М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының тәрбиелік мәні


Асқар Бекқасымов
«Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде
оқытатын МДБМ» ММ.  Семей қаласы

Мақсаттары: 1. Сыршыл ақын Мағжан поэмаларымен таныстырып, « Батыр Баян» поэмасының тақырыбы мен идеясы туралы білім беру.  2. Ақын сөзімен өрілген табиғат суреті арқылы эстетикалық тәрбие беру, кейіпкерлер бейнесін таныту арқылы патриоттық, адалдық сезімдердің жоғары бағаланатындығын түсінуге тәрбиелеу. 3. Ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлей білулерін дамыту.
Көрнекілігі: схема, карточка
Сабақтың әдісі: Ж. Қараев технологиясы. Деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту элементтерін қолдану.

Барысы:

I.  Ұйымдастыру. оқушыларды сабаққа даярлау.

II .Үй тапсырмасын тексеру.

М. Жұмабаевтың аудармалары. аударма шығармаларына талдау жасату.

III .Жаңа сабақ.

 

Поэмалары

 

 

 

 

 

«Ертегі»

 

«Қорқыт»

 

«Жүсіп хан»

 

«Тоқсанның тобы»

 

«Батыр Баян»

 

Поэмаларға қысқаша шолу жасау.

«Батыр Баян»» поэмасы алдын ала үйге оқуға тапсырылған. деңгейлік тапсырмалар негізінде талдау жұмысын жүргізу.

1-    деңгей

1. Поэма мазмұнын түсініп, мазмұнын қара сөзбен баяндап бер.

2. Кейіпкерлердің – Баян, Ноян, қалмақ қызы– негізгі қасиеттерін ашып көрсет.

3. Табиғат суретінің берілуін сипаттап айт.

 

 

2 –деңгей

  1. Поэмаға сюжеттік жоспар жаса.
  2. Кейіпкерлерге образдық талдау жаса.

3-деңгей

  1. Поэма желісі бойынша оқиғаның қай кезде болғанын анықта. Дәлелде.
  2. Абылай ханның, Батыр Баянның тарихтағы ролін талдап айтып бер.
  3. Поэма бойынша ақынның шеберлігін талдап, негізгі ой түйінін анықта.

4-деңгей

  1. Поэмадағы туған жерге махаббат, азаматтық ар-намыс мәселелерін талдап, өз пікіріңді жеткіз.
  2. Баян мен Ноян  бейнелерінің ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы ой толға.
  3. «Баян немесе Ноян орнында өзім болсам қайтер едім» тақырыбында ойтолғау жаз.

Деңгейлік тапсырмалар орындалған соң пікірталас ұйымдастыру. Дебат.

оқушылар

Ақтаушылар

қаралаушылар

Ақтаушылар

қаралаушылар

Оқушылар пікірлерін тыңдау, дау-таластың шешімін табу қиындық әкелетінін түсіндіріп, келесі сабаққа поэманы толық қайталап, кейінгі тапсырма бойынша даярлауды ескерту.

Сабақты бекіту:

  1. Үй тапсырмасы: М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян, Ноян, қалмақ қызына және Абылай ханға мінездеме жазу.                      І. Есенберлиннің «Көшпенділер»  трилогиясына екінші кітабын оқу, (шолу)
  2. Қорытындылау сұрақтары: 1. Поэмадағы бір-біріне қарама-қарсы алынған, мінездерді ата. 2. Поэмадағы болған оқиға қай жерде болған? Поэмадағы Баянның көзсіз ерлігі қай тұста көрсетілді?
  3. Бағалау.

Categories: Uncategorized

Tagged as:

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s