөлікке бөлінеді.

Мойын омыртқасы – vertebra cervicalis. Сүтқоректілерде мойын омыртқалары жетеу болады. Бірінші мен екінші мойын омыртқаларының құрылысы басқа омыртқалардан ерекше келеді. Ірі қараның омытрқасы қысқа келген денесінен, жақсы көрінетін басы мен шұңқырынан, терең келген, краниальді және каудальді омыртқа ойықтарынын тұрады.

Бірінші мойын омыртқа, ауыз омытрқа немесе атлант – сақина тәрізді болып келеді, ол екі доғадан, дорсальді және вентарльді төмпектерінен тұрады.

Жылқының мойын омыртқасының денесі созылыңқы, басы дөңес, шұңқыры ойыс келген, жоталық өсіндісі өте нашар, ал вентральді қыры жақсы жетілген. Көлденең қабырға өсінділері краниальді-каудальді бағытта екіге бөлінеді.

 

Көлденең қабырға өсінділері

Краниальді Каудальді
Омыртқаның каудальді жағында екінші мойын омыртқасының тістік өсіндісімен байланысатын буын еті болады. Краниальді жағынан шүйде сүйегінен айдаршығымен байланысатын, пішіні эллипс тәріздес краниальді буын шұңқырын ажыратады.

а – шошқанікі; ә – ірі қараныкі; б – жылқыныкі;

1 – дорсальді доғасы; 2 – вентральді доғасы; 3 – қанаты; 4 – қанат тесігі; 5 – омыртқааралық тесігі; 6 – көлденең тесігі; 7 – вентарльді төмпегі: 8 – дорсальді төмпегі.

 

Екінші мойын омыртқасы – axis. Омыртқа басының орнында тіс немесе тістік өсінді орналасады. Оның екі жағында бірінші мойын омыртқасымен байланысатын буын беті болады.

Жылқыда  тістік өсіндісі жартылай цилиндрлі пішінді болып келеді, ұшы өткірленген буын беті өсіндіні жан-жағынан және астынан көмкерген, қыры жақсы жетілген, екіге бөленген және каудальді буын өсінділері болады, вентарльді қыры өте жақсы дамыған.

 

Екінші мойын омыртқасы

а – шошқанікі; ә – ірі қараныкі; б – қоййдікі; в – жылқынікі.

1 – тіс тәрізді өсінді; 2 – буын беті; 3 – қыры; 4 – каудальді буын өсінділері; 5 – омыртқааралық тесігі; 6 – көлденең тесігі.

 

 

Мойын омыртқалары

а – шошқанікі; ә – ірі қараныкі; б – жылқыныкі.

1 – омыртқа басы; 2 – омыртқа шұңқыры; 3 – көлденең-қабырғалы өсіндісі; 4 – жоталық өсіндісі; 5 – краниальді буын өсіндісі; 6 – каудальді буын өсіндісі.

 

Көкірек омыртқасы – vertebra thoracica. Ірі қараның көкірек омыртқасы денесінен және доғашығынан тұрады. Денесінің краниальді жағынан дөңес омыртқа басын, ал каудальді жағынан ойыс келген омыртқа шұңқырын көреміз. Көршілес жатқан омыртқалар бір-бірімен бастары және шұңқырлары арқылы байланысады. Басы мен шұңқырының жан-жағынан келген краниальді және каудальді қабырға шұңқырын көруге болады. Қатар жатқан омыртқалардың екі шұңқыры қабырғаны байланыстыратын терең қабырға шұңқырын түзеді.

 

Көкірек омыртқасы

а – шошқанікі; ә – ірі қараныкі; б – жылқыныкі.

1 – омыртқа басы; 2 – омыртқа шұңқыры; 3 – краниальді қабырға ойығы; 4 – каудальді қабырға ойығы; 5 – краниальді омыртқа ойығы; 6 – каудальді омыртқа ойығы; 7 – көлденең өсіндісі; 8 – жоталық өсіндісі.

 

Қабырға – costa – ірі қарада – 13, жылқыда – 18-19 болады. Олар қабырға сүйегінен және қабырға шеміршегінен тұрады. Қабырға сүйегінің екі ұшы болады: омыртқаға бағытталған дорсальді ұшы мен төс сүйегіне бағытталған вентральді ұшы. Омыртқалық ұшында басы, мойын, төмпегі және бұрышы болады.

 

Қабырға

а – шошқанікі; ә – ірі қараныкі; б – жылқыныкі.

1 – қабырғаның басы; 2 – қабырғаның төмпегі; 3 – қабырғаның мойны; 4 – қабырғаның бұрышы; 5 – қабырғаның денесі.

 

Төс – sternum – көкірек жасушасының төменгі қабырғасын құрайды, ірі қарада ол сабынан, денесінен және семсер тәрізді өсіндісінен тұрады. Сабы краниальды жағына бағытталған, бүйірлерінде алдыңғы қабырға шеміршектеріне арналған жұп шұңқырлары болады. Сабы денесіне буын арқылы бірігеді. Денесі синхронозбен біріккен алты сегменттен тұрады. Мұнда алты жұп қабырға ойықтары болады, ол шын қабырлағалармен бірігу үшін қажет. Семсер тәрізді өсіндісі каудальді жағына бағытталған, есмсер тәрізді шеміршегі жалпақ, жұқа келген шеміршек пластинка.

Төс сүйегі

а – шошқанікі; ә – ірі қараныкі; б – қойдікі; в – жылқыныкі.

1 – төстің тұтқасы; 2 – төстің денесі; 3 – семсер тәрізді өсіндісі; 4 – семсер тәрізді шеміршегі; 5 – қабырға ойықтары.

 

Бел омыртқасы – vertebra iumbalis – ірі қарада бел омыртқасының денесі ұзын, басы және шұңқыры жалпақ болып келеді. Вентральді қыры жақсы көрінеді, терең каудальді омыртқа ойығы болады, доғашықта биіктеу келген жоталық өсіндісі орналасады, фронтальды жазықтығында ұзын келген көлденең-қабырға өсінділері жатады. Сонымен бірге буын өсінділері бар: олардың краниальдісі – жартылай доғалы пішінді, ал каудальдісі – цилиндр пішінді. Бел омыртқаларының саны – 6.

 

Бел омыртқалары

а – шошқанікі; ә – ірі қараныкі; б– жылқыныкі.

1 – омыртқаның басы; 2 – шұңқыры; 3 – краниальді буын өсіндісі; 4 – каудальді буын өсіндісі; 5 – жоталық өсіндісі; 6 – көлденең өсіндісі.

 

Сегізкөз сүйегі – os sacrum – бір сүйекте бірігіп өскен 3-5 омыртқадан тұрады. Сегізкөз омыртқаларының тесіктері сегізкөз түтігіне біріккен. Краниальді және каудальді омыртқа ойықтарының орнында дорсальді және вентральді сегізкөз тесіктері түзілген. Доғашықтары мен жоталық өсінділері де бірігіп кеткен сегізкөздің орталық қырын түзген. Алдыңғы сегізкөз омыртқаларының көлденең-қабырға өсінділері сегізкөз сүйегінің қанатын құрайды, мұнда бұдыр келген құлақша тәрізді беті болады. Бірінші сегізкөз омыртқасы басының жан-жағында жартылай пішінді краниальді буын өсінділері сақталған, ал соңғысында цилиндр пішінді каудальді буын өсінділері болады.

 

Бел омыртқалары

а – шошқанікі; ә – ірі қараныкі; б – қойдікі; в – жылқыныкі.

1 – басы; 2 – жоталық өсіндісі; 3 – краниальді буын өсіндісі; 4 – каудальді буын өсіндісі; 5 – латеральді қыры; 6 – дорсальді қыры; 7- дорсальді тесіктері; 8 – сегізкөздік қанаты; 9 – құлақ тәрізді беті.

 

Құйрық омыртқаларыvertebra caudales.  Ірі қарада құйрық омыртқалары 18-21 болады. Омыртқа денесі ұзынша келген, доғашықтық жақсы сақталады, көлденең өсінділері қысқа келген пластинка тәрізді, вентральді бағытта қайырылған алдыңғы құйрық омыртқаларында вентральді жағынан гемальді доғалар болуы мүмкін, одан құйрық артериясы өтеді.

Жылқыда 15-20 құйрық  омыртқасы болады. Омыртқа денесі қысқа, ені ұзындығына жақын, доғашығы нашар байқалады, ол бірте-бірте жоғалып кетеді, гемальді доғалары болмайды.

4. Жаңа сабақты пысықтап бекіту, қорытындылау.

 

- Омыртқа қандай негізгі үш бөлімнен тұрады?

- Көкірек қуысы, оның қаңқасын қандай сүйектер құрайды?

- Төс сүйектерінің құрылысы және жануарлардың түрлеріне байланысты олардағы ерекшеліктер.

- Ауыз омыртқаның құрылысы және жануарлардың түрлеріне байланысты олардың құрылысындағы ерекшеліктер.

 

5. Оқушылар білімін бағалау.

 

INSERT картасы

 

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

6. Үй тапсырмасы.

 

«Сүйектер ілімі» тақырыбында реферат жазып келу.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s