Аяласаң, табиғатты аяла


Айдарбаева Гаухар Болатқызы

Экологиялық кеш


Сабақтың тақырыбы: «Аяласаң, табиғатты аяла»

Сабақтың мақсаты: Халықтың бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты. Адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы. Сондықтан да адамның табиғатты ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр. Осы тәрбие сағаты арқылы оқушыларды атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан табиғатты көзінің қарашығындай сақтау керектігін сезіндіру. Ол үшін қазақ халқының халық педагогикасындағы асыл мұраларды осы тәрбие сағаты арқылы түсіндіру, табиғатқа деген адамгершілігін ояту.

Көрнекілігі : Табиғат туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

1-жүргізуші:

Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген.

2-жүргізуші:

Халқымызыдың мақтанышы болып отырған ғалым Ш.Уәлиханов «Табиғат пен адам! Өзіңізт айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттың кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасаттыру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі» деп, атап көрсеткен.

Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерлі «әулие-бұлақ», «әулие-ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

 

Ән «Атамекен».

1-оқушы: Қасиетті сөз бар еді «Кие» деген,

(Күйеліге жоламас күйе деген).

Жерін, елін, Отанын сүйетіндер,

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді ерен.

Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген.

Көкті жұлма болады обал деген!

Ата-анамыз жыланға үйге келген,

Ақ сүт құйып басына «жоғал» деген.

 

Көрініс. «Төле би – Жоңғар әскер басы»

Автор:

Ертедегі жоңғар шапқыншылығы кезінде ел, жерінен босып, қаша жөнелген кезде Төле би үйін жықпай, жұртта қалып қойыпты. Бұны қалмақтың әскер басы көріп: «Ей, Төле би! Жау шапқанда ел-жұртың босып, соқа басың қалғаныңа жол болсын, бұл ісіңді қалай түсінеміз?»

Төле би: «Жалбарынар жайым жоқ жан алдында,

Балапандар бар қанша қарауымда,

Сол жетімдер ұшуға жарағанша,

Сыртқа шықпай тұрамын қарауылдап.

Қарлығаш би атандым сол үшін де,

Осылармен бір менің өрісім де.

Батыр болсаң, жайратып жүре берсең,

Жалғыз шалды кездескен жау үстінде.»

Қалмақ әскер басы: «Уа, данышпан, адам баласы сүйсінер ер қасиетіңе ризамын. Бұл ісің үшін саған және сенің балапандарыңа тиісу күнә болар.»

 

Автор: Әскер басы осы сөзді айтып өз жөнімен кетіпті. Содан халық Төле биді «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп атап кетіпті.

2-жүргізуші:

Табиғатқа байланысты халық даналығы  ырымдар мен тыйымдар.

  1. Ұя бұзба
  2. Суға түкірме
  3. Жас шыбықты кеспе
  4. Құмырсқаның илеуін бұзба
  5. Аққуды атпа

 

2-оқушы:

Бабалардан қалған сөз,

Дей көрмеңдер : «Жалған сөз!»,

Баршаға бар пайдасы,

Бабалар құп алған сөз!

Сақта сөзімді есте,

Өсіп тұрған далада

Жалғыз ағашты кеспе!

3-оқушы:

«Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме!» — деп

Ұрсушы еді менің анам күйгелек.

«Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын,

Шыққанымда «тұлпарымды» сүйрелеп.

«Ұя бұзба, бұзба» — деймін балама

Өсиетің қандай ғажап, жан ана!

Тал-теректі тамырынан қиятын

Тас жүректер әлі де көп арада.

-Бұзба! – дейді аспан түгел, жер түгел!

Сол өтініш адамды еске келтірер,

Анам болып Ұлы Отаным сөйлейді:

-Бұзылмасын дүние түгел, жер түгел!

 

4-оқушы:

Шымды жерде көресіз қара топырақ,

Шіріген шөп, тозаңнан болған құрақ.

Егер оған дым тиіп, күн жылытса,

Жан кіріп, шөп шығады, гүл, жапырақ

 

Көрініс:

Данышпан : Құмырсқа, мен саған бір жылға жететін бір дәнмен қораптың ішіне саламын. Бір жылдан кейін келемін, дәнің бар жейтін, қамсыз жата бер.

Автор : Данышпан құмырсқаның азықтың қалай үнемдейтіндігін білгісі келеді де, бір жыл өткен соң қайтып келіп, қорапты ашып құмырсқаның өлі-тірісін білмек болады. Қарасы құмырсқа тірі екен.

Данышпан : Ей, құмырсқа, сен жылына бір дән жеймін деп едің ғой, мына дәнді түгел жемей, жартысын қалдырғансың. Не себептен солай үнемдедің?

 

Құмырсқа : Айтқаның дұрыс, мен жылына бір дән жеймін, ол рас. Ал сен болсаң мені қорапқа салып, қашып кеттің, сыртқа шыға алмадым. Егер сен мені бұл қамаудан босатуға ұмытып кетсең, тағы да бір жыл жататын едім. Бір дәнді түгел жеп қойсам, аштан өлетін едім. Соны ойлап қанағат еттім.

Автор: Данышпан құмырсқаның шыдамдылығы мен тастай берік қанағатына қайран қалыпты. Содан кейін данышпан қанағаттың қасиетін, үнемдеудің сырын адам баласына үйретіпті.

1-жүргізуші :

Өсімдік ішсе тамақ, кисе киім, саялы баспана, күнделікті қару-жарағы, малына өріс, өзіне қоныс болған.

 

5-оқушы :   Жаның сая табатын

Орман болған бұл ағаш.

Қорыққанда жалғызға,

Қорған болған бұл ағаш.

Нәсіп болған бұл ағаш,

Бесік болған бұл ағаш.

Найзасына батырдың

Сап та болған бұл ағаш.

Қаріп пенен кесерге

Қуат болған бұл ағаш

6-оқушы :   Киінген келіншектей оқалы орман,

Гүлді орман жанға сая, малға қорған.

Бабамыз бауырнда малын бағып,

Үй салып, құрық алып, уық жонған.

Осында табиғаттың бар асылы,

Көркейген келбетімен дала сыны.

Ақ қайың, жасыл желек қарағайлар,

Секілді-ау көзіміздің қарашығы.

 

 

 

1-жүргізуші :

Ертеден қалған өсиет сөздерде «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрапағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған.

7-оқушы : — Құсың қайда қарағым-ау?

- Атпадым…

- Көп еді ғой көлде де құс…

- Көп екен.

- Неге атпадың?

- Түк дәлелім жоқ екен.

- Атуға сен қимадың ба?

- Қимадым.

Туған жердің құстарын да сыйладым.

8-оқушы :   Көз алдымда жатты талай сұлулар,

Қайта оларды тірілтетін кімің бар?

О, дамдар, тағыларға жем етпей,

Сұлулықтың күзетінде тұрыңдар.

 

2-жүргізуші :

 

Біздің міндетіміз :

 

Хормен :              Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу – парыз,

Қасиетін ұғу – парыз,

Күзетінде тұру – парыз!

  • оте жаман сайт унаган жок

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s