Әдепті бала – арлы бала


Латипова Гулбану
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қожабақы ауылы  №25 мектепте қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету. Әдеп пен сыпайлық арқылы жаман әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап талдау

Көрнекілігі: әр түрлі суреттер тақырып, мақалдар жазылған плакаттар, үлетірме қағаздар

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыр мезеті

ІІ. Балалар бүгінгі сабақта біз әдептілік туралы сөз етпекпіз. Сұрақ:

-         әдптілікке деген не? Оны қалай түсінеміз?

-         әдепті бала қанай деп ойлайсыз?

-         әдепсіз дегенді қалай түсінесің?

-         әдепсіз бала  қандай болады.?

-         әдептілікті бізге кім үйретеді?

Сонда адам бойында жақсы , жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықпен адалдылықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті, инабаттылықты үлкендер үйретеді. Бойымызға анамыздың ақ сүтімен, анамыздың тілімен дариды. Біз оны түсініп ата-бабамыздың салт-дәстүрі, әдеттерін үйренуге тырысамыз. Адам болатын болатын бала жақсы қасиеттердіүйреніп жаман мінез әдеттерден ұнамысыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Басқалармен  қарым – қатынас жасағанда әдеп пен ақылды ұмытпайды. Осы орайда «адам болам десеңіз» деп нені айтады. « ананың тілін алса егер» өлеңінде не делінген еді?

 

ІІІ. Енді, әдептілік турлы сендер не айтар едіңдер? Оқушылардың тақпақтары.

 

Көрініс:  «Үлкендерді сыйлаңдар»

Оқушылар бір – бірімен ойласа отырып көрініс көрсетеді. Уақыт беріледі.

 

ІV. Суреттер бойынша адамгершілік сыпайлық, әдепілік жайында әңгімелесу.

2) « Жалғастыр» ойынын ойнату. «Не істеуге болмайды?»  мұғалім бастапқы сөзін айтып, оқушы ойланып жалғастыру керек.

  • Ø Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды.
  • Ø Кішкене баланы жылатуға болмайды.
  • Ø Құстарды атуға болмайды.
  • Ø Сабақтан кешігуге болмайды.
  • Ø Сыныпта айқайлауға болмайды.

« Не істеу керек?»

  • Үлкен кісні сыйлау керек.
  • Үлкеннің тілін алу керек
  • Үлкендерге сәлем беру керек
  • Оқу құралдарды күтіп ұстау керек

3) «Сырлы хатқа»  жауап беру керек.

4) «Тыйым сөздерді»  айтып жарысу керек

V. Қорытынды.

Соныен балалар, біз бүгін не туралыәңгімелесіп көрініс қойдық? әдептіліктің ең бірінші белгісі не?

Жаман әдеттен аулақ болып, әдепті бала болыңдар. әдепсіз деген сөзді өздеріңде, ата-аналарың да, ұстаздарыңа да естіртпеңдер.

Categories: Uncategorized

Tagged as:

0 replies »

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s