Variativ


Ы.Алтынсарин орта мектебі

Биология пәні бойынша бағдарлама

10- сынып

Бағдарлама авторы:   Нағанова Н.С

Қызметі:     биология  пәнінің мұғалімі

Мекен-жайы:

Қостанай облысы

Аманкелді ауданы

 

 

 

 

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

_____________ Ғ.А.Әлмағамбетов

«______»  ____________ 2010 ж

 

 

 

«Келісемін»

Оқу ісінің меңгерушісі:

_____________ Т.Е.Құсайынова

«______»  ____________ 2010 ж

 

 

 

 

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы

10 «б» сыныбына арналған қолданбалы курстың

Күнтізбелік жоспары

Тақырыбы :    Медициналық биология

Нағанова Н.С

Бағдарлама жасаушы:   биология  пәнінің мұғалімі.

2010-2011 оқу жылы

Түсінік хат

 

Қазіргі кездегі мектептерді дамыту бағыттарының бірі- білімді саралау болып табылады. Ол пәнді тереңдетіп оқытуға, арнайы және бағдарды сыныптарды оқытуға негізделген. Базалық деңгейдегі оқу материалдарының  мазмұнына  болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын, биологиялық мәдениетін көтеруге ықпал ететін маңызды білім мен біліктіліктер енгізілген. Бағдарлы деңгейде оқушылардың биологиялық мәдениетін қалыптастырушы білім, біліктіліктермен қатар, олардың білімін ары қарай жалғастыруға және кәсіби мамандыққа даярлауға қажетті білім мен оқушылардың жеке тұлғалық іс-әрекетіне көп көңіл бөлінген.

«Биология» оқу пәні ретінде, табиғат пен қоршаған ортаның  және қазіргі дүние бейнесінің заңдылықтарын танып білудегі химиялық, географиялық, физикалық және басқа да білім салаларымен тығыз байланысты күшейтуге жағдай жасайды.

Бағдарлы білім беру бағдарламасы оқушылардың бойында біртұтас дүниетанымдық ұстанымды дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың жоғары деңгейдегі жалпы мәдениетті және өз бетінше және кәсіби бағытын анықтайтын білім, дағды жүйелерін меңгеруге талпыныс жасауын қолдайды.

Білім беру бағдарламасының мазмұны  биологиялық ғылымның негізгі категорияларын қарастыруға, мектептің бастауыш сатысында алған алғашқы биологиялық мәліметтерді  теориялар шеңберінде жүйелеуге бағытталған және де оқушыларды биологиялық білімнің дамуымен, оның қазіргі ғылымдағы орнымен және рөлімен таныстырады.

 

 

Курстың мақсаты:

Оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау.

 

Курстың міндеттері:

Медициналық биология ғылымының негізгі қағидаларын, ағзалардың тіршілік әркеттерін, олардың жеке және тарихи дамуы, жүйесі, құрылымы , қызметі, адам әркетінің медициналық биологияда болатын өзгерістерге әсері туралы білімді қамтамасыз ету.

Оқушылардың жалпы дүниетанымын қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды , заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу.

Пәнаралық байланысты қалыптастыру.

Практикалық, зертханалық жұмысты орындау барысында теориялық білімді пайдалану.

Медициналық биология заңдылықтарын түсіндіру барысында күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Мазмұндық және нормативті бөлім

  1. 1. Медициналық биологияға кіріспе
  2. 2. Медицина ғылымын зерттеген ғалымдар

3 . Жұқпалы аурулар

4-5.Тұқым қуалайтын аурулар

6. Генетика

7. Генетикалық инженерия

Тақырыптық жоспар.

«Медициналық биология »

10 сынып. Сағат саны – 34, аптасына – 1 сағат.

Сабақтың  тақырыбы Са-ғат саны Уақы-ты
І тарау.

1 бөлім. Медициналық биология (4 сағат)

1 Кіріспе 1  
2 Медицинаның даму тарихы 1  
3 Медицина ғылымын зерттеген қазақстандық ғалымдар 1  
4 Медицина ғылымын зерттеген шетелдік ғалымдар 1  
2 бөлім. Медициналық генетика (7 сағат)
5 Медициналық генетика 1  
6 Жаңа ұғымдар мен терминдер 1  
7 Қазақстанда генетика ғылымының дамуы 1  
8 Жыныс генетикасы 1  
9 Адам генетикасы 1  
10 Практикалық жұмыс №1 1  
11 Денсаулықтың генетикалық негіздері 1  
ІІ тарау. Жұқпалы   аурулар (8 сағат)
12 Адам мүшелері ауруларының алдын-алу.Гигиена 1  
13 Жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар 1  
14 Адам ағзасының жеке дамуындағы физиологиялық өзгерістер 1  
15 Адам ағзасының әр түрлі климаттық жағдайларға бейімделуі 1  
16 Адам қорғаныш тапшылығының қоздырғыштығы (ВИЧ)

 

1  
17 Иммунитет 1  
18 Ұрықтануға зиянды заттардың әсері 1  
19 Адамның мінез-құлқы, қозу мен тежелу 1  
ІІІ тарау. Тұқым қуалайтын  аурулар (5 сағат)
20 Тұқым қуалайтын аурулар 1  
21 Хромосомалық аурулар 1  
22 Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу 1  
23 Туыстық некенің тиімсіздігі 1  
24 Практикалық жұмыс №2 1  
ІҮ тарау. Тұқым қуалаушылық (1 сағат)
25 Адамның тұқым қуалаушылығының зерттеу әдістері 1  
Ү тарау.  Генетика(4 сағат)
26 Генетика 1  
27 Генетика эволюциясы 1  
28 генетикалық карталар 1  
29 Практикалық жұмыс №3 1  
ҮІ тарау.Генетикалық инженерия (1 сағат)
30 Генетикалық инженерия 1  
ҮІІ тарау.Өзгергіштік  (4 сағат)
31 Өзгергіштік 1  
32 Популыция және оның генетикалық құрамы 1  
33 Практикалық жұмыс №4 1  
34 Қорытынды сабақ 1  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық бөлім

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. «Биология салауаттылық негізі» әдістемелік журнал

 

  1. Қазақстан Республикасы энциклопедиялық анықтамалық

 

  1. Ақпараттық желі

  • Айгүл сәлеметсіз бе? Бізге сіздің осы курс бойынша сабақ жоспарыңыз қажет болып тұр. Хабарлассаңыз жақсы болар еді.erke_musina@mail.ru

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s