Ертегілердің құрылысы және олардың тәрбиелік мәні


Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы
№4 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Спанова Ақгүл Спанқызы

Пәні:Қазақ әдебиеті 9класс  Сабақтың тақырыбы: Ертегілердің құрылысы және олардың тәрбиелік мәні.
Сабақтың мақсаты: Ертегілер туралы білімін кеңейту.
Міндеті: 1. Халық ауыз әдебиетінің ең маңызды түрі ертегі екенін түсіндіру. Мазмұнық, құрылымдық ерекшелігін таныту.
2. Ертегілердің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәніне арқау болған ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіру. 3. Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту. іздену, зерттеу қабілеттерін, жүйелі сөйлей білу машықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі. Интеграл сабақ.  Әдіс: кестемен жұмыс, сұрақ -жауап, ИНСЕРТ кестесі, Бес жолды өлең.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, Қоғам, орыс әдебиеті, этнопедагогика, орыс тілі, қазақ тілі.
Көрнекіліктер: Интерактивтік тақта, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Класты түгендеу, сабаққа бейімдеу, сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.Ой шақыру.

Зымыран сұрақтар:

1.ХАӘ дегеніміз не?

2.Негізгі белгілерін ата?

3.Түрлерін ата?

4.Ертегі дегеніміз не?

5.Ертегінің неше түрі бар?

Ой-талқы.

Класс үш қатар үш топ болып жұмыс жасайды.

І топ. Қиял -ғажайып ертегісі бойынша.

ІІ топ. Шыншыл ертегілер немесе тұрмыс- салт ертегілері бойынша.

ІІІ топ. Хайуанаттар жайлы ертегілер бойынша.

Берілетін тапсырма алды-ала үйге беріледі.

1.Сюжетті сурет салу.

2.Жан-жақты мағлұмат беру.

3.Өмірмен байланысын ашу.

4.Негізгі кейіпкерлерін атау.

5.Тәрбиелік мәнін түсіндіру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Алған білімдерін пысықтап алу мақсатында Сәйкестендіру кестесі толтырылады.

Оқылған ертегі атауларының ертегінің қай түріне жататынын анықтау.

Шарты:

-қатесіз жазу.

-бірін бірі тақтада шыққан дұрыс жауаппен тексеру.

2.Ертегінің құрылымдық ерекшелігіге назар аудару. Шағын оқиғалы барлығына таныс “Үш өнерпаз” ертегісін  бірлесе отырып шығарманың композициялық құрылысы бойынша талдау.

3.Жалпы ертегілердің басы қалай басталады, қалай аяқталады?

Қалыптасқан жүйе бар.Кейінгі  дамыған әдеби шығармаларға тән жүйелілік ауыз әдебиетімізден бастау алады.Қазақ халық ауыз әдебиеті бүгінгі заман талабының барлық деңгейіне сәйкес қалыптасқан жоғары сапалы көркем шығарма деп айтуымызға толық негіз бар.

4.Іздендіру мақсатында үйге тағыда жекелеген оқушыларға даралап-сарлап оқыту технологиясы бойынша тапсырма берілген болатын.

а)Қазақ ертегілерін орыс халық ертегілерімен салыстырып келу.

ә)Қазақ ертегілерінің зерттелуі туралы ізденіп келу.

Қорытынды.Ой-түйін.

ИНСЕРТ кестесі бойынша жауап беру.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

1.Еркін тақырыпқа шағын ертегі құра.

2.Орыс ертегісіне үзінді алып қазақшаға аударма жасап көруге талпыну.

3.Ұнаған ертегісін құрылымдық, мазмұндық жағынан талдап келу.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s