Геометрия 8 класс. «Төртбұрыштар. Аудандар. Үшбұрыштардың өлшемдерінің арасындағы қатынастар»


Самаев Сауда  Сейлханович
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Қауылжыр ауылы. ГКС-12 орта мектебінің
математика пәні мұғалімі

Геометрия 8 класс. «Төртбұрыштар. Аудандар. Үшбұрыштардың
өлшемдерінің арасындағы қатынастар»

Сабақтың мақсаты:  «Төртбұрыштар. Аудандар. Үшбұрыштардың өлшемдерінің арасындағы қатынастар» тақырыбында білімді жүйелеуді, қайталауды, сабақты жалпылауды ұйымдастыру; Логикалық ой–өрісін сұрақтарға математика тілінде жауап беруге дамыту; Пәнге деген қызығушылыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ойын сабақ     Сабақтың типі: жалпы материалдарды қайталау
Қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, жауап парақтары, шариктер салынған қорап.

Сабақтың жүру барысы

  1. 1.      Ұйымдастыру.

( Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру)

Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтың өз топ басшысы және аты болады. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан беріледі.Таблицаны бірінші болып толтырған топ ойынды бастайды.

 

 

  1. 2.      Білім тексеру кезеңі:

І бөлім.   «Сергіту»

Әр топ кезектесіп қораптағы сұрақтың категориясы көрсетілген және нөмірленген шарларды суырады.

 «Төртбұрыштар» тақырыбына сұрақтар:

1.Қандай төртбұрышты параллелограмм деп атайды?

2. Қандай төртбұрышты трапеция деп атайды?

3.Тіктөртбұрыштың қасиеттерін көрсетіңдер.

4. Ромбтың қасиеттерін көрсетіңдер.

5. Параллелограммның қасиеттерін көрсетіңдер.

6. Қандай төртбұрышты ромб деп атайды?

7. Қандай төртбұрышты тіктөртбұрыш деп атайды??

8. Қандай трапейия теңбүйірлі, тік бұрышты деп аталады?

9. Тең бүйірлі трапецияның қасиеттерін көрсетіңдер.

10. Трапецияның орта сызығы дегеніміз не?

 «Аудан, үшбұрыштың өлшемдерінің арасындағы қатынастар» тақырыбына сұрақтар:

1.Тіктөртбұрыштың ауданы…тең

2. Параллелограмның ауданы…тең

3Үшбұрыштың ауданы…тең

4. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы…тең

5. Трапецияның ауданы…тең

6. Пифагор теоремасын көрсетіңдер.

7. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасына түсірілген биіктік неге тең?

8.Синустар теоремасын келтіріңдер.

9.Косинустар теоремасын келтіріңдер.

10. «Үшбұрышты шешу» дегеніміз не?

 

ІІ бөлім

«Көруге асығыңдар»

Әрбір топтан екі оқушыдан шығып тақтада дайын тұрған сурет бойынша есепті шығарады.

1 топ

1           В                                 С             ےА=600 ,  BE=7cм

 

 

 

                                          Е                    т/к: SАВСД

  А                                   Д

 

 

2. А                                                                ДЕВС,  АД=6, АЕ=10

                                                                          т/к: SАВС

     Д                      Е

 

 

 

     С                                          В

 

 

2 топ

                        

1.       В                         С         АВ=СД=13, ВС=10, АД=20

                                                                                    т/к: S АВСД

 

 

           

А                                                Д

 

                                                                    

       2.          В                             АВ=4см 

                                                 т/к:  SАВС

       

                           1                              

                                                             

                                                             

                                                              

          А                           С                             

                                                                   

ІІІ бөлім

«Бәйге»

Топ басшылары тақтада тұрып бір есептен шығарады.

Есеп: МNK  тікбұрышты ұшбырышында К = 90º, КМ= 6 см, NK=6, КД- медиана.  КДN бұрышын табыңдар..

 

ІV бөлім

«Қан талапай»

Әр топ 5 минуттың ішінде барынша көп сұраққа жауап беруі керек. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан есептелінеді.

1 топ

1.Диагоналдары 4см және 6 см болатын ромбтың ауданы …тең

2. Синус 30 ° …тең

3. Катеттері 3см және 4 см болатын тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы неге тең?

4.Трапецияның параллель орналасқан қабырғалары…деп аталады.

5. Тікбұрышты үшбұрышта 30 ° бұрышқа қарсы …жатады

6.Трапецияда ұзындықтары әр түрлі неше биіктік жүргізуге болады?

7. 3 бұрышы сүйір болатын төртбұрыш болуы мүмкін бе?

8. Қабырғасы 5 см тең квадраттың ауданы неге тең?

9. Косинус 60 ° …тең

10.Параллелограмның биссектрисасы оны…бөледі

11Катеттері 6см және 8см болатын тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы неге тең ?

12.Тіктөртбұрыштың қабырғаларын 2 есеге ұзартса, аудан қалай өзгереді?

13Үшбұрыштың ауданы қабырғалары мен…көбейтіндісінің жартысына тең

14.Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы… береді

15. Кез келген ромб …болады

16. Тіктөртбұрыштың қабырғалары 5см және 12см болса, оның диагоналі неге тең?

2 команда

1. Косинус 30 ° … тең

2. Трапецияның параллель емес орналасқан қабырғалары…деп аталады

3.Ромбтың диагоналдары….

4. Қабырғалары 5см және 10см, ал олардың арасындағы бұрышы 30° тең болатын параллелограмның ауданы …тең

5.Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары…

6.Өзінің диагоналымен тең қабырғалы үшбұрыштарға бөлінетін параллелограмм бола ма? 7. Трапецияның орта сызығы…тең

8. Синус 60 ° …тең

9. Диагоналдары 8 см және 10см болатын ромбтың ауданы неге тең?

10.Катеттері 3см және 4 см болатын тікбұрышты үшбұрыш …деп аталады

11. Квадраттың қабырғасын 2 см ұзартса, оның периметрі қалай өзгереді?

12.Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы…береді

13. Тікбұрышты үшбұрыштың орта сызықтарынан салынған үшбұрыш…үшбұрыш болады.

14. 16 және 25 сандарының геометриялық ортасы неге тең?

15. Герон формуласы…

16. Тіктөртбұрыштың қабырғалары 15см және 20см, диагоналы неге тең?

 

 

  1. 3.      Білім бекіту кезеңі:

Ойынның қорытындысы бойынша жеңген топ қосымша тапсырма орындап бағаланады. Кестені толтыруға 15 мин уақыт беріледі.

1 нұсқа

1.  + (иә) және  – (жоқ) таңбаларын қою арқылы кестені толтыру керек.

параллелограмм ромб тіктөртбұрыш квадрат
1. Қарама-қарсы қабырғалары тең және параллель
2.Барлық қабырғалары тең
3.Қарсы жатқан бұрыштары тең, іргелес бұрыштарының қосындысы 180°
4. Барлық бұрыштары тік
5. Диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
6. Диагоналдары тең
7. Диагоналдары өзара перпендикуляр және бұрыштарының биссектрисасы болып табылады .

2. Ромбтың диагоналдарының қатынасы 3:5 қатынасындай, ал олардың қосындысы 16 см. Ромбтың ауданын тап.

3.Тікбұрышты  АВСД трапециясының үлкен қабырғасы 8 см тең,    А = 60 º, ал ВН биіктігі АД табанын тең екі бөлікке бөледі. Трапецияның ауданын тап.

2 нұсқа

1. + (иә) және  – (жоқ) таңбаларын қою арқылы кестені толтыру керек.

 

параллелограмм ромб тіктөртбұрыш квадрат
1. Қарама-қарсы қабырғалары тең және параллель
2.Барлық қабырғалары тең
3.Қарсы жатқан бұрыштары тең, іргелес бұрыштарының қосындысы 180°
4. Барлық бұрыштары тік
5. Диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
6. Диагоналдары тең
7. Диагоналдары өзара перпендикуляр және бұрыштарының биссектрисасы болып табылады .

 

2. Ромбтың диагоналдарының қатынасы 2:3 қатынасындай, ал олардың қосындысы 25 см. Ромбтың ауданын тап.

3. Тікбұрышты  АВСК трапециясының үлкен қабырғасы 3 см,  К= 45º, ал СН биіктігі АД табанын тең екі бөлікке бөледі. Трапецияның ауданын тап.

4. Үй тапсырмасын беру.

Үй тапсырмасы: Оқулықтағы №7, №26, №28 есептер, 94-96 беттер

5. Сабақты қорытындылау.

Топпен жұмыс жасаған оқушылар мен жеке оқушыларды бағалау

Categories: Uncategorized

Tagged as:

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s