ҮЙДЕН ОҚЫТЫЛАТЫН ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР


ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екенін рас.Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады.

1.Баланың мектепке дайындығын анықтау.

2.Тәрбиесіндегі кемістігін жою

3.Сабақты жүйелі жоспарлау

Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісінде мұндай балаларға оқу материалын меңгерту үшін арнайы мектептер мен мекемелерде арнайы білім берудің мазмұны мен әдістерін жасау және оны негіздеу қажет. Әсіресе ауылдық жерлерде туа біткен, сонымен қатар еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан, мектепке бару бақыты бұйырмаған балалар бар. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса өз үлесімізді қосып алдымызға мақсат етіп келеміз. Әр психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл күйіне қарап, динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Баланы мектепішілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Ол үшін үйден оқитын оқушының отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе жүргізген, баланың өзіне арналған коррекциялық ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға болады.

Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:

1. Олар ойланады.

2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.

3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.

4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»

Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді. «Пілдің аяғы» жаттығуы. Мақсаты: ата-аналармен және балалардың дене деңгейінде өзара әрекеттесу; өзара әркеттесудің дағдыланған тәсілдерін сезіну, қажет болған жағдайда қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру; негізгі мүмкіндіктерді ашу; күрделі жағдайларды шешуде одан шығу жолдарын игеру; ішкі мазасыздануларды көрсету, әсіресе қоғамда қабылданған мінез-құлыққа сәйкессіздіктен туындаған мазасыздануларды, яғни түрлі қарсылықтарды көрсету.Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана- бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкес әрекеттер жасайды. Екіншісіне «Аяқты» кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.

Менің және анамның қолы. Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну. Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:

1. Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»

2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.

3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.

4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру

5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.

Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.

«Көліктер» Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту.

Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді:  барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.

«Ия-жоқ» өзін қабылдауға арналған жаттығу. Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауды қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.Ата-аналар мен балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүйеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді түрді «Ия-жоқ», «Жоқ- ия» сөздерін айтады. Жаттығудан кейін талдау жасалады: «ия» немесе «жоқ» сөздерінің қайсысын айту қиын?

Бірлесіп сурет салу. Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргізуге болмайды.

Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете алады: бірлескен, бір қатысушының екінші қатысушыны басынуы, бәсекелестік, келісім, серіктес қызығушылықтарына бағдарлану.

Баланың өзімен жүргізілетін жұмыс түрлері

Жағымды ойлауға үйрену. Жақсы нәрсе туралы ойлап, соны күту, соған сену. Өз ойыңда үйлесімділік пен тепе-теңдікті құра отырып, біз де соны өмірден таба бастаймыз.

Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу.

Сіздің саналы түрдегі Өзіңізді мейлінше жақсы емеспін деген сеніміңіз, сіздің іс-әрекетіңіз бен қылықтарыңызды басқарады да, әрдайым ол өмірде көрініс береді.

Өзіңді сүй. Біз өзімізді бар жанымызбен сүйіп және өзімізді құрметтесек, сонда өз іс-әрекеттеріміз бен қылықтарымызды қоштаймыз, біз адамдармен ең ғажап қарым-қатынас тудыра алатындай, жаңа қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беретіндей, дене салмағымызды тұрақтандыра алатындай, денсаулығымызды нығайта алатындай етіп ақылымызды нақты ұйымдастыруды құрамыз. Өзіңді қабылдау және өзіңді қоштау- бұл жағымды өмірлік өзгерістер жасаудың кілті.

Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға тырыс. Сын біз құтылуға тырысып жатқан сол ой бейнелеріне тоқтау сап қояды.

Өз жеткен биігіңізді өзіңіз теріске шығармаңыз және басқалардың теріске шығаруына жол бермеңіз. Мұны балалар керемет орындайды. Өмірдегі бар жақсы нәрсе өзіңнің сыртқы “Меннен” айырмашылығы болатын ішкі “Менді” қабылдаудан басталады. Біздің жүрегімізде барлық планетаны емдеп жазарлық махаббат жетерлік екенін ұмытпаңыздар.

Өз бойыңыздан жақсы қасиеттерді іздеңіз. Осыдан сіздің өміріңізде айтарлықтай прогресс басталады. “Мен өзімдегінің бәрін қолдаймын” деген жаттығу бар. Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым жақсы болады.

Басқалардың сіз туралы айтқанына көп көңіл бөлмеңіз. Әр адам –

қайталанбас және ерекше. Біз осы планетаға біреуге ұқсау үшін емес, өзімізді көрсету, жеткізе білу үшін келгенбіз.

Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар

“Бет-әлпетті еске сақтау” Өзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін сақтауға дағдылан. Қарап ал да, көзіңді жұм, көргеніңді түгелдей еске түсір. Толық еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет қайтала.

“Ол қалай күледі?” Бет жүзіне қарап, адамның қалайша күлетінін, жылайтынын көз алдыңа елестет. Өзінің жақсы көргенін, сүйіспеншілігін, махабатын қалай білдіреді? Абыржып, сасқан кезде қандай? Ол қулана ма, әлде сытылып, құтылып шыға ма? Қалай дөрекілік көрсетеді? Ұрсыса ма? Өкпелегенде қандай? Ол бұрын қалай көрінетін еді? Кейін қандай болады?

“Мен басқалардың көзімен” Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен өзіңнің әңгімелесушінің көзімен қарағанда қалай көрінетініңді елестуге тырыс. Сен қалай әсер етесің? Ол сен туралы не ойлайды?

“Өзіңді бағалау” Неғұрлым бағалаушы болудан гөрі, бағаланушы болған жөн. Айналаңдағылар сенен не күтеді? Оған сенімен жақсы ма? Нгер біреу қателік жіберсе, сол қателікке емес, оған өзіңнің реакцияңды қалай болатынына назар аудар.

“Көңіл-күйге ортақтасу” Жеке тақырыпта әңгімелесе отырып, өзіңмен әңгімелесушіні ұқыпты тыңдауға тырыс. Егер ол саған көңіл сырын сеніп ашса, өзіңдікін айтып жарыспа, бөліп тастама, көңіл-күйіне ортақтас, өзіңді оның орыныа қойып көр.

“Қоштау” Балаларға көз салып қара, олардың іс-әрекеттерін бақыла, оны қоштау мүмкіндіктерін жіберме.

“Күлкі” Бет-жүзіңде әрдайм күлкінің табы тұруын, жылы кейіпті, мейірімді жүзді, ақжарқын қалрыңды сақтауға үйрен. Күлкің келмесе де, оған әруақытта дайын бол. Әрдайым ішкі дүниең күліп тұрғаны жөн.

“Саған аманшылық тілеймін” Кез-келген адаммен кездескен кезде алғашқы сөзің (ішкі тілегің) “Саған аманшылық тілеймін” болуы керек. Мұны оған бар жан-жүрегіңмен сыйла! Егер сен біреумен дау-жанжалға түсіп, ұрсысып қалатын болсаң, “Саған аманшылық тілеймін” дегенді дереу есіңе түсіріп, қайталайтын бол.

“Жаңа түрге ену” Өзіңді басқа адамның орнында сезініп көр. Сен – ол екенін көз алдыңа елестет. Оның сырт келбетін тауып ал, оның ішкі әлеміне аз-маз еніп байқа. Оның жүріс-тұрысын, мимикасын, қозғалыстарын салып көр. Жаңа түрге түс, оның сезімдері мен ойларымен астасып өмір сүруге тырыс.

“Нажағай қаупі жоқ” Өзіңнің жағымсыз эмоцияңды тежеуге тырыс. Саған оны тежеу қандай қиын болса, айналаңдағыларға оны бастан кешіру сондай қиын. Ұрысысып-керіспеуді, күңкілдеп-жыламауды үйрен. Бір апта бойы барлығын кешіруге, бәрін түсінуге, ешкімді сынамауға, ескерту айтпауға, кінәламауға тырыс. Мүмкін одан да ұзағырақ осылай істерсің?

“Мен –ғажаппын!” Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.

Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.

Мысалы:

- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

- Мен ғажаппын, мен кереметпін.

- Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.

- Мен тамаша жанмын.

- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.

- Мен сабырлымын, салмақтымын.

- Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.

- Мен әділетті, адал жанмын.

- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.

- Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.

- Менің қолымнан бәрі келеді.

- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.

- Мен үшін өмірдің қызығы мол.

- Мен бәріне ризамын.

- Мен бақытты адаммын.

Ойындар түрлері

«Кімде қандай қасиет бар»

Малдың түрі бейнеленген карточкаға бала оның қасиетін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және тәкаппарлық және т.б.

«Өзің жалғастыр….»

Мақсат сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты….

Айнұр досын ренжітіп алғандай болды…

Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті….

Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өз бетінше аяқтауын тапсырып, соңынан баланың ойын талқылауға болады.

«Түспен ажырату»

Ойынның мақсаты: адамның мінез-құқын бояумен көрсетіп, жағымды, жақтарын түспен ажырату.

Жүргізуші: балаға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді.

«Баға беру»

Ойын тапсырмаға қорытынды жасап, баға беруге негізделген.

Жүргізуші баладан портретке немесе суретке қарап, ондағы адамдардың мінез-құлқын, қасиеттерін ажыратып беруді тапсырады. Балалар ойын жинақтау үшін баяу музыка қойылып, белгілі бір уақыт беріледі.

Бұл ойын баланың адамды тани білуіне, келбетіне қарап, мінез-құлқын ажырата білуіне көмектеседі.

Ойын-пантомима

Бүл ойын баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді.

Мысалы, балаға түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі:

- ауырған, немесе шаршаған шешесін баласы қалай аялайды;

- оқушы қартты жолдан қалай өткізу керек;

- әжесінің алдында бала өз кінәсін қалай жуып-шаяды;

- ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласарын білмейді.

Жанұя мүшелерінің көмегімен музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді.

Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша мәтіндер құрастарады.

Ойын «Өз есіміңді ерекше ата»

Адамның есімі-оның бетке ұстар құралы.Біздің есімдеріміз өмір

бойы бізбен бірге,олар біздің мінезімізге,сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады.

Кәнеки,өзіміздің есімімізді еркелей әрі ардақтап айтып көрейік.Жаттығып алайық.

Мұғалім баланы ортаға шақырады. Бала өз есімін атаған кезде қандай сезімде болғанын сұрауға немесе осы айтқандарын қағаз бетіне түсіруіне болады.

Қорыта айтқанда: Психологтар «Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» қағидасын бекем ұстанайық.. Өздері кемтар болып келген баланың көңіліне кірбің түсірмейік. Мен сабақ беретін оқушы 11-сыныпта оқиды. Мені оның алдағы өмірі ойландырады.?

Осы жұмысымды қорытындылай келе мынадай ұсыныстар жасағым келеді.

1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың (аудан көлемінде) кәсіптік білім алуына мүмкіндіктер жасалса

2. Ауылдық жердегі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан әлі де болса көмектердің ұйымдастырылуы аса қажет.

3. Осы топтағы баланың ата-анасымен, балаға көбірек көңіл бөлініп, ұдайы қамқорлыққа алынса

4. Ауылдық жердегі мектепте даму мүмкіндігі шектеулі жоғары сынып оқушысына ағылшын тіліжүргізіледі, неге орыс тілі пәні оқытылмасқа? Әрине бұл ұсыныстар аз, дегенмен ауылдық жердегі осы топтағы балаларға аса мән берілсе…

Даму мүмкіндігі шектеулі баламен сабақ жүргізгенімде ол өз арманын мына өлең жолдарымен жеткізген еді.

Дәрігер болу арманым

Болашақтағы ал менің

Дәрігер болу арманым.

Тигізіп көпке жәрдемін,

Белгілі қарап қалмағым.

Жылаған балғын бөбек пен,

Қиналған ана болмасын.

Жебесін көп жан көмекпен.

Құдайым жебеп қолдасын.

Мақсатты биік бәрінен,

Қияны іспен шоламын.

Болашақ күнде әлі мен,

Жақсы бір тұлға боламын.

Елбасым өзі бастаған,

«Нұр Отан» алсын жүлдесін

Мен неге жасып жасқанам,

Отаным жайнап гүлдесін.

  • magan psiholog kerek habalasinizdar facebook.com/seribol.aimuhan

  • сәлеметсіздер ме баланы кіш кене күнінен дұрыстәрбиелеү керек деп ойлаймын сонда қоғамның жақсы баласы шығады

  • жас өспірімнің жақсы адам болып қалыптасатын кезі 16,18,осы сәт ең үлкендердің көмектесетін кезі

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s